177
Бүкіләлемдік интеграция: басымдықтарды қайта бағалау
Еуропа айналасындағы мемлекеттер аралық қарым-қатынастарға қатысты
мәселелерін үйлестіре отыра, Еуропа төңірегіндегі тұрақтылық пен құрлықтағы
қауіпсіздікке кепілдік беруде. «Паназат өңірі» құрған Одақтар – Азияның 10
елі кіретін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Қауымдастығы мен Азия-Тынық
мұхиты аймағының экономикалық ықпалдастығы,
ASEAN өңірлік форумы,
ASEAN еркін экономикалық аймағы, Шанхай Ықпалдастық Ұйымы еркін
экономикалық аймақтардағы құрлықтардың мүдделеріне көбірек көңіл бөле
отыра, сонымен қанаттас өз алаңдарында көп түрлілікке, идеологиялық
алуандықтарға, сонымен қатар ұлттық және субөңірлік бәсекелестіктерге
орын береді (200,с.24). Мысалы, Қара теңіз экономикалық Ықпалдастығының
Ұйымы
мен құрамына Грузия, Украина және Молдова елдері және екі түркі
мемлекеті – Әзербайжан мен Түркия да кіретін демократия мен экономикалық
даму Ұйымы өзара ықпалдастық жөнінде шығыс Еуропа, Кіші Азия мен Кавказ
өңірлері елдерімен де қарым-қатынастарын қалыптастыруда (12, 216). Барша
түркі мемлекеттері, яғни Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан мен
Түрікменстан және Қырғызстан құрамына әлемнің 57 мемлекеті кіретін Ислам
Ықпалдастығының ұйымына мүше. Халықаралық саяси-экономикалық жүйе-
нің дамуында маңызды рөль атқаратын өңірлік және ғаламдық бірлестіктер
бүгінде әлемдік экономиканың қозғаушы күшіне айналып отыр. Атап айтқанда,
сауда, инвестициялық және баспа-бас айырбас
операцияларының басым
бөліктері осындай бірлестіктер күшімен жасалады. Мысалға Еуропадағы
өңірлік сауданың 55,2 пайызын Еуроодақ жүзеге асыруда. Ал, Америкадағы
өңірлік сауданың 51,7 пайызын еркін сауда жөніндегі Солтүстік америкалық
келісім ұйымы жүзеге асырып отыр. Азия-тынық мұхиты өңіріндегі сауда
операцияларының 20,4 пайыз үлесі ASEAN Еркін Сауда Аймағының құзырында.
Тынықмұхит аумағы экономикалық ықпалдастығы ұйымының бұл саладағы
үлесі 59,7 пайыз (293,с.443)
Әлемдік ықпалдастықтың басымдықтарына баға бере келе, оның өңір мен
ғаламдық үрдістерді қарама қарсы қоймайтын дұрыс дамуы бағыттарына ерекше
назар салғанымыз жөн.
Неге десеңіз, бұл мәселеге әлемдік капитализмнің
дәстүрлі кертартпалық көзқарастары халықаралық саясат пен либералды
ғаламдық экономиканың көзқарасынан мүлдем өзгеше (13, 217). Егер, бірінші
ұстаным екіншісінен мүлдем өзгеше болса, дамыған және дамушы, сонымен
бірге әлсіз дамыған елдер олармен қатынастарын бұл сатылардағы иерархияның
негізінде
өз қатынастарын құрып, екінші ұстаным өз жұмысының тұғырын
әлемдік дамуға бағыттап, осы негізде нашар дамыған елдерді өркендетуге
қатысты өңірлік және ғаламдық ықпалдастықтарды табуға күш алып отырғанын
пайдалануда. Былайша айтқанда, әлемдік экономиканың көшбасшылары мен
соңында қалушылар арасындағы жер мен көктей алшақтық түптеп
келгенде
бір уақыттарда өздеріміз көріп отырғандай, дағдарысқа әкеліп соғатын болады.
Бұл барынша дұрыс ұстаным. Неге десеңіз, ғаламдық кеңістікте әлемдегі