233
Одақтастықтың идеологиясы мен тұжырымдамалық ұстанымдары
дайындау (5), мемлекеттераралық шоғырлануды бекітумен қатар шетел
идеологиясына қарсы жүйелі ұйым құру (6), халықаралық деңгейде, әсіресе
түркі халықтары мен диаспоралық ұйымдарда табыстарға жету (7). Осы негізде
халықаралық қауымдастықты Түркі Мемлекеттерінің Одағын құруға дайындау,
әлем елдерінің оған қолдау көрсететін және түркі елдерімен және олардың
қоғамдарымен одақтасатын мемлекеттері мен
халықаралық ұйымдарды және
жаңа күшті саяси бірлестіктің құрылуымен ғаламдық жаңғыруға беталатын
үрдісті ұйымдастыру.
Біздер, түркілер өз тарихи тағдырымыздың көкжиегіне анық жанармен көз
салғанда, көкейімізге сан сауалдар оралады. Егер біздің ұлы бабаларымыз
құрып кеткен орасан зор түркі мемлекеттері мен империялар көптеген ғасырлар
бойына тек түріктерді ғана емес, біртіндеп Еуразияның өзге де халықтары мен
этностарын бірегей саяси, идеологиялық, діни және өркениетті жүйелерге
біріктіре алған болса, біздерге неге Түркі
Әлемінің ауқымында өңірдегі
бірегей суперэтнос шеңберінде осыны жасамасқа. Бүгінде өткен ғасырдың
орта шенінде Еуропада құрылған Одаққа қарағанда біздің мүмкіндіктеріміз
әлдеқайда жоғары. Себебі біздің өңірлерімізде олардағыдай қанды соғыстар
болған жоқ. Бұл - біздің ең үлкен және айырмашылығы орасан ерекшелігіміз
екені ақиқат. Біздер тәуелсіз ел болып, алып империядан бөліндік. Баршамыз
да ұлттық мемлекеттер мен мемлекеттілік құру ісінде қанаттаса қатар адымдап
келеміз. Бірден-ақ бір-бірімізге бауырластық қолымызды созып, тілектес бола
бастадық. Осылайша туыстығымызды сезініп, өзара жақындаса бастадық.
Ынтымақтасу жолында кедергі болардай ішкі шиеленістер де жоқ. Неліктен
біздер Еуроодақ пен НАТО жағына сағынышпен қарап, осы тақылеттес әлемдік
альянстарға қызғанышпен көз салуымыз керек. Неге біздер әлемге өзіміздің
қуатты бірлестігімізді танытпауымыз керек.
Қазіргі ғаламдық саясат көрсетіп отырғандай, Түркі Мемлекеттері Одағын
құру
жолында енді тайсақтауға, жарты жолдан тоқтауға әсте болмайды.
Осы жолдарда пайда болатын сансыз сауалдар мен қиындықтарға да әзір
болуымыз және күш-қуаттарымызды ортақ мақсатымыздың ақиқат жолына
бағыттай білгеніміз дұрыс. Біздер қазірдің өзінде Одақ құру жолындағы
гуманитарлық кезеңнен өтіп, саясаттағы, экономика
мен әскери салалардағы
болашақ одақтастығымыздың іргетасын қалап алдық десек те, әлі де болса,
бірегей бағдарламалық жобамыз бен Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру
ісіне жауапты саяси өзара келісілген субьектілерді толық анықтаған жоқпыз.
Сондай-ақ, ұлы мақстымызды жүзеге асыратын бірегей механизмді де құрған
жоқпыз. Алдымызда тезірек шешілуі қажет көптеген көкейкесті жайлар тұр.
Ендігі ретте жасалған ауқымды істерді кеңейтіп, саяси, экономикалық және
әскери салалардағы ықпалдастыққа бағытталған жүйелік-тұжырымдамалық
бірлестікке көшуіміз дұрыс. Сайып келгенде «ұлтқа зораю емес, кішірейе беруді
жазмыштың жазғанын» естен шығармауымыз керек (101.67 б).