231
Саяси-мәдени интеграцияның гуманитарлық негіздері
білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы соңғы кездерде түркі
өркениетінің әлемге сый еткен материалдық
және мәдени ескерткіштеріне
жіті көңіл бөліп, халықаралық деңгейлерде шаралар өткізіп, жалпы түркілік
мәдениет классиктерінің мерейтойларын өткізе бастады.
Әлбетте, алдағы уақыттарда да жалпы түркілік гуманитарлық мәдениеттің
заманауи әлемдегі
ғаламдық алғы шептерде болып, өзінің конструктивтік
тұғырынан көрінетініне күмән келтірмейміз. Тілдік, ойлау қабілеттілігі мен
мәдени жақындасулар жалпы түркілік мәденилену жүйесінің
болмысында
рухани ішкі дамудың жанды жаратылыстық құрылымын қалыптастырып, оны
адасудан және қателіктер жіберуден қорғайды. Түркі әлеміндегі мәдениеттер
арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың ең күшті негізі мен келешектегі
дамуының ынталандырушы бәтуалы қуатына бәтуалы гуманитарлық ойлау мен
іс жүзіндегі әмбебап қызметінің ішкі жүйелік болмысы жатады. Оның бүтіндігін
сақтау-бұл дегеніңіз Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру мақсаттарын
іске асыру деген сөз. Ал бұл мақсаттар ең алдымен жалпы түркілік тарихты
дайындауға, жалпы түркілік тілдегі сабақ беру мен әліпбилерді әзірлеуге және
осыларды оқыту мен дайындауға, жалпы түркілік тарихты, адамгершілік және
ойлау
ерекшеліктерін орнықтырып, түрлі салалалардағы көкейкесті жайлар
жайындағы жариялайтын баспа органдарын қалыптастыруға тәуелді. Біздің
міндетімізге де осы бағыттарды жалғастыру мен дамыта беру жатады.