Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет31/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

Шашыраңқылықтың біртұтастығы
асыра алған жоқ: 
Еуразияның түркілік этножүйесі қолдан жсалған күштеулер 
мен қысымдарға қарамастан, өзінің біртұтастығын сақтап қала алды. 
Тіпті, 
Шығыс пен Шығыс Еуропада тұрып жатқан тамыры түркіден тарайтын ұлттар 
дәп бүгінгі күнде де өзіндік ерекшеліктерін сақтап қала алды. Қиыр Шығыс 
пен Таяу Шығыста саны жағынан да ұлттық-мәдени тереңдігі жағынан да 
өзгелерден ерекше екі түркі ұлты бар: олар Қытайдағы ұйғырлар мен Ирандағы 
әзербайжандар. Қазіргі уақытта Орталық Азияның көптеген елдеріне сіңісіп 
кеткен ұйғырлардың байырғы отаны, кезінде Қытайда үстемдік құрған Ұйғыр 
империясының жері болған еді. Бүгінде аталған ірі аймақ Қытайдың меншігі 
есептеледі. Шыңжаң-Ұйғыр (қытайша –
 Хинжуан
) автономиялық облысының 
көлемі 1 660 000 шаршы шақырым құраса, онда 21 813 334 ұйғыр тұрып жатыр 
(халық саны жағынан әлемдегі 25-ші орын) (236). 
ХІ ғасырдан ХІХ ғасырға дейін жетекші орынды иемденген, бүгінде аталған
ел халқының үштен бірін құрап отырған әзербайжандардың Ирандағы жалпы саны 
79 млн адамды құрайды. Бүгінгі Иранда да Ресейдегі секілді, әзербайжандардың 
ұлттық-географиялық тұтастығын бұзу үшін ежелгі Әзербайжандардың жері Ба-
тыс және Шығыс Әзербайжан деп аталатын екі әкімшілік бөлімге бөлінді де (252), 
аймақтың осыдан қалған жер бөліктері көршілес басқа облыстардың меншігіне 
үлестіріліп берілді. Қытайдағы ұйғырлар секілді, Ирандағы әзербайжандар да 
белгілі уақыттарда ұлт-азаттық қозғалысы көтерілістерін жасап отырды, алайда 
ол әрекеттер дер кезінде аяусыз жаншылып отырды. Дегенмен де, бұл азаттық 
жолындағы қасиетті күрестің тамыры түбірінен қиылды деген сөз емес. ХХІ 
ғасыр әлем халықтарына, соның ішінде түркі әлеміне де даму бағытының ке-
лешегін ашты. Қазіргі уақытта түркіден тараған миллиондаған адамдар және 
солардың қолымен жасалған 
Ұлы Түркі Диаспорасы
тарихи жад негізінде 
түркі әлемінің бірлестігі идеясы жолында жаhандық әрекеттерге қосылуда. Бір 
кездері Корея мен Моңғолиядан бастап Балқанға дейінгі алып кеңістікте өзінің 
мемлекеті мен автономияларын, сондай-ақ олардың ықшам шоғырлануын 
ұйымдастыра алған түркі халқы қазіргі уақытта сол арадағы байланыстардың 
тереңдігі мен жылуын жан-тәнімен сезіне білуде. Екі жүз жылдық саяси-тарихи 
күйзелістердің салдарынан бөлектеніп, түрлі аумақтарда, түрлі мемлекеттердің 
құрамында жүріп тіршілік етсе де, олар жүрек соғыстарының, идеяларының, ал 
ең бастысы – 
Болашағының 
ортақ екендіктерін түсіне алуда. 
Бөлінгенді біріктіру – бұл олардың тарихи тағдыры. Өйткені, ежелгі кездерде-
гі секілді, бүгінгі күні де Еуразиядағы түркілер этносаясат пен этномәдениеттің 
қаншалықты ала-құла екендігін және оларды біріктіру мүмкіндігінің қаншалықты 
қажетті екендігін де өте жақсы түсінеді! Тұтастық бөлшектенеді, ал керісін-
ше шашылғандар қайта бірігеді, тарих диалектикасы осындай. ХХІ ғасырды 
түркілер ғасыры деп жариялаушылар өз ойларын тура осы қисынға сүйеніп 
айтты десек артық емес. Сондықтан да біздер барлық жолдардың Түркілердің 
Бірлесуіне алып келетін ғасырында өмір сүріп жатырмыз деп ауыз толтырып 
айтуымызға толық негіз бар!


64


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет