Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы


ТҮРКІ БІРЛІГІ ИДЕЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет32/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

4. ТҮРКІ БІРЛІГІ ИДЕЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ 
Түркі бірлігі идеясының эволюциясы өзінің заңдылықтары және 
көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Бұл үдеріс түркі тайпаларының этникалық 
бірлесуге жасаған алғашқы қадамдарынан бастап, қазіргі уақытқа дейін-
гі жалғасып жатқан халықаралық саяси бірлікті құруға бағытталған күрделі 
кезеңдерін қамтиды. Осы эволюциялық үдерісте идея біртіндеп толығырақ 
маңызға ие бола бастайды, өзін жаңа тарихи кезеңнің ақиқатында көрсету үшін 
жан-жақты тәжірибелер де жинақтайды. Сол арқылы бөтен идеологияларға 
қарсылық көрсете алатын қабілетке де ие болады. Түркі бірлігінің идеясы өзінің 
өзектілігін мемлекеттер мен алып империялар құрылып жатқан уақыттарда 
да, одан соңғы кері кетушілік пен құлдыраушылық кезеңінде де жоғалтпады. 
Түркілер қай уақытта болмасын тұралаған ахуалдан тез тұрып кете алатын да, 
сәтсізіктің себебін – түркі мемлекеттері арасындағы бірліктің сетіней бастауы-
нан көретін. Ал, бір кездегі мызғымастай көрінген бірліктің бетіне түсе бастаған 
сызатты олар, 
өмір сүру заңының бұзылуынан 
деп түсінді. Егер де бірліктің ба-
сынан бағы тая бастаса, онда көп ұзамай оның орнын бейберекеттіктің баса-
ры сөзсіз. Ал, «бірлік
 
бар жерде тірлік бар» демекші, өз ара терең түсіністік 
болған тұста үйлесімділіктің үстемдік құрары да анық. Сондықтан да түркілер 
мемлекеттік пен империядан айрылғанымен де, даналығынан айрылған жоқ. 
Олар жаппай торығуға түспеді, керісінше сол бірліктің негізіндегі мәңгіліктің 
еш уақытта да сөнбейтін қуат көзін алға қарай жылжытудың жаңа бағытына 
қарай ұмтыла алды. Осы себептер бойынша тарихтың кез-келген кезеңіндегі 
түркілердің кері кетушіліктері, кем дегенде 
оларды алға қарай дамуға жете-
лейтін жаңа жол ашты. Нақ осы кері кетушілік кезеңінде, әсіресе ХІХ және ХХ 
ғасырдың басында түркілердің бойларына тән табандылығы, тұрақтылығы мен 
ұлттық жадының беріктігі арқасында өздерінің мемлекеттігінің негізін қалай 
алды. Соның нәтижесінде мемлекет құруды қаматамасыз етті. 
Өйткені, мәселенің шындығына келер болсақ, түркілер қолында адамзат 
баласының мақтануына тұрарлық және бірауыздылықты қамтамасыз ете ала-
тын 
бірліктің берік үлгісі 
болды. Түркілер жаңа мемлекеттер мен империялар 
құра отырып, өздері өмір сүретін этногеографиялық аумақты кеңейте берді. 
Сонымен бірге аталған кеңістіктің әлеуметтік-саяси бірлігін қамтамасыз ету 
идесы туындады және оларды мұраға қалдырудың жолын қарастыру да өмір 
қажеттілігіне айналды. Сонау ежелгі дәуірден бастап І мыңжылдықтың соңына 
дейінгі аралықтағы ұзақ тарихи кезеңдегі 
ғұн-түркүт-көктүркі – түркі-
оғыздардың жаңа ұрпақтары, түркілер-қыпшақтар, түркілер-бұлғарлар, 
түркілер-қарлұқтар, түркілер-ұйғырлардың 
мұрагерлік жүйелерінің этникалық 
және әлеуметтік-саяси саралануының барлық ақиқаттары назарға алынды. Со-


65
Түркі бірлігі идеясының эволюциясы
нымен қатар, этножүйенің дихотомиялық бірлігін сақтап қалу мен соған қол 
жеткізу жолындағы әрекеттер нәтижесінде Еуразияда ширақ та тұрақты кеңістік 
қалыптасты. Бұл географиялық кеңістікті 
Түркілік немесе Тұрандық 
әлем деп 
атап кеткен көршілес елдер, шындығына келгенде, олардың нағыз атауының 
ақиқатын анықтап берген еді. Осыдан кейін, тіпті ХІХ ғасырға дейінгі кезеңде 
Еуразияда өткен оқиғалардың барлығы да тікелей немесе жанамалай болсын, 
бәрібір де 
Түркі 
атауымен тікелей байланысты болды. Осы аталған 
Түркілік
Саяси Мәдениеттің 
үстемдікке қол жеткізуі бірлік идеясының арқасында 
келгендігі туралы айтылады; кейіннен бұл идеялар тұжырымдамалық 
идеологияға айналды..
Түркі бірлігі идеясының ең алғашқы нышанын, біздің дәуіріміздің 680-445 
жылдарында (немесе түркінің Отүкен жазбаларынан) пайда болған Орхон-Ени-
сей ескерткіштерінен кездестіруге болады. Сол кездегі қашалған тастардағы 
түркизм мен мемлекеттік идеяларының ажырамас ұғым 
екендігінің тайға 
таңба басқандай ап-анық жазып қалдырылғанын әлі күнге дейін айқын көруге 
болады. Әли Өзтүріктің 
«Ұлттық өсиет» 
атты кітабында келтірілген (130, 
5 бет) түркі әлемі ұлттық бірлігінің түркі тарихындағы ең алғашқы идеоло-
гы Білге Қағанның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет