37
Түркі мемлекеттігінің генезисі: тарихи және саяси қарым-қатынастардың құбылысы
алғашқы ғасырларында түркі мен ислам өркениеттері үнемі қақтығыста болып
жүргенімен, соңын ала олар өз еріктерімен бірікті,
бұл ендігі жерде әлемдік
тарихтың нағыз бетбұрыс кезеңіне айналып сала берді. Осы тұста бұған дейін
көп айтылып та, жазылып та келгенімен, оның түпкілікті түйініне мүмкін әдейі
немесе бұған жете мән беріп, назар аудармағандық салдарынан болар, әйтеуір
әлемдік тарихта мынадай үдерістер орын алды. Орталық Азияның мыңжылдық
тарихында доминанттық рөлге ие болып келген түркілер, Каспийдің
айналасындағы аумақтарды толық қоршауына алып, Таяу Шығыс пен Кавказға
дейін келді, сонымен қатар Анадолыға бекініп, Еуразияның геосаяси орталығын
осы аталған аумаққа көшіріп алды.
Мейлі қайда болмасын, түркілер табан тіреген
жерде әлемдік саясаттың
«қазыналы қазаны» бұрқ-сарқ қайнап сала беретін. Сондықтан да,
кезінде
әлемдік саясаттың тартымды орталығының түркілердің арқасында ғана
Азиядан Еуропаға қарай жылжығанын
бүгінгі еуропалықтардың түсініп қана
қоймай, оны мойындағандары да мақұл.
Түркілер
біздің дәуіріміздің жаңа
мыңжылдығында Шығыстың Жаңа Тарихын бастады. Сол уақыттарда Батыстың
алдыңғы қатардағы озық ойлы деген оқымыстыларының өздері – мыңжылдықтар
тоғысындағы шешуші саналған
осы геосаясаттың
(
Достарыңызбен бөлісу: