V ТАРАУ
Мызғымас тұғыр негізінде
басшыларын одан да ауқымды да үлкен жұмыстарға жетелейді. Қырғызстан
Президенті осынау жүйенің мүшелері-мемлекеттер арасында гуманитарлық
салалардағы байланыстарды тереңдете түсу үшін не істелгенін сөз етті. Өз
сөздерінде Түркияның, Қазақстанның және Әзербайжанның да басшылары
мемлекеттер аралық қарым-қатынастардағы көптеген маңызды мәселелерге
тоқталысты. Мысалы, Әзербайжан үкіметінің басшысы түркі тілдес мемлекеттер
ынтымақтастығының одағына мүше мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың
өсе түскенін атай келе, ағымдағы жылда олар мен Әзербайжан арасындағы
тауар айналымының 55,56 пайызға өскенін атап өтті.
Талқылау барысында түркі тілдес мемлекеттер одағы кеңесінің аясында
мәдениет, білім беру салаларын игеру және бірегей әліппи мен арнайы
оқулықтар жасау істерін қолға алу мақсатында осы кеңестің Түркі академиясы
туралы сөз болды. Түркі тілдес мемлекеттер одағы кеңесінің тарихи осынау
саммитінде оған мүше-мемлекеттер арасында төрт құжат қабылданды,
олар: Түркі мәдениеті мен мұрасының жалғасы, түркі тілдес мемлекеттер
ықпалдастығының кеңесі хатшылығының қаржылық ережелері жөніндегі
жарғысы, Түркі академиясын құру туралы келісім, сондай-ақ жоғары деңгейдегі
екінші түркі кеңесінің декларациясы қабылданды. Түркі мемлекеттерінің
арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастардың заңды жалғасы
ретінде гуманитарлық қатынастар саласы да кеңейе түсуде. Осы күндерде
түркі әлемінің санаткерлерінің бірлескен қызметтерінің арқасында Түркиядан
Қазақстанға дейінгі аралықта кең ауқымды ұйымдастыру жұмыстары басталып
кетті. Бұл ретте әр жеке түркі тілдес мемлекетте болсын, немесе баршасын қоса
алғанда да түркі өркениеті мен олардың ұлттық мәдениеттері мәселелерімен
айналысатын гуманитарлық орталықтар жұмыс істеуде. Олар TURKSOY-
Түркі Мәдениетінің Халықаралық Ұйымы, ВАКФ Түркі әлемін зерттеу
орталығы, TIKA-Үйлестіру мен ынтымақтастық жөніндегі түркі агенттігі,
Түркі халықтарының бүкіл әлемдік ассамблеясы, Түркі өркениетін зерттеу
орталығы, TUDEV–Түркі мемлекеттерінің ВАКФ-ы және достық, туысқандық
қоғамдастығы ынтымақтастығы, Түркі тілдес мемлекеттердің саясаттарын
қолдау қоры, TASAM-стратегиялық зерттеулердің Түркия-Азия Орталығы,
Түркі әлемі журналисттерінің бірлестігі, Әлемнің жас түркі жазушыларының
бірлестігі, Түркі әлеміне туыстас қоғамдар қызметтерінің үйірмесі, Түркі әлемі
муниципалиттетерінің бірлестігі және өзге де құрылымдар.
Бұл ұйымдар әр түрлі бағыттардағы түркі әлемінің бірлігіне қатысты насихат
қызметтерін-халықаралық кеңестер өткізуден, кітап бастырудан, журналдар,
альманахтар шығарудан бастап, мақсатты ғылыми-гуманитарлық зерттеулерге
дейінгі істермен белсене айналысады. Бұл бағыттардағы аталған қызметтердің
нәтижесінде бірлескен ғылыми орталықтар, оқу орталықтары, университеттер
ашылып, жалпы түркілік тарих пен мәдениеттерді іс жүзінде нақты зерттеу-
лерге мүмкіндіктер ашылып, түркі мемлекеттері арасында Моңғолиядағы,
227
Саяси-мәдени интеграцияның гуманитарлық негіздері
Түркия мен Әзербайжандағы белгілі болған түркі ескерткіштерін халықаралық
деңгейлерде зерттеуге жол ашылып, замануи түркі тілдерін сақтай отыра,
ортақ әліппиіне көшу мәселелері күн тәртібіне қойылды. Сонымен бірге осы
жұмыстармен қатар осы заманғы түркі тілдерінің әмбебап сөздігін жасау
аяқталып, түркілік тілдердің автоматтандырылған тәржіма жүйесі жасалды.
Түркі әлемінде гуманитарлық қатынастар дамып, идеология, мәдениет,
ғылым, білім беру, әдебиет және өнер салаларындағы құндылықтарды
бірлесе жасау тәжірибелері тереңдей түсуде. Түркі өркениетін ұлттық
мәдениеттер жәдігерлерімен толықтыра беру, олардың басымдықтарын алға
шығару - бұл заңдылықтарды түлетудің болмысы екенін және оның жанды
жұмыстар болатынын айғақтауда. Тұжырымдалған түркі гуманитарлығының
орталандырылған саясаты өзінің тарихи табиғатындағы генезисі мен
тәжірибесін тұғыр еткен түп тамыры бір мәдениетін дамытудың жаңа кезеңіне
аяқ басуға қабілетті.
Бүгінде Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру ісіне қызметтер жасайтын
гуманистік саясатты жүзеге асыратын бірлескен бастамаларды тұғыр еткен
үлкен ғылыми әлеуеттерге сүйенген түркі мемлекеттері ғалымдарының
қызметтері үлкен қолдауға ие болуда. Осынау үрдістерде түркі өркениетінің
қайнарынан туындаған аса қуатты санаткерлік қозғалысы, атап айтқанда,
Орталық Азия мемлекеттерінің беделді ғалымдары мен олардың күшімен
құрылған Түркі Халықтарының дүние жүзілік ассамблеясы ерекше мәнге ие.
Түркі халықтарының бүкіләлемдік ассамблеясының тұжырымдамалық негізгі
алаңы TXUA–Түркі халықтарының бүкіләлемдік ассамблеясы да бұл тұста
ерекше маңызға ие. TXUA-ның негізгі тұжырымдамалық алаңы TXUA-ның
жетекшілері, қазақстандық академик Ерментай Сұлтанмұратов пен татарс-
тандық профессор Рафаэль Мухамеддиновтің және ортатүрік институтының
директоры, өзбекстандық философ-лингвист Бахтияр Каримовтың бірлесіп
жазған «Тұрақтылықтың түркілік белдеуі: Түркі халықтарының әлемдік
ассамблеясы» атты кітабында көрініс тапқан. Онда аталған авторлар өздерінің
бағдарламалық идеяларын ұсынып, бүгінгі әлем үшін Түркі бірлігінің
тарихи маңызы мен мағынасы туралы ой толғасады. Сондай-ақ, ғалымдар
түркі әлемі бірлігінің іргетас негіздері, түркі халықтары тілдерінің тілдік
бірлігі тұжырымдамасы туралы баяндап, түркіліктің өміртану пәлсәпасының
жүйелерін анықтап, түркі әлеміне бағытталған әмбебап гуманитарлық саясаттың
басты ұстанымдарын көрсетіп, түркі бірлігінің бәсекелестері ұстанымдарымен
пікірталастарға түседі. Стратег ғалымдар түркі бірлігінің түркі әлемінің
дамуы үшін бірден-бір жол екенін дәлелдеуге тырысады. Дамудың осынау
үрдісінде мемлекет тәуелсіздігінің негіздері дамып, күшейе түседі және ұлттық
экономикалардың өңірлераралық байланыстары күшейіп, бәсекелестік артады.
Түркі әлемі бірлігіндегі саяси ұстанымдарды үнемі өзара келісіп отыру, оның
әлеуеттерін арттыра түседі және өздерінің саяси тұғырын бекітіп, түркі исламы
228
Достарыңызбен бөлісу: |