Europea
Union
/ пен Түркі мемлекеттерінің одағы /
Turkic States Union
/ сапалық жағынан
294
Еуразия алаңына жақын болғандықтан, Еуразияның да ғаламдық саяси бірегей
кеңістік мәртебесін ала бастағанын көрсетеді. Осынау парадигманың алға
шығуы Түркі Мемлекеттерінің Одағы идеясы Еуроодақ идеясына балама болса
да, оның оған қарсы тұрмайтынын көрсетеді. Керісінше, Түркі Мемлекеттерінің
Одағын құру Еуроодақтан кейінгі Еуразияның саяси-өркениеттік бүтіндігінің
қисынды жалғасы әрі маңызды құбылысы саналады.
Халықаралық саясаттың басымдығына айналған халықаралық құқық
қағидаттары мемлекеттердің /ең алдымен түркілердің/ ғаламдық деңгейлердегі
біріге бастау үрдістерін одан сайын жеделдетті. Біздер үшін тарихи мәнге ие
үрдіс-Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру түркі халықтарының ұлттық-тарихи
еріктерінің нәтижесіндей іске асуын айғақтайды. Еуроодақ құрылғаннан
кейінгі халықаралық саясаттағы жаңа әлемнің үлгісін құру үрдістері өзге де
одақтардың құрылуын ақиқатқа айналдырды. Одақ құрудың Еуразиялық үлгісі
ретіндегі Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру ендігі ретте оның еуразиялық
үлгісін жасауы тиіс. Халықаралық қарым-қатынастардағы көп тарапты
ықпалдастықтардың осы жылдарда жинақталған тәжірибелері көрсетіп
отырғандай, еуропалық өркениет секілді қауымдастыққа ену анағұрлым сенімді
екенін көрсетіп отыр. Адамдардың, қоғамдар мен мемлекеттердің жақындасуы
үстірт себептермен болса да, тарихи тұрғыдағы себептермен бірлесулерге сөзсіз
жол беретінін көріп отырмыз. Жалпы ұлттық, өңірлік және лингвистикалық, діни
және өркениетті негіздердегі ішкі ықпалдасуға кіріскен әлемдік мемлекеттер
жақын болашақтарда әр елдің саяси және экономикалық мүдделерін ғана
бірінші кезекте ескеретін болса, одақтар құруды барынша қиындатады. Бұдан
бұл жағдайларда бірегей халықаралық саясат пен халықаралық құқықтар
тұғырында одақтасуға халықаралық саясаттың аса қажеттілігін түсініп барып,
іске кірісудің маңызы зор екенін көреміз.
Әзербайжан – геосаяси, экономикалық және геоөркениеттік тұрғыдан
қарағанда және жалпы түркілік бірлесудің идеологтарын өсіріп шығарған ел
ретінде бағалағанда, бұларға қоса Еуропа мен Азияны өзара ынтымақтастырып,
Орталық Азиядағы түркі мемлекеттерін, бүкіл Кавказ-Каспий өңірлерін
әлеммен жалғастырып тұрған біріктіруші әлеуеттері мен мүмкіндіктері
аса зор ең үлкен мемлекет. Бұларға қоса, көңілге түйер бір ақиқат- әлемдегі
түркі мемлекеттерінің ортақ мүдделерін мүлдем ескерусіз және де түркі
мемлекеттерінің һәм осынау өңірдегі қалған мемлекеттер мен халықаралық
субьектілер арасындағы ықпалдастықтарды керекті деңгейлерге көтеру
мүмкін еместігі айдан анық. Осыдан барып, аталған барша принциптерді түркі
мемлекеттерінің одағын нығайту соңғы жиырма жыл көлемінде түркі елдері
ішкі және сыртқы саясаттарының негізгі бағыттарына айналып, осы ұстаным
уақыт санап кеңейіп, нық сенімдерге ие болуда. Бүгінде Түркі Мемлекеттері
Одағының болашақ ынтымағының конвергенттік саясаты қазіргі жағдайында
295
түркі тілдес республикалар арасындағы мәдени-саяси ынтымақтастықтың
гуманитарлық негіздерін жасау мақсатында аталған мақсатты іске асыру үшін
түркі халықтарының бірлігін сақтап, денсаулықтарын қорғап, ортақ асыл
мұраттарға адал қызметтер жасауды өз алдарына жеке жоспарлар ретінде
ұсынуда. Әсілі, түркі әлеміндегі қазіргі идеология, мәдениет, ғылым, білім беру,
әдебиет пен өнер салаларындағы қарым-қатынастар заманауи әлемде тереңдеп,
аясын кеңейте түсуде. Бұған түркі өркениетінің қазіргі замандағы замануи
әлемнің әмбебап құндылықтарын бойына сіңіріп, осы негізде өзінің тарихи
гензисі мен ішкі болмысын байытып, ұлттар арасындағы тілдік, мәндік және
мәдени жақындасуды мұрат етуілері түркі халықтарын қателіктер жіберуден,
жаңсақ қадамдарға барудан қорғауда.
Түркі әлеміндегі мәдениеттераралық қарым-қатынастардың даму
болашағындағы Түркі Мемлекеттері Одағының бірегей гуманитарлық жүйесі
– бұл дамудың негізін тапқан ең мықты іргетас және ынталандырар күш, атап
айтқанда, гуманитарлық ойлардың іс жүзіндегі әмбебап әрекеттерін өзара пәтуәға
келтірер ішкі қуатты болмыс. Оның бүтіндігін сақтау – Түркі Мемлекеттерінің
Одағын құру мақсаттарына қол жеткізу деген сөз. Түркі Мемлекеттері Одағы
идеологиясының тұжырымдамалық негізгі ережесі тарихи-жағдайдағы негізгі
үрдістер құндылықтарымен ұстанымдарынан, түркі мемлекеттерінің бірлігі
мен қызметтеріне бағытталған істерге деген ықыластары мен жаңғыруларына
бастайтын саяси биліктің әмбебап гуманитарлық-идеологиялық алаңын
қолдаудан тұрып, сырт күштердің насихаттарына бірлесе тосқауыл қойып,
халықаралық деңгейлерде идеологиялық бірлікке берілгендік танытып,
халықаралық қауымдастықты Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру ісіне
дайындау, одаққа төнген қауіптер мен қатерлердің алдын алудан тұратын болады.
Ғаламдық динамиканың заңдылығы бойынша түркі геосаяси өңірін түркінің
геосаяси жүйесіне айналдыру және өз кезегінде оны Түркі Мемлекеттерінің
Одағына көшіру түркі мемлекеттері арасындағы геосаяси байланыстардың үш
сатылы динамикалық жүйесі секілді халықаралық саяси жүйені күшейту болып
табылады. Түркі Мемлекетері Одағы жайлы талқылаулар мен пікіралысулардан
оны нақты іс-әрекеттер сатысына шығару мұраттарды орындау жолын кеңейтіп,
Түркі халықтарының Сьездері шеңберіндегі: Туысқандық пен Ықпалдастық
съезіне, түркі тілдес елдер басшылары деңгейіндегі кездесулерге, түркі тілдес
мемлекеттер ықпалдастығы Кеңестеріне, әлемнің Түркі және Әзербайжан
диаспоралары Басшыларының Форумына шығып, тәуелсіз бастамалар
дайындап, жалпы түріктік ұстанымдарды төмендегі халықаралық ұйымдар
өмірінің ақиқатына айналдырады. Санамалап көрелік: TURKРA – Түркі тілдес
мемлекеттердің парламенттік ассамблеясы, TURKSOY – Түркі мәдениетінің
халықаралық ұйымы, TDAV – Түркі әлемін зерттеу қоры, TIKA -Үйлестіру
мен ықпалдастықтың түрік агенттігі, SSAV-Мармара тобы, TXUA-Түркі
296
халықтарының дүниежүзілік ассамблеясы, OCCИ- стратегиялық және әлеуметтік
зерттеулер ұйымы, TXUA–Түркі халықтарының әлемдік ассамблеясы, TSAM-
Түркі өркениетінің зерттеу орталығы, TUDEV-Түркі мемлекеттері мен
қауымдастықтарының достық, туысқандық және ықпалдастық ұйымы, TDBB-
Түркі әлемі муниципалиттерінің бірлестігі, BTН-Ұлы тұран қозғалысы, TDS-
DE- Түркі тілдес мемлекеттер саясатын қолдау қоры,
Достарыңызбен бөлісу: |