Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы


«суыққабақ соғыстан» соң және біздің  270 VI



Pdf көрінісі
бет157/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

 
«суыққабақ соғыстан» соң және біздің 


270
VI 
ТАРАУ
Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы
уақытымызда да Орталық Азияның өңірлерінде, ал ең бастысы, түркі геосаяси 
өңірлерінде тепе-теңдік заманының ақиқаттары мен халықаралық және өңірлік 
күштердің қақтығысуларына орай халықаралық және өңірлік күштердің 
арасындағы қарым-қатынастар өз стратегиясы мен оның сипаттамаларын 
анықтап алу қажеттілігімен өмір сүруде. Автор Азиядағы тепе-теңдік ахуалымен 
қақтығысулар Орта Азия елдерінің сыртқы саясаттарына ықпал жасаусыз 
пайда болмайтынын дұрыс көрсетіп отыр. Расында да, Орта Азия елдері 
өздерінің табандылықтары жағынан нашарлау және Қытай, Үндістан мен Ресей 
тараптарынан жасалатын қысымдарға қарсы тұру күштері демографиялық, 
экономикалық және өзге себептерден әлсіздеу болып келетіндіктен қалыптасқан 
өмір салттарын қорғауға мәжбүр. 
Орталық Азияда халықаралық күштерге сәйкес қалыпта ұлттық және 
өңірлік стратегияға өзектес қалыптасқан геосаяси жағдайлар және жағдайлар 
мен ұстанымдарға ықпалы бар түрлі себептерді есепке ала келе автор Орта 
Азиядағы жағдайды келесі түрде суреттейді. «Суыққабақ соғыстан» соң пайда 
болған геосаясаттың бос кеңістігінде қос полярлы аумақтың Азия мен Шығыс 
блогында нығайған өзектер ғаламдық құрлықтық және өңірлік стратегияны 
алға бастырушы барша себептер мүдделері шеңберіне қосылды. Бұл мүдделілік 
Орта Азияның стратегиялық мұраттарында өз жемістерін беруді жалғастыруда. 
Ғаламдық деңгейлерде стратегиялық дамуға қабілетті Америка Құрама 
Штаттары, Германия, Франция, Англия, Ресей мен Қытай және Жапония секілді 
алыптармен байланыстар және өңірлік күштер ретіндегі Түркия, Пәкстан, 
Иранмен Украина және Корея елдері, ішкі өңірлік күштер Өзбекстан, Қазақстан, 
Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан мен Тәжікстан секілді елдер осынау 
күштердің түрлі дәрежеде болып, айтарлықтай ықпалдарға иелігіне жол ашуда
.
Бұл тұрғыдан келгенде Орталық Азияның халықаралық саясаттағы 
ұстанымын өзгерткісі келетін үлкен күштер мен өңірлік қуаттарды негізгі үш 
сараптамалық бағытта түсіну керек: 
1) Орта Азияның стратегиялық көзқарасы мен ғаламдық тепе-теңдіктегі 
үлкен күштердің ұстанымдары;
2) Өңірлік күштердің Азияға қуатты ықпалдары мен өзгерістерін бағыттайтын 
стратегиялық көзқарастары;
3) Өңірлік күштердің осынау тепе-теңдіктерге өздерінің стратегиялық 
ұстанымдарын қарсы қоюға әрекеттер жасауы //103.468-469б/.
Еуразиядағы стратегиялық бәсекелестіктің қасіретті ахуалында және 
өңірдің геосаяси тәуелділігін толыққанды алаңға айналдыру мақсатында түркі 
мемлекеттерінің өз ұстанымдарын қорғауы мүмкіндігіндегі олардың даму 
мен одақтастыққа қол жеткізудегі қабілеттерін дәлелдеуі олардың тарихи 
жауапкершіліктерінің ең басында тұрған парыздары. Әзербайжанның бұрынғы 
сыртқы істер министрі, қазіргі осы елдің Польшадағы елшісі Гасан Гасановтың 
/авторлық лақап аты-Гасан Азизоглу/ «Біздің түркілігіміз» кітабының түркі 


271
Жалпытүркілік стратегия: мақсаттар мен міндеттер
әлеміннің болашағын осы заманғы тарихи-саяси келешек тұрғысынан 
түсінудегі маңызы өте зор. Көптеген көкейкесті жайларға анық түсініктер бере 
келе автор «Түркологияның Бағдарламасы» деп аталатын жобаның жолдарына 
түсініктемелер беріп, түркі гуманитарлық стратегиясының маңызды бағытта- 
рын сұрыптап береді /39.195-205б/. 
Әлбетте, түркілік саяси-адамгершілік мәдениеттің тарихи құндылықтарын 
игермей, оның негізінде заманауи дамуды қамтамасыз ететін сындарлы саясат 
қызметінің идеялық-саяси негізді құрып алмай, түркі мемлекетінің геосаяси 
жүйесін анықтайтын мазмұндағы әмбебап стратегияны қалыптастыру мүмкін 
емес. Бүгінгі заманғы түрік мемлекеттерінің ұлттық даму стратегиясының 
қазіргі уақыттағы ахуалына арналған қауіпсіздіктің ұлттық тұжырымдамасы 
іс жүзінде ғаламдық және өңірлік ықпалдастықтың келешегін анықтай 
келе сайып келгенде осы елдерге арналған стратегиялық алаңның жалпы 
тұжырымдамалық көлемдегі әлеуеттерін таразылауға мүмкіндіктер ашады. Бұл 
ретте «Әзербайжан республикасы Ұлттық Қауіпсіздігінің Тұжырымдамасы» 
ерекше маңызға ие. Осынау құжатта Каспий-Кавказ аймақтарындағы 
ықпалдастық алаңдарында Әзербайжанның атқарар маңызы ерекше екені атап 
көрсетілген. Ал тіпті көптеген жағдайларда, мысалға қазіргі заманда бұл ел 
өңірдегі энергетикалық және көліктік жобаларды жүзеге асыруда өлшеусіз 
рөлге ие. Осынау стратегияның басты мақсаты – Әзербайжан Республикасының 
гүлденуіне және өңірдегі өркендеу мен тұрақтылықты және қауіпсіздікті 
сақтауды қамтамасыз етуге алғышарттар жасауға көмектесу. Түйіндей айтар 
болсақ, Әзербайжан Республикасы көрші елдермен жан-жақты байланыстарды 
нығайта беруге және оларды дамыта түсуге үлкен мән береді. Бұл жолда 
Әзербайжан Республикасы негізгі көкейкесті мәселелерді өзара келісімдер мен 
халықаралық құқықтарға сай шешуді батыл жақтайды. Әзерилер елі өңірлік 
ықпалдастықты аймақтағы бейбітшілікті қамтамасыз ететін және аса маңызды 
фактор ретіндегі тұрақтылықты қайта орнатудың кепілі ретінде бағалайды. 
Бұл бағытта Әзербайжан республикасы Баку-Супса, Гейдар Әлиев атындағы 
Баку-Тблиси-Джейхан мұнай құбырларын және Баку-Тбилиси-Эрзерум Кавказ 
газ құбырларын Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне үлес қосатын және 
Қара теңіз бен Каспий өңірлеріндегі ықпалдастықты арттыра түсетін жобалар 
ретінде бағалайды. 
Жалпы алғанда, аталған ықпалдастық Еуропа мен ғаламдық кеңістіктер 
деңгейлерінде де энергетикалық қауіпсіздіктерге үлес қосып, Еуропа үшін негізгі 
өмірлік әрі энергетикалық қауіпсіздіктің қайнар көзінің негізін қалайды. Өңірлік 
ықпалдастықты кеңейтуді жеделдетуге маңызды қадам ретінде стратегиялық 
маңызға ие «Баку-Тбилиси-Карс» теміржол көлігі дәлізін құру жаңа ғаламдық 
мүмкіндіктерге жол ашты. Өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуда 
аса маңызды ықпалға ие және Әзербайжан Республикасының тәуелсіздігін 
бірінші болып таныған Түркиямен көп жақты байланыстарды алға бастыра 


272


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет