Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет167/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

 
TASAM
-
Стратегиялық 
зерттеулердің түркі-азиялық орталығы

AAYB –Еуразия жазушылары одағы, 
TDYSY- Түркі тілдес мемлекетердің саясаттарын қолдау қоры, TDJB-Түркі 
әлемі журналистерінің одағы, DGTYB–Әлемдегі түріктің жас жазушыларының 
одағы, DTQCFD – Әлемдік түркі туысқандық қауымдастықтары қызметтерінің 
бірлестігі, TGBT–Түркі жастары бірлестіктері қызметінің ұйымы мен өзге де 
қоғамдық ұйымдар түркі мемлекеттерімен қатар шетелдік мемлекеттерге де 
осынау түркілік бастаманың аса зор ауқымдарын дәлелдеп, өздерінің нендей 
халықаралық этикалық-саяси құндылықтарды ұстанатындарын дәлелдеуде. 
Әлем түркілері дәл осылардай қауымдастықтар құра алатын және олардың түп 
тамырларында гуманизм мен адамгершілік, әділдік пен қайсарлық,бейбітшілік 
сүйгіштік пен адамзатты жақсы көрушілік, кішіпейілділік, мәдениет пен 
өркениеттке деген құштарлық жатқанын айғақтауда.
Әлем бүгінде түркілердің алдағы құрмақшы одағының жасампаздыққа 
арналғанын, жалпы адамзаттық құндылықтарға қызметтер жасауды мұрат 
етіп отырғанын жақсы білуде. Осынау асыл мақсаттарды орындау арқылы 
түркілер Әлемдік Қауымдастықтың асқар шыңдарына көтерілетін болады. 
Ғаламдық деңгейлердегі жалпы түркілік ұйымдасу түркі мемлекеттері 
мен қауымдастықтарына әлем жұртының түркі дүниесінің гуманитарлық 
құндылықтары мен саяси-экономикалық және ғылыми-технологиялық жарқын 
жетістіктеріне терең бойлап, оның жемістерін көрулеріне жол ашады

Әлемдік 
даму стратегиясының заманауи кезеңіндегі тәуелсіз түркі мемлекеттерінің ұлттық 
қауіпсіздігінің тұжырымдамасы өңірлік және ғаламдық ынтымақтастықтың 
келешегін іс жүзінде айқындай отырып, жалпы тұжырымдамалық көріністегі 
осы мемлекеттер әрекеттер алаңының жалпы үлгісін елестетуге мүмкіндіктер 
береді.
Түркі мемлекеттерінің одағын құруға бағытталған қызметтерді 
шоғырландыру, Әзербайжан, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, мен 
Солтүстік Кипрдің Түрік Республикасы секілді тәуелсіз түркі мемлекеттерінің 
ынтымақтастығы негізінде туындайтын жалпыға ортақ стратегияның негізгі 
мұраттарын белсендіре түсу - алға қойылған ортақ мақсаттардың жүзеге асуына 
тұғыр болатынын түркі ынтымақтастығының идеологиясын жасаушылар терең 
түсінеді. Сондықтан жоғарыда аталған мемлекеттердің көшбасшылары әлем 
елдері мен түркі тілдес мемлекеттер арасындағы қос тарапты және көптарапты 
ықпалдастықтар арқылы барша бағыттарда үнемі туындап отыратын көкейкесті 


297
жайларды бірлесе шешуге ықыласты. Мұндай кездерде түркі дипломатиясының 
икемділігі мен демократиялығы алғаш рет қолданылуда.
Осынау әдісті жоспардағы кез келген түркі мемлекетінің дамуы өздерінің 
геосаяси өңірлеріндегі стратегиялық мақсаттарының орындалуына қатысты 
кепілдік ретінде қабылданады. Осы тұстарда Түркі Мемлекеттерінің Одағын 
орнатудың жағдайлары ретінде жоғары өркендеудің аталған мәртебесіндегі 
басты миссиясы болып саналатын халықаралық саясатқа сай және оңтайлы 
тарихи кезеңдегі халықаралық ахуалдарға да орай Түркі Мемлекеттерінің 
Одағын құру әлемдік қауымдастық тарапынан ақиқат және сөзсіз орындалатын 
мұраттарға жататыны мойындалуда. Бұл бағыттарды іске асыру үшін 
тәуелсіз түркі мемлекеттері жоғары деңгейлерде өзара бірлескен жиналыстар 
өткізіп, түркі әлемінің бірлесуге шақыратын Декларцияларын қабылдауда. 
Жақын уақыттардан бергі тәуелсіз түркі мемлекеттерінің қос тарапты және 
көп жақты қарым-қатынастарының бүкіл тарихы мен олардың нәтижелері 
мемлекеттер басшыларының жасасқан шарттары, өткізген кездесулері, 
ресми мәлімдемелерінің ықпалдарымен олардың альянстар мәртебесіндегі 
одақтар құруға деген өздерінің ұлттық мүдделері мен геосаяси міндеттерінің 
бірегейлігінен туындайтын мақсаттарын ашық көрсетеді. Түркілер бүгінде 
өз одағын құру арқылы өңірлік және ғаламдық дәрежелерде халықаралық 
қауіпсіздік үшін жауапкершілікті өзге халықтармен бірге бөлісуге даяр 
екендіктерін танытуды мұрат етуде.
Олар өз жұмыстарының орнын халықаралық саясаттың қызметтері мен 
халықаралық қарым-қатынастардың міндеттерінен айқын көреді. Әлемдік 
шаруашылық жүйесіндегі маңызды атқарушылық міндетке ие ғаламдық 
экономикалық жобалардың трансөңірлік коммункациялық жүйелерінде 
түркілер осы салаларды ұйымдастыруға мейілінше белсене араласуда. Түркі 
әлемінің арқауын құрайтын келешектер біздің көз алдымызда Еуразиялық 
кеңістікте өзінің болашақтарын айқара ашуда. ХХI ғасырда алғашқы 
онжылдықтарын аяқтаған әлемдік саясаттың тартылу орталығы өз ықпалдарын 
ендігі реттерде Еуропадан Азияға аударуға талпынуда. Бұл ғаламдық деңгейдегі 
еуроатлантикалық кеңістіктің ендігі ретте аса зор Еуразия кеңістігіне айналуы 
мүмкіндігін жоққа шығармайды. Демек, осынау жаңа тарихи-саяси дәуірдегі 
түркі елдері өмір сүретін аталған кеңістікте ендігі ретте бір ғана мемлекеттің 
немесе оның империялық тобының үстемдік жасауы мүмкін болмай қалады. 
Бұл жерде жекелеген мемлекеттің, атап айтқанда, Ресейдің болмаса, Қытайдың 
немесе Жапонияның, дәлірек айтқанда, жеке дара билік жүргізуінен, болмаса, 
көнеден келе жатқан дүниежүзілік барша империализмнің шығысқа қарай кеңи 
бастаған мемлекеттерінің өздері де осыған дейінгі міндетті көрінетін үстемдігінен 
айырылатын болады. Еуроодақтың өзі де қайдағы бір демократиялық толқынын 
желеу етіп, ішкі Еуразиялық, болмаса сыртқы Еуразиялық күштерін құрмайтын 


298
болады. Сонымен, Түркі тілдес Мемлекеттердің Одағы құрылысымен әлем 
кеңістігінде пайда болатын түркі мемлекеттерінің саяси негізін тұғыр еткен бұл 
тағанда Еуразия ғаламшарымыздағы әлемдік саясаттың негізгі орталықтарының 
біріне айналып, түркі әлемі өзінің қайта өрлеуін, яғни, Ренессанстық заманына 
көшеді. Осының нәтижесінде түркі халықтары классикалық геосаяси 
парадигмаға орай /Маккиндер/ Еуразияның қожасынан әлемнің иесіне 
айналды. Егер түркілер осынау кеңістіктің жүрегінде мыңдаған ғасырлардан 
бері жасампаздықпен өнегелі өмір сүріп жатса, неге осы кеңістіктің шын 
қожасы бола алмайды. Қалай айтсаңыз да түріктер ықылым замандардан бері 
Еуразияның геосаяси тұғырының негізін салған халық болғандықтан, бүгінде 
оны өркендетер де, өрге бастырар да ұлт болуы заңды. Олардың жасампаздық 
істері барша әлемді ұлы өркениеттерге бастайды.
Бұл-тарихтың өз шешімі және ақиқаты!


299


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет