Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет133/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

V ТАРАУ 
Мызғымас тұғыр негізінде
өзінің ең жақсы қасиеттерін ұсынып, осы заманғы ұлттық, мәдени және діни 
һәм, адамгершілік қасиеттердің үндесуіне, жарасуына жол ашады. Түркі 
Мемлекеттері Одағының осынау бағдарламасы тұңғыш рет өз халықтарының 
мұраттарына қызмет етуші әлемдік саясаттың нысаны мәртебесінде ұсынылды. 
Онда геосаяси әлеуеттерден шығатын аса үлкен табиғи және материалдық 
байлықтарын ұлттың мүддесіне жарата отырып, Түркі Мемлекеттерінің Одағы 
(1) түркі мемлекеттерінің шын мәніндегі тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. 
Одақ әрбір түркі тілдес халықтың ұлттық бостандығын жетілдіре отырып 
өз мүмкіндіктерін қуатты заманауи қоғамның экономикасын, ғылымы мен 
қорғаныс қуаттарын күшейтуге жұмсайды. Осы мақсаттарда әр түріктің 
материалдық игілікке бай, бақуатты өмірін қамтамасыз етіп, ғаламдық бірліктің 
ең жоғарғы деңгейлеріне шығып, түркілік суперұлттың қалыптасуына жол 
ашады. Осынау жағдайда түркілердің құқықтары да әмбебап гуманитарлық 
құндылықтар негізінде қорғалатын болады. Одақтың міндетіне сонымен 
бірге дұшпандық пиғылдағылардың басып алушылық ниеттерінен қорғану, 
халықтық капитализм жолында түркілік дамудың бағытына түсу, қоғамдағы 
демократиялық реформаларға жол ашатын және азаматтардың меншіктерін 
қорғау үшін барша мүмкіншіліктерді жұмылдыру парыздары да жататын 
болады (188.9-10б). 
Түркі Халықтарының Бүкіләлемдік Ассамблеясын құрушылар Түркістан- 
ның тарихи бірлігі идеясын,
 
Түркі Мемлекеттері бірлігінің маңызды даму 
кезеңі ретінде бірінші кезеккее шығаруды ұсынуда. Олар кіндік Азияның 
сайып келгенде Түркістан екенін көрсетуде. Сонау 1920 жылдың өзінде
Кеңестер Одағының алғашқы қалыптасу жылдарында-ақ Орта Азия елдерінің 
көшбасшылары бүкіл Түркістанды біріктіретін Түркі Кеңес Республикасын 
құрғысы келген. Бірақ Ресей мен Кремль Ресейден де аумағы жағынан үлкен 
Орта Азия түптеп келгенде бір мемлекет болып кетуі мүмкін деген қауіппен 
бұл бастаманы басып тастады. Кремль тіпті орыстың әйгілі шығыстанушы-
түркологы Бартольдтың «Түркістанды бөлшектеу-бұл тарихи қателік» деген 
пікіріне де құлақ асқан жоқ. Аталған бастаманың өкілдері болса, саяси қуғын-
сүргінге ұшырады.
Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін
 
Түрікстан идеясы қайта жаңғырды. 
1989 жылы Орта Азияда Түркістан халық қозғалысы басталды. Мәскеуде, 
Қазақстанда және Әзербайжанда «Түркістан» газеттері шыға бастады. Ал 
Швецияда «Орталық Азия»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет