Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет37/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

дүниежүзілік түркизм қозғалысына 
ұлттық түркизмді 
қосып, біріктіре алған алғашқы жұлдыз-басылымдар бол-
ды (92, 87-95 беттер; 55, 165-443 беттер; 302, 30-35 беттер). Бұл кез біздің 
елімізде 
әзербайжандық идея нышанының 
пайда бола бастаған тұсы еді (74). 
Америкалық әзербайжантанушы Тадеуш Святоховский түркизмнің алғашқы 
тұғырнамасын егжей-тегжейлі зерттей келе, оның ұлттық мәдени факторынан 
бастап «пантүркизмге» дейінгі өсу деңгейін қадағалай отырып, «Хаят» газетінде 
басылған «Түркілік, Исламдық, Еуропалық» лозунгының негізін қалаушының 
және танымал «Фиюзат» журналын бастырып шығарушының есімі Әли бек 
Гусейнзаде деген қорытындыға келеді. Содан кейін ұлы идеолог-түркішіл Зия 
Гекалптің тұғырнамасына («Түркизмнің негіздері») жүйелендіріліп, одан әрі 
Осман империясының түркі мемлекетіне ауысуының ең негізгі идеологиясына 
айналды (302, 34-35 беттер). 
Зия Гекалптің есімі түркизм идеясының бастауында тұрған Исмайл бек Гас-
пыралы, Ахмед бек Ағаоғлу және Әли бек Гусейнзаделардың аттарымен қатар 
айтылады (40, 12 бет). Әли бек Гусейнзаде (1864-1940) бүкіл саналы ғұмырын 
сарқыншағына дейін түркі әлемінің бірлігі идеясына арнап, осы тұрғыдан 


71
Түркі бірлігі идеясының эволюциясы
келгенде түркизмнің, оның философиясы, саясаты және мәдениетімен бір сәтте 
шаршамай-шалдықпай жұмыс жасаған, сирек адамдардың бірі (51). «Ұлттық са-
на-сезім эволюциясы және оның Орта ғасырлық философиядан ұлттық тұрғыға 
өтуінің өзін де осы ойшылдың сіңірген өлшеусіз еңбегі деп бағалауымыз керек. 
Тіпті кеңес дәуірі кезінде де Әли бек Гусейнзадеге қарсы «пантүркизм» деп кінә 
таққандардың өздері, оның «Әзербайжандағы түркизм қозғалысының тұңғыш 
насихаттаушысы» екендігін әлдеқашан мойындап қойған». Ұлы идеолог-ой-
шылды зерттеуші Әзер Тұран: «Егер де Әли бек Гусейнзаденің «Тұран» өлеңі 
тұранизм идеясының әліппесі деп есептелер болса, онда «Түркілер кімдер және 
олар қайдан пайда болды» атты еңбекті осы идеологияның хрестоматиясы деп 
айтуға толық негіз бар», деп айтқаны шындық (76, 201, 205, 207 беттер). Әли 
бек Гусейнзаденің асқан көрегенділікке негізделген өте қисынды тұжырымы, 
бір кездері бөлшектеніп кеткен түркі әлемінің қалыптасқан ахуалдан шығып, 
қайта бүтінделуіне еш мүмкіндік бермей келе жатқан, астыртын милитарист-
тік саясаттың себебін (атап айтқанда ұлыорыстық шовинизм мен парсылық 
ұлтшылдық) әшкерелеп, мұндай пиғылдың күлін көкке ұшырғандай етеді. 
Нақ осы қисын негізінде ғана келешектегі түркі әлемі қозғалысының бағыт-
бағдарының дұрыс таңдалуын жүзеге асыратын арнаның пайда болғанын да 
айта кету керек.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі түркизмнің тұжырымдық идеясы 
дәл осы аталған арна негізінде басқа ойшылдардың қолдауымен дамыды.
Әли бек Гусейнзаденің серіктесі Ахмед бек Ағаұғлы (1869-1939) Түркия мен 
Әзербайжан, тіпті Еуропадағы жалпытүркілік мәдениет пен саясаттың жетекші 
жобалаушысы саналды. Шушада (Қарабақ) дүниеге келген Ахмед бек Ағаоғлу 
(Агаев) Петербургте және Парижде оқып білім алды. Ал, ХІХ ғасырдың 90-
шы жылдарынан басында Франциядағы атақты басылымдарда көкірек кер-
неген өзекті мәселелермен тұрақты түрде жариялана бастады. Ол 1892 жылы 
Әлем Шығыстанушыларының ІХ Халықаралық Конгресіне қатысып, онда 
француз тілінде баяндама жасады. Парижде болған кезінде Шығыс-Исламдық 
Жаңғырудың өкілі Шейх Джамаладдин Афганимен жүздесті, ақиқатына көшер 
болсақ, осы кездесу оның өмірінде шешуші рөл атқарды. Әзербайжанға қайта 
оралғаннан кейін ол 1897 жылы Алимардан бек Топчибашевпен, сондай-ақ
Гасан бек Зардаби, Нариман Нариманов, Джалил Мамедкулизаде, Фирудин бек 
Кочарли секілді танымал әдебиет тарландарымен бірлесе отырып, «Каспий» га-
зетін шығарады.
Әзербайжандағы Ресей империясының армян ұлтынан тағайындалған цен-
зоры (әзербайжан баспасөзіне армян ұлтының цензор болып тағайындалуының
өзі түсініксіздеу емес пе?) Ахмед бек Ағаұғлын «барып тұрған нағыз панисла-
мист және пантүркист» деп қаралап бақты. Шынтуайтында ол, Кавказдағы, оның 
ішінде 1905-1906 жылдарғы Әзербайжанда мұсылмандарға қарсы жасалған 
геноцидтің барлық фактілерін алғашқы болып тіркеп, құжаттап-хаттаған 
жалғыз ұлтжанды адам еді. Кавказдағы Ресей билігінің өкілі Воронцов-Даш-


72


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет