Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет18/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

geopolitical shift
) бағытын 
назарға алып, бақылаудың орнына, олар бірауыздан «жабайылардың Шығысқа 
дүрмегі» деп, жамырасты. Бұған ағылшындық шығыстанушы К.Э.Босворттың 
айтқандарын мысалға келтіруге әбден болады. Өйткені ол, түркілерді «түркілік 
әскери құлдар» деп атап, олардың исламдық халифатқа қарай жақындасуын «жел 
тиген оттай» лаулата өршіте түсіп (146. 24-25 беттер), қисынға еш жанаспайтын 
қортындылар жасады.
Оқымыстының осы айтқандарына орай, оған қойылатын 
нақты сауалдар бар: егерде Таяу Шығыста аз ғана уақыт ішінде ел басқарудың 
осыншалықты биігіне көтеріле алса және ғасырлар бойы билігін жүргізсе, 
айтыңызшы, онда түркілердің «кімге және қандай құл болғаны?!».
Осылай 
дей тұрғанымен де, ол өзі айтқандарының шарасыздықтан туындаған «жел 
сөздер» екендігін де мойындайды. К.Э.Босворт: «Түркілердің Таяу Шығыстың 
жерлерін пайдалану мақсатына жасаған жорықтарының маңыздылығы өте 
зор. ХІ ғасырдың 20-шы жылдарындағы Солтүстік Иранға басып кірген 
тайпалардың бір бөлігі одан әрі Кавказ бен Анадолыға аттанып, сол жерлерде – 
армян, грузин княздары және Византия империясының христиандарымен соғыс 
жүргізсе... Тайпаның келесі тобы – өмірлік қажеттілігі күшті мал және егін 
шаруашылықтарын дамыту мақсатында Иранның құнарлы жерлерін игеруге 
кірісті. Осылайша, Әзербайжан, Күрдістан және Гюргян жерлерін мекен еткен 
бүгінгі заманғы түркі халықтарының тамыры сонау Салжұқтар кезеңінен бастау 
алады, дей тұрғанымен де олардың саны (әсіресе Парсыда) моңғолдардан 
кейінгі кезеңдерде көбеюі де мүмкін болатын» деп жазады (146. 30-31 беттер). 
Ал, мәселенің ақиқатына тоқталар болсақ, шынайы шындықтың нақты 
көрінісі мынадай: І және ІІ мыңжылдықтар түйіскен тарихи кезеңдерде түркі 


38
I ТАРАУ
 
Тарихтан туындаған болашақ
суперэтносы халықтарының қыпшақтар, бұлғарлар, қарлықтар, ұйғырлар, 
шуаштар және жақұттар секілді тармақтары негізінен Орталық Азия мен оған 
шектес аумақтарда тіршілік етті. Бәрінен бұрын, Таяу Шығыстағы түркілер мен 
оғыздардың (олар ХІ ғасырда 24 тайпадан тұратын) өздерінің пассионарлық 
тармақтарын экспансиялау шаралары осы жерде түркі мемлекетін құру ісімен 
аяқталды. Ал, басым көпшілігі исламды қабылдаған түркілердің Орталық Азияға 
(негізі Түркістанға) қайта оралуы, аймақта түркі-ислам мемлекетін құруға себеп 
болды. Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, Қарахан мемлекетінің маңызды тұсы 
деп, оның аймақта құрылған ең бірінші түркі-ислам мемлекеті болғандығын атап 
өту керек (128, 117 бет). Осылайша, түркілік суперэтнос Еуразияның барлық 
түкпіріне тарады, ерекше қасиеттерге ие бола отырып, өздерінің түп-тамырын 
сақтады, соның негізінде 
Орта ғасырлық түркі-ислам мемлекетінен 
құрлықтың 
жаңа түркі империясына айналу кезеңі басталды. Араб-ислам мипериясының 
соңғы тірегі – Аббасшылар халифаты құлағаннан кейін Таяу және Орта Азияны 
арабтар да емес, парсылар да емес, тіпті византиялықтар да емес, 
тек қана 
түркілер 
басқарды. Халифаттың құлауы мен моңғолдық басқыншылықтың 
қанат жаюы бір уақытта басталды деп айтуға болады. Дегенмен, әлемді 
жайпаған алапат әскери жорықтарды тоқтатқандар тағы да осы түркілер еді. 
Орта Азиядағы түркі тайпаларының шұғыл сіңісуі, онда мемлекет құруы 
(моңғолдармен бірге) және моңғолдардың жаңа толқынына қосылып кетуі, 
жаңа этножүйенің қалыптасуына алып келді. «Әлемдік тарихтағы түркілер» 
монографиясының авторы К.Ф.Финдли осы мәселелерге үңіле отырып, ХІ 
және ХІІІ ғасырлардағы моңғолдардың мемлекет-қоғам құрудағы экспаниялық 
бағыттарында да түркілердің шешуші рөлдер атқарғанын атап көрсетеді (230, 
9 бет). Еуропаның тарихтануы мен әлеуметтануына ықпалы күшті болған Ибн 
Халдунның 1401 жылғы Дамаскіде түркі-моңғолдың билеушісі Теймурленгпен 
(еуропалық нұсқа бойынша Тамерлан, ал біздіңше Темірлан) кездесуінің өзінің 
кімге болса да өнеге аларлық тұстарының көп екендігін айта кеткен абзал. 
Өйткені, Ибн Халдун нақ осы кездесуден кейін түркі мемлекеттігінің әлеуметтік, 
саяси және құқықтық тіректерін тереңдете зерттей келе, Орта ғасырлардағы ел 
басқару тәсілдерінің классикалық жүйелерінің басты ерекшеліктері негізінде, 
өзінің бірегей ойларын айта отырып, басқарудың мүлде жаңа жүйесін ұсынды. 
Ибн Халдун өз теориясына жүгіне отырып, жоғарыда келтірілген тәжірибелерде 
түркі мемлекеттігінің өте байсалды да тиімді негіздемелері бар болғандығын 
дәлелдейді (231, 70-71 беттер). Бұлай дейтініміз, Еуразияның ұлан-ғайыр 
аумағын жаулап алған әйгілі бабасы Шыңғысханнан кейінгі кезеңдерде де, 
сол уақыттың өмірінде жеңіліп көрмеген ұлы әскери қолбасшылармен ұрыс 
алаңдарында бетпе-бет келіп, қарсыластарын қоғадай қырып келген, бүкіл
өмірі әскери жорықтармен өткен Темірланның бүгінгі Парламент пен 
Әскери Кеңеске өте ұқсас – 
Генеш 
аталатын органы болған. Сол уақыттың 
мемлекеттік және әскер басшылары Генеште бас қосып, күн тәртібіндегі 


39


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет