Шашыраңқылықтың біртұтастығы
мақсаты санайды. Солтүстік және Оңтүстік Әзербайжанның жалпы аумағы
Түркияның жер көлемімен бірдей деп есептелгенімен, біздің қолымызда
Әзербайжан Республикасының (Солтүстік Әзербайжан) жер аумағы 86600
шаршы шақырымға тең деген нақты ақпарат бар. Осы көрсеткішке сәйкес
Әзербайжан жер көлемі жағынан әлемдегі 113-ші мемлекет, 9 327 000 халқы
бар, ол адам саны жағынан – 83 орында. Адамның даму индексі бойынша
(0,713) көрсеткішіне ие болған халық әлемде - 67 орында. Экономикасының
даму қарқыны бойынша 2005 жылдан бері Әзербайжан жетекші мемлекеттердің
біріне айнала алды. Ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) жылдық көлемі 62 млрд 321 млн
АҚШ долларын, ал халықтың тұтыну көлемі – 6 832 долларды құрайды. 1996
жылы экономикалық дағдарыс ауыздықталғаннан кейін ІЖӨ деңгейі 5,7 есе,
оның ішінде өнеркәсіп – 5,5 есе, ауылшаруашылығы шамамен 2 есе, құрылыс
секторы 41 есе, көлік қатынасы – 4 есе, байланыс саласы – 19 есе, сауда –
6 есе өсті. Бүкіл әлемді тығырыққа тіреп қойған дағдарыстан Әзербайжан мей-
лінше аз шығынмен шыға алды. Салыстыру үшін айта кететін жайт, егер де
2009 жылғы дағдарыс кезінде ТМД елдеріндегі өндірістің құлдыру көрсеткіші
6 пайыз құраған болса, дәл сол мезетте Әзербайжан 10 пайыздық өсімге қол
жеткізе алды. Небәрі 14 жыл (1996-2001 жылдар) ішінде Әзербайжан экономи-
касына 55 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылды. Бұл инвестициялардың
жылдық көлемі уақыт өткен сайын арта келе, 2010 жылы ең жоғарғы деңгейге,
яғни 8,2 млрд АҚШ долларына жетті. Жалпы алғанда, тәуелсіздікке ие болған
жылдар ішінде ел экономикасына 90 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция
тартылыпты. Сонымен қатар, өткен он жыл ішінде банктік-несиелік ұйымдар
тарапынан берілген несие көрсеткіші де 20 есеге дейін өскен. Әзербайжанның
мұнайы мен газын әлемдік нарыққа тасымалдау мақсатында қолға алынған Ба-
ку-Тбилиси-Джейхан және Баку-Тбилиси-Эрзурум тасымалдау құбырларының
құрылысы аяқталып, Әзербайжан мен Еуроодақ арасындағы энергетикалық
жобалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде аталған екі тасымалдау құбыры
арқылы 150 млн тонна мұнай және 17 млрд текше метр газ тасымалданды. Соны-
мен қатар тасымалдау фазаларының жүзеге асырылуы нәтижесінде Қазақстан
мен Түрікменстан секілді бауырлас елдердің мұнайлары да тасымалдана бас-
тады (90,89). Қазіргі уақытта Әзербайжанның табиғи газ қорының мөлшері
2 трлн. шаршы метр құрайтыны белгілі болып отыр. Таяудағы Трансанадолылық
және Трансадриатикалық жаңа газ тасымалдау құбырларының құрылысын
салу жөніндегі қол қойылған келісімдер біздің еліміздің экспорттық және тасы-
малдау әлеуетін айтарлықтай арттырып қана қоймайды, сонымен қатар Еуропа-
ны көгілдір отынмен қамтамасыз етуде Ресейді монополиялық ету мәртебесінен
айыруға да айқын мүмкіндік туғызады.
Әлемдік өркениеттің тарихи жетістігінің бірегейі саналатын «Жібек жолы»
идеясының өзектілігі қайта жаңғырып, ол бүгінгі таңда әлемдік тасымал
жобаларының ішіндегі ең іргелі күретамырының біріне айналды. Бұл жобаның
ауқымында жүзеге асырылуы тиіс маңызды мақсаттардың бірі, сөз жоқ,
60
I ТАРАУ
Тарихтан туындаған болашақ
түркілердің қайта бірігуінің стратегиялық тұғырнамасының берік іргетасын
қалау болып табылады.
Түркілердің ең ежелгі мемлекеттерінің бірі – Алтын Орда империясы,
Ноғай және Қазақ хандығы секілді құрылымдардың құрамында эволюцияның
барлық сатысынан өткен қазіргі Қазақстан Республикасы, Сақтар, Ғұндар,
Көктүріктер, Қарахандар мен Қыпшақтар секілді мемлекеттердің Отаны бо-
лып, қыпшақтардың тал бесігіне айналды. Аумағы 2 727300 шаршы шақырым
құрайтын Қазақстан жер көлемі жағынан әлемдегі 9-шы мемлекет болып табы-
лады. Оның алып жатқан ауданы шамамен Шығыс Еуропаның көлеміне тең.
Сонымен қатар Қазақстан ислам және түркі мемлекеттерінің арасында да жер
аумағы мен табиғи байлықтардың ресурстық қоры жөнінде ең бай ел ретінде
мойындалады. Халқының саны – 16 638000 адам құрайды. ІЖӨ жылдық көлемі
178 млрд 312 млн АҚШ долларын, ал халықтың тұтыну көлемі – 10 694 дол-
лар құрайды. 2009 жылғы барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша,
Қазақстандағы мұнай қорының мөлшері 39,6 млрд баррель, яғни 6,5 млрд тон-
на құрады, бұл көрсеткіш жалпы әлемдік мұнай қорының 3,2 пайызы екендігін
көрсетеді. Қазақстан Үкіметі 2011 жылы мұнай өндіру деңгейін жылына 100
млн тоннаға дейін жеткізді, ал 2015 жылға қарай бұл мөлшерді 150 млн тоннаға
дейін жеткізу межеге алынып отыр. 2009 жылдың басындағы дәлелденген
ақпараттарға қарағанда елдегі табиғи газдың жалпы қоры 1,82 трлн шаршы
метр, яғни әлемдік қордың 1,7 пайызын құрады. Тәуелсіздік алған жылдар-
дан кейінгі мұнай өнімдері мен газ сатудан түскен пайда айтарлықтай болып,
соның нәтижесінде Қазақстан өмір сүру деңгейі жөнінен Азиядағы ең дәулетті
мемлекеттердің біріне айналды (247).
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы Орталық Азияның
дамыған елдерімен үйлесімділік қарым-қатынастарын орнатуға, сондай-ақ түркі
мемлекеттерінің бірлестігін білдіретін елдермен тығыз байланыс дамытуға және
осы тұрғыдағы басымдықты сақтауға бағытталған. Орталық Азияның өзбектер,
түрікмендер және қырғыздар секілді ежелгі мемлекеттері мен халықтары та-
рихи эволюцияларының нәтижесінде, негізінен тұрақты аумақтар шегінде
құрылған Өзбекстан, Түрікменстан және Қырғызстан өсіп келе жатқан осы
өңірдің Шығысымен де, Батысымен де тығыз қарым-қатынастарын дамытқан
елдер саналды.
Өзбек хандығын (Шейбанидтер мемлекеті) 1468 жылы Тимуридтер жойып
жібергенімен, ол 1500 жылы (Әзербайжанның Сефевидтер мемлекетімен бір
мезгілде) қайта жаңғырды. Кейінірек, тура Әзербайжандағы секілді (Бұхара,
Қоқан және Хиуа хандықтарына бөлінген) Өзбекстан ХІХ ғасырда Ресей им-
периясына қосылды. Ал, 1920 жылға дейін ол Бұқара әмірлігі деп аталған мем-
лекет болды. Өзбекстан тек 1924 жылғы ұлттық қарсылық қозғалыстың толық
жойылуынан кейін ғана КСРО құрамына қосылды. Аталған республика КСРО
құрамында болған кезінде одақтың ішінде және одан тысқары жерлерде де
мақта өсіретін аграрлық аймақ ретінде танымал болды. 1991 жылдың 31 тамы-
|