Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет138/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

V ТАРАУ 
Мызғымас тұғыр негізінде
бірлескен конституционалдануға кейбір түркі республикаларының қатыспай 
қалатынын байқаймыз. Мысалға, 2012 жылы тамызда Бішкек қаласында өткен 
Түркі мемлекеттерінің Ықпалдастығы Кеңесінің екінші Саммитінде түркі 
мемлекеттерінің бірегей туы қабылданды. Түркияның сыртқы істер министрі 
Ахмет Дәуітоглу тудың Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Әзербайжан 
секілді түркі республикаларының, яғни төрт елінің мемлекеттік байрақтарын 
көрсетеді деп атап өтті. Өкінішке қарай, осынау тарихи оқиғаға Түрікменстан 
мен Өзбекстан қатысқан жоқ. Демек, осы екі мемлекет одаққа қосылғаннан 
кейін Түркі елдерінің туын қайта қарауға тура келмекші. Түркі Мемлкеттерінің 
Одағын құруға қатысушы мемлекеттер оның құрылуы кезінде өңірлік және 
ғаламдық интеграциялық үрдістерге қатысты өз көзқарастарын анық та 
айқын білдіруі керек. Егер Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру түпкілікті 
және негізгі мақсат болса, ақиқатты айтудан жасқанбаған дұрыс. Біздер өз 
ынтымақтастығымызға зиянын тигізетін өзге одақтық жобаларға кіріп, өзімізді 
алдамауымыз керек. 
Әрине, кез келген мемлекет өзінің егемендік құқығын мемлекеттераралық 
қатынастарда пайдалануға құқылы. Бірақ Түркі Мемлекеттерінің Одағы мен 
Түркі аймағының геосаяси еуразиялық кеңістігінің болашағы болса, оған 
деген көзқарас нақты болуы шарт. Түркі әлемінің Шығыс және Батыс беттері 
(Орталық Азия, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан) - Кавказ 
бен Кіші Азия (Әзербайжан, Түркия, Солтүстік Кипрдің Түркі Республикасы) 
-баршасы бірегей саяси алаңда қимылдар жасауы керек. Егер саяи тұрғыдан 
келер болсақ, түркі әлемінің Шығыс бөлігіндегі түркі республикалары өзара 
өте жақын. Ал түркі әлемінің Батыс қанаты-Әзербайжан, Түркия және Кипрдің
Түркі Республикасы болса, Одақ құру мен оның болашағына қатысты 
ортақ көзқараста. Демек, аталған бастапқы ортақ көзқарастар келісімі 
түркі республикаларының арасындағы болашақ Одақ тағдырына қатысты 
көзқарастарға қозғаушы күш және мықты таған бола алады. 
Өзін Еуразияның көшбасшысы санайтын Ресей Федерациясы мүмкіндігінше 
кешегі кеңестік елдерді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының аясынан 
шығармауға, ал шамасы жетсе, Еуроазиялық Одаққа тартуға қарманып қалары 
сөзсіз. ТМД, КСРО ыдыраған соң, 1991 жылдың 8 желтоқсанында Беловежье 
Келісімімен құрылған болатын. Бүгінде Грузия мен Балтық жағалауы 
республикаларынан басқалары, яғни кешегі кеңестік республикалар (ішінде 
түркі республикалары да бар) сол ТМД-дан еш айырмашылығы жоқ Еуразиялық 
Одақтың мүшелері. Еуразиялық Экономикалық Одақ Ресей, Белорусь және 
Қазақстан арасындағы 2011 жылдың 12 қарашасындағы келісімге сай қалыптаса 
бастаған еді. 2012 жылдың 23 мамырында Астана қаласында өткен Астананың 
экономикалық форумында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: 
«Біздер 2025 жылға дейін Еуразияның экономикалық одағын құра аламыз» 


237
Одақтастықтың идеологиясы мен тұжырымдамалық ұстанымдары
-деп, Еуразиялық одақтың болашағына сенім білдірген болатын. Еуразиялық 
экономикалық одақтың келешегін әлемдік интеграциялық бірлестік ретінде 
қарастыратын Қазақстан Басшысы сонымен бірге түрлі саммиттерде түркі 
тілдес мемлекеттердің де болашақ одағы жайлы батыл әрі мықты негізделген 
мәлімдемелер жасауда. 
Түркияның премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған 2013 жылдың 
ақпанында өткен Түркия мен Еуроодақтың экономикалық кеңесшілдік 
комитетінің отрысында: «Біздер Еуроодақтың көтерген жүгін өзімізге 
алмақшы емеспіз» - деп, мәлімдеді. Сонымен қатар Түркия басшысы 
болашақта Түркияның да Еуроодаққа мүшелікке мүшеліке өтетініне батыл 
сенім білдірді. Ердоған мырза да Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы секілді 
Түркі әлемінің ынтымақтастығы үшін күресіп жүрген әлемдегі аса ықпалды 
саясаткерлердің сапындағы ұлы қайраткер. Олай болса, бұл жерде келесі 
таңдау туралы еріксіз ойланасың. Түркі әлемінің ең үлкен екі мемлекетінің 
екі ұлы басшысының, яғни Түркия мен Қазақстан көшбасшыларының түркі 
республикаларының арасындағы ынтымақтастыққа аса маңыз берумен қатар, өз 
елдерін Еуроодақтың құрамынан көргісі келетінінде не сыр бар екен. Әлбетте, 
Түркияның Еуроодаққа мүшелікке кіріп, Қазақстанның бүкіл Орталық Азия 
елдерімен бірге Еуропалық Одаққа мүшелікке өтуге қатысты қадамдар жасауы 
кезінде түркі мемлекеттерінің одағын жүзеге асыру мүмкін бе? Бұл тұста сөзсіз 
басым бағыт таңдалуы қажет. Еуразиялық одақ қаншалықты қызықтырғаны- 
мен, Еуроодақ үлгісіндегі ынтымақтасу қаншалықты жеңіл болғанымен, олар- 
дың ешбірі де ұлы түркі тарихының таң арайы тудырған түркі мемлекеттерінің 
одағына жете алмайды. Қазіргі түркі мемлекеттерінің одағын құру жолындағы 
айқын мақсаттар кезеңінде осынау тарихи миссияны жіберіп алмау керек. Бұл 
кезеңдегі ынтымақтықты ыдыратпау мен ұйымшылдықтың іргесін нықтамау 
Еуразиядағы замануи түркі ынтымақтастығын белгісіз күштердің ықпалына 
беру арқылы түркі бірлігін кері кетіру деген сөз. 
Түркі мемлекеттерінің бірлігін құру жолы көптеген өзекті мәселелерді 
шешуді талап етеді және әлемдегі ұлы державалармен бетпе-бет келуді 
қажет етеді. Бұл мақсатта сырт күштердің қарсылығына тойтарыс беріп, аса 
үлкен күреске шығуға тура келеді. Сондықтан, Түркі мемлекеттерінің одағы 
ең сенімді, болашағы берік одақ болады. Ол жағдайда елдеріміз Еуропа мен 
Ресейдің ықпалынан арылады.Түркі мемлекеттерінің ертеңін кәміл сеніммен 
басқару керек. Бұған қоса, осыған дейін түркі мемлекеттерімен нығайған 
қарым-қатынастарды одан әрі бекітіп, дамуға кедергі болар барша бағыттарды 
жіті анықтап алу керек. Баршамызды Түркі мемлекеттерінің одағына апаратын 
саясатты одан әрі бекітіп, идеологиялық саясатты тұрақты түрде дамытып, 
әрбір жаңа тарихи жағдайлармен сәйкес келетін жетілдірілген ғылыми-
гуманистік тұжырымдамамен алға жылжи отырып, жаңа саяси-идеологиялық 


238


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет