Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет21/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

I ТАРАУ
 
Тарихтан туындаған болашақ
тарих сахнасында жаңа мемлекеттер пайда бола бастады, қалай болғанда да, 
әлемнің ең басты саяси алаңынан ысырылып қалмау үшін, олардың қай-қайсы 
болмасын қатыгез де қатал күрестер жүргізуге тырысып бақты. Империя ішіндегі 
мемлекеттердің өзгеруін – ішкі және сыртқы факторларға тікелей тәуелді үдеріс 
деп айту керек. Сондай-ақ, мұны географиялық-саяси кеңістіктегі бұрынғыдан 
да күрделене түскен қауіпсіздік мәселелерін жеткілікті деңгейде қамтамасыз 
ететін, мемлекеттік-саяси жүйелердің эволюциялануын басым жағдайға дейін 
жеткізе алатын ең бір шешуші кезең деп есептеуге болады. Егер де өз тілі мен 
шыққан тегі, түп тамыры бар қандай да бір мемлекет, халық, ұлт немесе тарихи 
қалыптасқан қоғам аяусыз қырғынға ұшырап, өз мақсаттарына жете алмайтын 
жағдайға киліксе, онда айтқанға көнуге, өз тағдырын шешу құқығын толықтай 
болмаса да жартылай сақтап қалу үшін, күштілердің талабынан бас тартпауға 
тура келеді.Түркілердің еркін рухы оларды үнемі құлдыққа мойынсұнбауға , 
есесіне 
Күшті және Жеңімпаз 
болуға шақырды. Сондықтан да олардың үш 
мыңжылдық тарихы – мемлекеттіктен өтіп, келесі кезің - Күшті Империяға 
айналуға жасаған қадамдары болды. Егерде біз Еуразиялық кеңістіктің жаhандық 
саяси өзін-өзі тануының бастапқы кезеңіне көз салар болсақ, онда сол уақыттың 
өзінен түркітілдес халықтардың империялар арасында күштік баланстар 
жасауға қабілетті болғанын көреміз. Мәселен, біздің дәуіріміз басталғанға 
дейінгі және басталғаннан кейінгі алғашқы және соңғы ғасырларда (шамамен 
төрт жүз жылдай) қытайдың Хань империясы Азияға толықтай жеке-дара 
үстемдік еткісі келді. Оңтүстігінде, теңіз жағалауларынан Шығысқа қарай, ал 
солтүстігінде Азияның орталығына қарай жаулау арқылы жер көлемін кеңейтіп 
келе жатқан Рим империясының Хань империясымен бетпе-бет келуі күмәнсіз 
факт болатын. Алайда Рим және Қытай империялары ешқашанда бір-біріне 
қарсы тұрып, жауласқан жоқ. Еуразияның шығысы мен батысының жаhандық 
қақтығысына тек ғұндар-түркілердің қуатты күші ғана қарсы тұрарлық еді: 
шығыс бағытында Қытаймен, ал батысында – Рим мипериясымен соғысып 
жүрген ғұндар империясы олардың ешқайсына да Еуразияны билеп-төстеуге 
титтей де мүмкіндік бермеді. Ол шығысында Қытайлықтардың, ал бастысында 
римдіктердің әскерін жаныштады. Сол арқылы 
Pax Sinica 
(қытай әлемінің 
универсалды үкіметі) және 
Pax Romanaның
(рим әлемінің универсалды үкіметі) 
алдында 
Pax Turcicaның
(түркі әлемінің универсалды үкіметі) кім және оның 
қандай құдыретті екендігін көрсетті. Ал, осыдан кейін Еуразияға абсолютті 
түрде билік жүргізуге ешкімге де жол бермеді. Тіпті, соңғы екі мың жыл 
көлемінде жайылып жатқан алып кеңістікте мемлекет пен империя құрушылар 
тек өздері, яғни түркілер ғана екендігін әлем жұртшылығына мойындатты.
«Әлемдік тарихтағы түркілер» монографиясының авторы, профессор 
К.В.Финдли, біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларынан басталып, бірінші 
мыңжылдықтың орта кезеңіне дейін жеткен «Ішкі Азияны түркілендіру», 
«
Pan-Turcica 
мәдени жиынтығын күшейту» үдерісінің нәтижесі ретінде 


45
Империяның патшалығында
қайталанбайтын сипатта болды» (230, 37-43 беттер). Әрине, қытайлармен 
салыстырғанда ғұндар-түркілердің саны әлдеқайда (300 мың адам) аз еді. 
Ғұндар империясы кезеңінде (б.д. ІІ жылы) қытайлықтар 56 млн. адамды 
құрады. Мыңдаған жылдар аралығында ғұндардың саны бірде арта, енді бірде 
кеми отырып, 600 мыңға әзер жетті (154, 537 бет), сондықтан да олар бір ғұнға 
20 қытай қарсы тұратын арасалмақта соғысты. Қытайлықтар ғұндарға қарсы 
тек әскер күшін ғана емес, сонымен қатар «қақпан дипломат» аталатын саяси 
қулықтарды да кеңінен пайдаланып бақты. Олар өздерінің байлықтарына 
қызықтыра отырып, түркілерді өз жақтарына тартып алуға тырысты. 
Ғұндар-түркілер римдіктерге де аз санмен, бірақ ұйымдасқан, тәртібі 
темірдей күшті және ұрыс тәсілдерін терең меңгерген әскермен қарсы шығып 
соғысты. 451-452 жылдары римдіктердің біріккен әскеріне шығыс және орталық-
еуропалық қапталдардан шабуыл жасаған ғұндар-түркілер, сол уақыттың 
тактикалық жетістігімен салыстырғанда ең озық әскери стратегияны көрсетті. 
Осы соғыста екі әскер ғана түйіскен жоқ, турасын айтқанда еуропалықтар мен 
азиялықтар (өйткені, екі жақтың да құрамдарында оларға қарайтын аймақта 
тұратын халықтардың жасақтары да болды), ал жекелеген өте маңызды 
тұстарға тоқталар болсақ, онда атақты екі қолбасшы – римдік Аэция мен ғұндар 
қолбасшысы Атилла бетпе-бет кездесті. Каталаун жазығындағы қанды соғыста 
ешкім де жеңіске қол жеткізе алған жоқ, әскери үдеріс жағдайын ойлаған 
Атилла стратегиялық жоспар бойынша сәл кейін шегінді. Өз кезегінде, мұны 
ұрыстың тек басы ғана екендігін жақсы түсінген Аэций де тәуекелге барып
қарсыласының ізіне түсе алмады. Келесі жылғы кескілескен қақтығыста ғұндар 
Империясының әскері басымдықпен жеңіске жетті. 
Олар метрополияға – Италияға кіріп, Римнің ең мықты саналған қорғаны 
Аквиелиді басып алды. Күл-талқаны шыққан Аэцияның ендігі жерде қарсылық 
көрсетуге дәрмені жоқ еді. Римдіктер қол қусырып, бейбітшілік сұрауға мәжбүр 
болды, сонымен қатар әскерін Римнен шығаратын болса, онда Атиллаға ірі 
сый-сияпат ұсынатындарын жеткізді. Еуропаның дәл жүрегін жаулап алған 
Аттила бұл ұсынысты қабыл алды. Осыдан кейін 453 жылы атақ-даңқы 
аспандап, оның үстіне бұрғындық ару Ильдиконы өзіне жар етуге таңдап 
алған және үйлену тойы болып жатқан түні құпия жағдайда (бұған дейін өзі 
жасырып келгендей, мұрнынан қан кету салдарынан көз жұмуы мүмкін) жан 
тәсілім еткен Аттила, сөзсіз Еуропа тағдырына ұмытылмастай етіп, шешуші із 
қалдырды: егер де еуропалықтар Азияға жаугершілікпен аттанатын болса, онда 
олар маңдайларының тасқа соғылатындықтарын жақсы түсінді. 
Ғұндардың Рим империясын тас-талқан етіп жеңгендеріне тура жүз жыл 
толғанда, яғни 552 жылы ғұндардан да күштірек және шешімдірек мемлекеттік 
құрылым - Орта Азияның арқа сүйер тірегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет