Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет115/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

IV ТАРАУ
Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары
Кеңестер Одағы «Батыс қабырғаны» бекіте түсу үшін Шығыс Еуропаны 
советтендіру саясатын таңдап алды. Өзі грузин болғандықтан, Сталинді 
солтүстік пен оңтүстік Әзербайжанның болашақта бірігіп кетуі толғандырмай 
қоймағаны ақиқат. Егер, екі ел қосылған жағдайда Әзербайжан халқының саны 
артып, Кавказдағы одақтас үш мемлекеттің «геосаяси теңгерімі», яғни тепе-
теңдігі бұзылған болар еді. Егерки, аталған оқиғалар Оңтүстік Әзербайжанның 
автоноиясына әкелгенде кеңестер Одағы құлаған соң, Әзербайжан Респуб- 
ликасы біртұтас әрі тәуелсіз үлкен мемлекет болар еді. 1979 жылы Иран Ислам 
Революциясы болып, оңтүстіктегі әзербайжандардың ұлт-азаттық қозғалысы 
тағы да тарих сынағына түсті. Онда алдыңғы сапқа насихат шығып, ұлт-азаттыққа 
ел назарын аударған газеттер мен журналдар әзери тілінде шыға бастады. Одан 
кейінгі жылдарда Оңтүстік Әзербайжанда жаңа заманға лайықты ұлт-азаттық 
қозғалысының үрдістерін жүзеге асыратын үрдістер замана қажеттілігіне 
айнала бастады. Иран Әзербайжанындағы оқиғалар кеңестік Әзербайжанда да 
өз толқынын туғызғанын мақтанышпен айта аламыз.
1971 жылы Әзербайжан жазушылары одағының 7-ші сьезінде жалпы ұлттық 
көшбасшы Гейдар Әлиевтің де екі Әзербайжанның арасындағы байланысты 
нығайта түсу керек деген сөздері тұңғыш рет халықаралық деңгейде әлем 
назарын аударды. Бұдан соң Гейдар Әлиевтің шетел дипломаттарымен «мен 
болашақта екі Әзербайжанның бірігеріне сенемін» деген сөзі Лондонның аса 
ықпалды «Тhe times» газетінде жарияланды (302.191б). 1982 жылғы Гейдар 
Алиевті тарихта тұңғыш түркі ретінде ең жоғарғы лауызымға, КПСС Орталық 
Комитеті Саяси Бюросының мүшелігіне және КСРО Министрлер Кеңесі 
Төрағасының бірінші орынбасарлығына тағайындау, Әзербайжанның өзінің 
тарихи-ұлттық проблемаларын шешумен айналысуына жол ашты. Сол уақыттың 
мүмкіндіктері шеңберінде Түрікманяай шартының әділетсіздігі туралы 
ақиқаттар әлем жұртшылығына кеңінен тарады. 1959 жылы «Гүлстан» атты 
саяси поэма жазған Бахтияр Вахабзаде ол шығармасын Саттархан мен Шейх 
Мухаммед Хиябаниге арнап, 80-жылдардың соңында солтүстік Әзербайжан- 
ның тәуелсіздігі жолындағы қозғалыстың жетекші қайраткерлерінің біріне 
айналды. 1970-80 жылдардағы Араздың екі қапталындағы (оңтүстікте-
парсылануға, солтүстікте-орыстануға) қарсы әзербайжандардың «біртұтас 
Әзербайжан» идеясы жолындағы күрестері үдей түсті. 
Әсіресе, бұл қозғалыстар Иран билігін қатты алаңдатты.Сондықтан, Иран 
мен Кеңес ғалымдарының өздерінің бірлескен еңбектерінде Әзербайжанның 
жергілікті тұрғындарының әуел баста иран тілді болғанын, тек артынан 
түркі мемлекеттерінің ықпалымен түркі тілді болып кеткенін және осынау 
тұрғындарды туған тілдері-фарсы тіліне оралту керектігін дәлелдеуге тырысуы 
тегін емес еді. Олар бұл үшін арғы тегі әзербайжан емес, тебриздік ғалым Ахмед 
Кесревидің (249) еңбектерін мысалға келтірді. Неге десеңіз, Ахмед Кесреви 
ХХ ғасырдың бірінші жартысында қазіргі Әзербайжанның аумағы тарихи 


197
Біртұтас түркі әлеміндегі оның құрамдас бөлігі бірегей Әзербайжан...
жағынан Албания және Аранмен байланысты еместігін дәлелдеген-мыс. Оның 
айтуынша, солтүстік Аразды әзербайжандық деп Осман жаулап алушылары 
атапты. Большевиктер болса, осы дәстүрді жалғастырған. Әзербайжандағы 
қазіргі тіл олардың ана тілдері емес. Әзербайжан болса ықылым замандардан 
бері Иран мен оның ұлттық қозғалысының (әзербайжан мәселесі, яғни Оңтүстік 
Әзербайжан мен Солтүстік Әзербайжанның тәуелсіздіктері) бөлінбес бөлшегі 
болған. Қалғандарының баршасы империализмнің әзәзіл сандырағы деп жазады 
әлгі ғалымсымақ. Бұл тұста егер туған тілді бұл ғалым айтқандай оп-оңай 
ауыстыру мүмкін болса, Иранның түркі-әзербайжандары неге 200 жыл бойына 
халқы тек парсы тілінде ғана сөйлейтін Иранда, бұл елде өз ана тілдерінде 
бірде-бір мектеп болмаса да, туған тілдерін ұмытпаған екен. 
Дегенмен де, империалистік пиғылдың салдарынан Әзербайжан екіге 
бөлінген деген ой кеңес жүйесіне жақты. Бұл мәселеге қатысты нағыз ақиқат та 
бүгіндегі Әзербайжан Республикасының егеменді ел ретінде тарих аренасына 
қайта оралуымен ашылып отыр. Солтүстік Әзербайжанда тәуелсіз Әзербайжан 
мемлекетінің туының желбіреп тұруы оңтүстіктегі әзерилерді де тәуелсіздікке 
қанаттандыруда. Бүгінде оңтүстік Әзербайжандағы ұлт-азаттық қозғалысының 
толқындары шекара бағанын бұрынғыдан да күштірек соғуда. Бұл қозғалыс 
барған сайын Иранда ұйымдық жағынан беки түсіп, азаттықты қолдаушы 
демократиялық мемлекеттердің күшімен әзерилер мен түріктердің бірлесуі 
жолындағы қызметтерін ықпалды ете түсуде. Осынау ұйымдардың арасында 
жетекші ретінде Оңтүстік Әзербайжанның оянуының Ұлттық қозғалысы 
ерекше көзге түсуде. Оны 1995 жылы профессор Махмудали Чехраганлы 
мен оның мұраттас серіктері астыртын құрған болатын. Бұл ұйым да ауыр 
күндерді басынан кешіріп, тұтқындау мен қудалауды көп көрсе де, Оңтүстік 
Әзербайжанның азаттығы жолындағы қозғалыстың іргетасы мен оңтүстіктегі 
түркі идеясының тарауына керекті тағанды қалай алды. Махмудали Чехарганлы 
бүгінде бұқаралық акциялар мен қарсылықтарға және ағартушылық 
қозғалыстарына басшылық жасауда.
Иранның ұлттың құқықтарына қатыстының баршасына төзімсіздігін 
еске ала келе, осы елдің өз ішінде бұл қозғалыс Оңтүстік Әзербайжанның 
Ұлттық қозғалысы деп аталады. Десек те, бұл ұйым Ирандағы миллиондаған 
тілектестерімен жақтаушылары бар және өз төңірегіне түркілік жаңғыру мен 
өркендеудің идеяларына арқа сүйеген жүздеген ғылыми-әдеби, ұлттық-мәдени, 
қоғамдық-саяси ұйымдарды біріктіріп отырған үлкен демократиялық және ірі 
қоғамдық-саяси ұйым саналады. Оның ондаған белсенді мүшелері Тегеран 
режимінің құрбанына айналды, ал жүздеген мүшелері мен жақтастары қазір 
Иран түрмелерінде отыр. Қозғалыстың орталық штабы Оңтүстік Әзербайжанда 
орналасқан және ел аймақтарында комитеттері мен бөлімшелері жұмыс істеуде. 
2002 жылдан бастап аталмыш қозғалыстың шетелдік өкілдіктері де ашылды. 
Бүгінде оның 24 өкілдігі шетелдерде қызметтерін жасауда. Ондай өкілдіктер 


198


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет