Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет106/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

IV ТАРАУ
Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары
барша байлық күштілердің қолына шоғырланып, мүмкіндіктері әлсіздердің 
халықаралық көлемдерде жағдайларының нашарлай беруі қоғамдараралық 
және мемлекеттераралық қатынастарды қиындатып, екі тарапты да үлкен 
қатерлерге ұрындыруы мүмкін.
Демек, халықаралық ықпалдастықтағы демократияландыру мен адам- 
гершілік ұстанымдарды мұрат ету мен ымырашылық, әсіресе, өзінің ұйым- 
дасуы деңгейінде әлемдік текетірестерді жоққа шығаратын идеология мен 
технологиялық мүмкіндіктерден көрініс бергенде оң нәтижелерге қол жетпек.
 
Егер ымырашыл, адамгершілік ұстанымдарын мұрат еткен мемлекеттер 
қоғамдағы байлар мен орта дәулеттілердің және кедейлердің арасындағы 
айырмашылықтарды жоюға күш салып, әлеуметтік-саяси болмыстың негізгі 
факторы ретінде орта дәулеттілердің рөльдерін күшейтуге ықыласты болса, 
онда мұндай ұстанымды осынау ықпалдасуды іске асыруы тиіс бүкіләлемдік 
ықпалдастықтың, халықаралық ұйымдардың барлық деңгейлерінде қолданатын 
болса, нәтижесінде деңгейлер аралық айырмашылықтарды біртіндеп жою 
жөніндегі әлемнің орташа дамыған елдерін күшейту саясаты өз жемістерін беруі 
қажет (14, 218). Біздің пікірімізше, түркі елдері кіретін әлемдік мемлекеттердің 
жаңа толқынының даму мақсаттары әлемдік қауымдастықтың осы үрдістерінен 
еселей күш алуы керек. Қазіргі кезеңде әлемнің барша саяси субьектілері мен 
тиісті халықаралық ұйымдары кіріп отырған Біріккен Ұлттар Ұйымы дамуы 
түрлі деңгейлердегі мемлекеттерді ынтымақтастыру ісін жүзеге асырып, осы 
тәжірибе мен ұстанымдарды қолдап, өзі де тұрақты түрде кеңейе түсуде (15, 219). 
Әзербайжан Республикасы өз тарихында
 
алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 
Тұрақты емес мүшелігіне өтті. Заманауи халықаралық жүйенің пирамидалды 
құрылымына сай күштер теңгерімі «үстем күштер», «орта күштер» және «шағын 
күштер» аталатын (268, с.279-280) үлгілеріндегі бөліністерге ие. Дегенмен, 
иерархия түріндегі мұндай бөліністер дамыған, дамып келе жатқан және баяу 
дамыған елдер түріндегі иерархиялық деңгейлерге ие. Десек те, бұл бөліністер 
халықаралық саясат пен Халықаралық құқық ұстанымдары бойынша дамуға 
серпін беріп, елдердің өркендеуіне қозғаушы бола алмайды. Дегенмен, жаңа 
әлемдік тәртіпті әлсіздердің күштіге бағынуы секілді көне ереже негізінде емес, 
керісінше, халықаралық субьектілердің құқықтық теңдігі ұстанымдары негізінде 
құруға болады. Міне, нақ осындай тәртіп, әлем дамуының жаңа сатысына 
көшуді қамтамасыз ете алады

Сондықтан, бүкіләлемдік ынтымақтастық өз 
басымдықтарында халықаралық бірлестіктер тарапынан ғаламдық басқару 
мен ғаламдық саясатта жаңа үлгілерді қабылдаудың қажеттілігін тұтынады. 
Батыс сарапшыларының өздері де «ғаламдық саяси жүйені қайта қарау» 
қажеттігі барлығын мойындауда (16, 220). Неге десеңіз, «Еуропа басымдығы 
саясатын» рәсімдеу үшін бірде-бір құқықтық негіз қалған жоқ. «Өңірлік 
мемлекеттер» «ұстанымына негізделген «Агусбургтік діни әлем»
 
(1555 жыл), 
«Вестфаль бейбіт келісімі» (1648 жыл) Еуропаның өзі үшін де бүгінде өздерінің 


179
Бүкіләлемдік интеграция: басымдықтарды қайта бағалау
маңыздарын жойды. Неге десеңіз, «Еуропа отары» негізіндегі жоспар мен 
әлемді басқару оны алға бастау емес, өткеннің құшағында жоғалып кету деген 
сөз. Мұндай қадамдар фрагментация мен әлемдік ынтымақтастық арасында 
шиеленістер тудырып, ғаламдық саясатты тығырыққа тірейді. Жаңару үстіндегі 
әлем халықаралық жүйенің дамуы үрдістерінде саяси субьектілердің жоғарғы 
деңгейдегі ұймдасқан қалыптарын талап етеді. Ғаламдық дүниені басқару 
ережелер жасау ұстанымдары плюралистік сипатқа ие және басқарудың жаңа 
тәсілдері иерархиялық көпвекторлыққа ауысады
 
(270,с.37). Бұл жерде «қарым-
қатынастар полифониясын» есепке алу әлемнің әр елінің ғаламдық саясат пен 
басқарудың тұғырындағы ұлттық мүдделерін білдіреді. Ғаламдық басқарудың 
негізгі міндеттерін (17, 221) өзіне алған мемлекеттераралық халықаралық 
ұйымдар «баламалы саяси, экономикалық үлгілер» көмегімен оны «ұлтүстілік 
ақиқатпен» қамтамасыз ете алады (219.с.171-176).
Ғаламдық деңгейде азаматтық қоғам құру үрдістері, әлбетте, «ұлттық 
азаматтық қоғамды» дамыту кезінде «космополиттік мүдделерден» жоғары 
тұратын болса ғана мүмкін болары ақиқат. Халықаралық саясаттың әдепнама- 
сы «демократияның ұстамсыздығын» емес, оның ғаламдық саясат кеңістігінің
әр нүктесінде орналасуын талап етеді. Бұл жерде ең бастысы – жергілікті жағ- 
дайлар мен ұлттық-этникалық ерекшеліктерді ескеріп отыру. Басымдықтарды 
бағалау кезінде нақты жағдайға байланысты баға өлшемі берілетіндіктен, бұл 
мәселе маңызды саналады. Түркі қоғамдарында әр қашанда әлемге ашықты- 
ғымен көрініс беретін ерекше қасиеттерге космополитизм мен жалпы адамзат- 
тық құндылықтар ерекше қасиеттерге иелігінен, осынау қоғамдардың әлемдік 
қауымдастықпен ықпалдасуы тек қана саяси-экономикалық қажеттіліктерден 
ғана туындамайды (18, 222). Бұл ақиқатында ішкі ұлттық-әлеуеметтік 
психологияның сұранысы нәтижесінде де жүреді. Еуразияның қамтитын 
әлемдік ынтымақтастық түркі мемлекеттерінің ішкі ықпалдастықтарымен де 
сабақтасып, нағыз ғаламдық бірліктің үлгісіне айналады...


180


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет