239
Одақтастықтың идеологиясы мен тұжырымдамалық ұстанымдары
керек. Түркі ұлтының қажыр-еркімен құрылған «парасат империясы», әрине,
мұндайдың өз аумағында орыналуына жол бермейді. Сондықтан, «түркі
прагматизмі» түркі әлеміне бетперде жамылған ортағасырлық үстемдік пен
демократия киімін киген осы заманғы империализм
құбыжығының кіріп
кетпеуіне қарсы тұрар қабілеттерін көрсетуі керек. Түркизмнің этикалық-
идеялогиялық құндылықтарын дамыту мен қорғауда әлі де көптеген жұмыстар
жасауына тура келеді. Мысалға, орта ғасырдың сонау заманғы әубасында
Еуразия жаулап алған түркілердің бабалары туралы осы заманғы дәуірге
дейін олардың жақын және алыс көршілері жалаға толы тарихтар құрастырып,
ойға сыймайтын өтіріктер айтып, жалғандықтар таратумен келеді.
Сондағы
мақсаттары - түркілердің адамдар мен халықтарға, әсіресе, армяндарға жасаған
өтірікке толы қатыгез өктемдігін елге жаюда қолдан келгеннің барлығын
жасуда. Олар бүгінде де сол «әндерінен» жаңылған жоқ. Адам айтса нанғысыз,
өзін Еуропаның ұлы санаткері санайтын, классикалық француз ағартушысы
Монтескье түріктерді ғаламшардағы ең оңбаған, нас адамдар санайды (124.г.
2.192 бет). Дегенмен, түркі халықтары жөнінде ақиқатты арқау еткен өзге де
пікірлер жетерлік. Мысалға азамзаттың ұлы перзенттері Низами, Гете, Пушкин
мен Лермонтовтардың түріктердің жан мен тән сұлулықтары жайындағы
сөздерін немесе оларға кереғар А. Вольтердің
романтикалық қойылымдарын
еске алып, оның ақылға сыймайтындай сөздерін жадыға оралтып көрген дұрыс
шығар. Ол: «түркілер славян әйелдерінің аппақ тәндерін көргеннен соң, олардың
жамбастарынан бір түйір ет кесіп алып, жеп қойған екен...», деген сөздер айтты,
сандырақтапты../147.174-176 бет). Еуропалықтардың өздері де 1876 жылы
Ұлы Британия Парламентінде лорд Гладстонның сөздерінде де ешбір ақиқат
жоқтығын мойындайды. Лорд: «Түркілер адамзаттың адам емес кейпіндегі
жандары. Біздің мәдениеттеріміз мәңгі болуы үшін оларды қуу керек. Құран
барда, осынау қанды тағылық жер бетінде жасай береді »-деп, лағады ол (136.
59 бет). Осы сөздер иесінің Отаны - Британ империясы ғаламдық бодандықтың
іргесін қалап берген батыс империализмінің ақылға сыймайтын, адамдыққа
келмейтін ең сұмдық механизмдерін жасаған мемлекет. Бұл мемлекет адамзат
тарихындағы ең қанды зұлматты жасаған ел. Ол Австралияға жақын Тасмания
аралында өз отарын ұйымдастырып, 1833 жылы онда өмір сүріп жатқан байыр-
ғы тұрғындарды аяусыз қырып, ондағы халықтан 300
ғана адам қалдырған
болатын (295.т.1.141-173 беттер).
Түркілерге жасалып жатқан келесі бір құйтырқы қиянат, түркі тілдес
халықтар көп тұратын Ресей Федерациясының орта мектептерінде оқытылатын
«Отан тарихы» кітабының 6-шы сыныптарға арналған басылымындағы
«Моңғол-татар басқыншыларының жыртқыштығы» атты картинасында
Вольтер қиялының басқа бір суреті берілген.
Онда моңғол-татар тағылары
жебелер көмегімен адамдарды өлтіріп, қылышпен кескілеп, еттерінен кәуәп