2. ИМПЕРИЯНЫҢ ПАТШАЛЫҒЫНДА
Әлем саясаты тарихындағы негізгі оқиғалар мен үдерістер мемлекет пен
империялардың құрылуы, уақыт талабына сәйкес олардың бірінен екіншісіне
өзгерулері, сондай-ақ өркендеулері және қайта құлдырауларымен тығыз
байланысты болады. Мемлекеттердің империяларға айналуы, олардың күшеюі
мен бірыңғай генотипке сәйкес әр түрлі мемлекеттерге бөлініп көбеюі, ал
бірқатар жағдайларда жер бетінен ізі де қалмай жоғалып, немесе, тіпті жойылып
кетулері, әлемдік саясат тарихының келбетіне өзгерістер енгізіп жатады. Мұн-
дай өзгерістер көне дәуірлерде де, Орта ғасырларда да және қазіргі заманның
өзінде де олардың бойларына тән тарихи-саяси заңдылықтарға, мемлекетаралық
қарым-қатынастардың нақты ахуалдарына, мүдделердің келісу-келіспеушілігі
мен олардың сипаттарына қарай орын алып отырады. Сонымен қатар, белгілі
жағдайдағы мүдделі топтардың өзара қақтығыстарынан кейін туындайтын
шешімдерге сәйкес өзгерістер енгізіліп жататыны да жоқ емес. Егер де
мемлекеттің қуаты, оның беделі, ықпал жүргізу саласы мен тартымдылығы
белгілі бір географиялық кеңістіктегі әскери-саяси үдерістерге басшылық етуге
қабілетті деңгейге дейін көтеріле алса, одақтастық құруда, болмаса жақындағы
немесе алыстағы бәсекелестерінен блоктар ұйымдастыруда таңдауы басым
түсіп жатса, сонымен қатар өзгелердің бірігуге деген жопарларын бұзуға,
айналасындағы күштерді әлсіретуге, басқалардың мемлекеттік субъектілерге
деген ықпалын өз жағына тартып ала білсе, сондай-ақ ашық соғыста жеңіске
жететін болса, ал бірінің соңынан бірі келіп жатқан жеңістер оның әскери,
экономикалық және идеологиялық қуатын қамтамасыз етіп жатса, онда бұл
мемлекеттің
Империяға
айналуына ешқандай да күдік келтіруге болмайды.
Дегенмен, империя неғұрлым күшейіп іргесі кеңіген сайын, оның құлдырап,
құлайтын мезгілі де соғұрлым жақындай түседі. Кейде Империяның ұлғаятыны
соншалық, оны құдды бір динозавр дерсіз, өйткені оның «бармақтай» ғана басы
өте үлкен болады да, ол алып денені басқаруға қауқарсыз болып қалады. Осыдан
барып, метрополия мен шеткі аймақтар арасында сызаттар пайда болады.
Соның салдарынан басқару жүйесіндегі «сызаттар» ахуалды реттеуге, басқару
тетігінің жұмысын жолға қоюға мүмкіндік бермейді. Орталық тоталитарлық
аппарат, «тәуелсіздік» туралы ойлай бастағандардың бастарын біріктірмеуге
күш жұмсайды, осыны талап қылады. Алайда, ықпалдастықтың жұлынына
«жегі құрт» болып түскен бұл кесел империяны іштен құртпай тындайды. Ең
бастысы, орталықтан бөліне тартқан «қашқындардың» көбейе түсуі себебінен
империяның күші күн өткен сайын кеми береді, оның әлсірейтіні соншалықты,
ол күндердің күнінде кімнің дос, ал кімнің қас екендігін айыра алмайтын
ахуалға түседі және де қорғансыз қалып, түбінде бөлшектеніп кетеді. Соңында,
43
Империяның патшалығында
тарихтың көшінде қалып бара жатқан бір кездегі алып империяның сөзі
өтпейтін, онымен ешкімнің де санасқысы келмейтін күйге түседі. Империяның
ләззатқұмар ойлау жүйесі оның өзін құлдыраушылыққа алып келеді.
Дегенмен, кей жағдайларда ұлттық-саяси негіздердің мықтылығы, орталық
мемлекеттік әлеуеттің сақталуы, жымын білдірмей жақындап келе жатқан
құлдыраушылықты дер кезінде, тамыршыдай тап басып түсіне білу, сондай-ақ
оған қарсы тиімді шаралар қабылдай алу, құрдымға қарай кетудің жолын қиып,
төне түскен күйреу кеселінен аз шығынмен шығып кетуге мүмкіндік береді.
(Мұндай оқиғалар Британия, Осман және Ресей империяларының басынан өтті).
Егер де ондаған елдер белгілі бір уақыт аралығында көршілес ретінде бейбіт
өмір сүре алатын болса, империялар керісінше, мұндай қадамға төзімсіз келеді.
Өйткені, империялардың мемлекеттерге деген көзқарасы қайшылықтарға толы,
олардың бір-біріне деген қарым-қатынасын өзара қарсылықтар бөліп тастаған
деп айтуға болады. Империялардың бір-бірімен қақтығыстары планеталық
деңгейдегі әскери-саяси сілкіністерге, экономикалық дағдарыстар мен қайғылы
соғыстарға, мемлекеттердің бір саяси полюстен екіншісіне көшулеріне алып
келеді. Олардың арасындағы күштік баланстар салыстырмалы тұрақтылықта
қалып, халықаралық өмірі дүрдараз жағдайда қалып қояды. Даңқтың шыңына
көтерілген империялар көптеген жерлерді басып алады. Әлемде екі ірі империя
пайда болған сәттен бастап күні бүгінге дейінгі аралықта, өткен тарихи кезеңде
бұл шамамен екі жарым мың жылды құрайды, олардың өктемдігінің мөлшері –
жерлерді басып алумен қатар, халықаралық саясаттың қайнаған ортасында болу
және оны өздері қалаған арнаға бұра алуға ықпалдылығымен де өлшенеді. Жер
көлемінің көп болуы күшті экономиканы, ал күшті экономика – қуатты әскерді,
ал қуатты әскер өз кезегінде – бұрынғыдан да адуынды және беделді саясат
жүргізуге қабілеттілігін арттыра түседі. Айталық, Ахеменидтер империясы
(б.э. дейінгі 480 жыл) - 8 млн. шаршы шақырым аумаққа, Рим империясы (б.д.
дейінгі 117 жыл) - 6 млн. шаршы шақырым, Ғұндар империясы (б.д. дейінгі
453 жыл) – 4 млн. шаршы шақырым, Көктүріктер империясы (572 жыл) – 14
млн. шаршы шақырым, Ұмай халифаты (720 жыл) – 11 млн. шаршы шақырым,
Аббасидтер империясы (750 жыл) – 11 млн. шаршы шақырым, Түркі-моңғол
империясы (1309 жыл) – 24 млн. шаршы шақырым, Қытай-юань империясы
(1320 жыл) – 11 млн. шаршы шақырым, Осман империясы (1683 жыл) – 5 млн.
200 мың шаршы шақырым, Манчу-гиг қытай империясы (1800 жыл) – 1 млн.
шаршы шақырым, Испания империясы (1800 жыл) – 14 млн. шаршы шақырым,
Португалия империясы (1815 жыл) – 10 млн 400 мың шаршы шақырым,
Ресей империясы (1905 жыл) – 22 млн. шаршы шақырым, Екінші франциялық
колониалдық ипериясы (1920 жыл) – 15 млн. шаршы шақырым, Ұлыбритания
империясы (1920 жыл) – 34 млн. шаршы шақырым жерге иелік етті.
Соңғы жүзжылдыққа тақағанда олардың көпшілігі бір-бірімен бетпе-бет
келді, соғысты, қирады, аяғынан қайта тұруға, күш-қуат жинауға тыраштанды,
|