Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет42/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
байланыста, алыс-берісте болған әлем халықтары мемлекеттің дәстүрлерін 
меңгерді және оларды өздерінің күнделікті тіршілігінде кеңінен қолданды. 
Дегенмен, түркі мәдениетінің ішкі рухани байлығы тек мемлекеттіліктің 
мәдениетімен шектеліп қана қоймайды. Сонымен қатар, түркі мәдениеті өз бойы-
на 
әлеуметтік-саяси, адамгершілік, көркем, гуманитарлық, экологиялық және 
басқа да мәдениеттерді 
де жинайды.
 
Түркі әлемінің мәдени-интеллектуалдық 
өмірін, оның барлық құндылықтарын тарихи-мәдениеттану тұрғысында 
зерттеген ғалымдар, түркі өркениетінің әлемдік өркениеттің өңешінде мүлдем 
жұтылып кетпей, аталған әлемдік өркениеттің әмбебаптық сапаларын бойына 
жинағанын, олардың тиімді тұстарын өздеріне синтездеу жолымен ала отырып, 
бастапқы табиғилығы мен өзіндік ерекшеліктерін сақтап қала алуларын өте си-
рек кездесетін бірегей құбылыс ретінде деп бағалап отыр (230; 241; 328; 126; 
98). 
Түркі мемлекеттіктерінің мәдениеті, 
бірінші кезекте, мемлекеттік 
дәстүрлердің біртұтас-сатылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, оны 
ұйымдастыру ісінде әкімшілік жүйелер тұрақтылығының «алтын ережелеріне» 
арқа сүйейді.
Түркілердің 
әлеуметтік-саяси мәдениеті – 
мәселен, үнділік, қытайлық, 
грекиялық және римдік дәстүрлі қоғамнан ерекшелігі – түрлі таптар мен қоғам- 
дық топтарға бөлінген жоқ, есесіне адамдардың қоғам және мемлекет алдындағы 
рөлі олардың әлеуметтік мәртебесінің негізінде белгіленіп отырды. Біздің 
пікіріміз бойынша, өткен кезеңдерде көшпелі өмір үлгісін ұстанған түркілердің 
«дала демократиясы» қағидаты, сол кездегі отырықшы қоғамның тас болып 
қатып қалған қасаң тәртібінің талаптарымен салыстырып қарағанда, әлдеқайда 
жұмсақ та жоғары, сондай-ақ түркілік пассионаризмнің синергетикалық 
сапаларына ие болды деп айтуға әбден болады. Нақ осы атап көрсетілген 
артықшылықтар түркілердің көптеген тарихи жеңістерге жетулеріне жол ашып, 
септігін тигізді.
Түркілердің 
экономикалық мәдениеті 
империя мен мемлекетті құру 
барысында уақыт талабына сай өзгерістерге ұшырап отырды, көшпелі мал 
шаруашылығымен қатар қала салудың архитектурасы мен сауда-саттықтың 
да жолдарын игере бастады. Түркілер табиғатынан өте еңбекқор халық 
болғандықтан, олар тарихтың қай кезеңінде болмасын ашығып, жабыққан жоқ, 
өздерін тұрмыстық қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралардың барлығын 
да қамтыды, шаруашылық жүргізудің мәдениетін де терең игере білді. 
Империяның мейлінше гүлденіп тұрған кезеңінде мемлекет пен әскерді асырау 
үшін түркілердің экономикалық әлеуеті өте күшті болған еді. Ал олардың 
Самарқан, Бұхара, Тебриз, Гәнжі, Исфахан, Ыстамбұл, қала берді бір кездегі 
Агра мен Бағдад және басқа да көптеген шаһарлары өз елінің шеңберіндегі ғана 
емес, әлем деңгейіндегі ірі сауда, ғылым және мәдениет орталықтары болып 
саналған-тын.


81
Әлемдік мәдениетті дамыту тарихындағы түркілер
Түркілердің 
Рухани мәдениетінің 
ішкі мазмұны, олардың адамгершілік 
пен руханият, қоғамдық және отбасылық құрылым, дәстүрге адалдық пен 
құндылықтарға беріктік секілді қасиетті ұғымдардан құралады. Түркілердің 
моральдық кодексі – бұл жазылмаған, бірақ одан еш уақытта аттап өтуге 
болмайтын, барлығы да қатаң түрде орындалатын ережелер жиынтығы. 
Отбасында, қоғамда немесе мемлекетте болсын әрбір адам, өз мәртебесіне орай 
белгілі бір деңгейдегі жауапкершілігін ұмытпауы, ол өзін қоғамнан ажырамас, 
одан бөлінбес бөлшегі ретінде сезінуі тиіс. Бұл оның адалдығы мен өзіндік 
танымының көрсеткіші саналады, өз кезегінде аталған осы қасиеттер түркі 
мәдениетінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Түркілердің 
Көркемдік мәдениеті – 
көне заманнан бері
 
әлемдік 
мәдениеттің алып бірлігімен біте қайнасып кеткен ең озық салалардың бірі. 
Адамзат өркениетінің құрдасы саналатын Пазырық қорғанынан бастап Тәж-
Махалға, Тебриздің миниатюрлық мектебі, түркілердің ең алғашқы жазба 
ескерткіштерінен, бүгінгі Шыңғыс Айтматовқа дейінгі аралықтар... түркілердің 
көркемдік мәдениетінің тәрбиеленушілері – бұлар, адам санасының көкжиегін 
үнемі дамытып келе жатқан эстетикалық қайнар көздер. Түп-тамыры ежелгі 
түркі тілінен таралған бүгінгі түркінің ұлттық әдеби тілдерінің әрқайсысы 
ақындық өнердің ең жоғарғы деңгейіне дейін көтерілді. Сондай-ақ, әлемдік 
мәдениеттің шынайы жауһарлары да осы аталған тілдерде дүниеге келіп, 
жазылды.Түркілік классикалық көркем мәдениет түркі өркениетінің әсемдік 
негізін қалыптастырды және осының негіздерінде жаңа уақыттарға сәйкес, 
түрлене түсу мүмкіндіктеріне де ие болды.
Түркілік 
Гуманитарлық мәдениет 
ғылыми-интеллектуалдық тәжірибелер 
жасау тұрғысынан келгенде, оның жинақтары мен мұралары, сөз жоқ, үлкен 
маңызға ие. Білге – ол өте білімді, даналықтың ең биік шыңына дейін көтерілген, 
өмірлік тәжірибесі өте бай, нағыз данагөй де ғалым адам болған. Білгенің ой-
өрісі – бұл дегеніміз, дарындылықтың барлық өлшемін қамтамасыз ете алатын 
қоғамның рационалды негізі, ойлаудың үлгісі. Білгенің гуманитарлық міндеті, 
іздейтін, онысын табатын және біліктілігін адамдар мен қоғам арасындағы 
қарым-қатынастарды дұрыстауға қолданылатын, әрекет құралдарының дұрыс 
үлгісі ретінде таңдалынып, оларды өмірлік тәжірибеде тиімді пайдалану болып 
саналады. Сондықтан да түркі қоғамы Білгеге, оның білімі мен даналығына 
шүбәсіз сенген. Ал, мұндай үрдіс қоғамды кездейсоқ қадамдарға барудан, 
«әдептен аттатын» қажетсіз әрекеттерден сақтандырып, пайдалы нұсқаларды 
іздеуге бағыттайды, осындай келелі істерге қарай жұмылдырады.
Түркілердің 
экологиялық мәдениеті
қоршаған ортаға ешқандай да зиян 
келтірместен адамдардың «табиғаттағы үйлерінде» өмір сүруі формуласын 
бекіте түседі. Түркілер ықылым заманнан-ақ өркениет пен табиғаттың өз 
ара үйлесімділігіне артықшылықпен қарап, оның тазалығын қаз-қалпында 
сақтауды өздерінің қасиетті борышы санады. Түркілер ХVІІІ-ХІХ ғасырларда 


82


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет