Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет43/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
басталған «өркениет марафоны» атаулы технология ғасырының көшіне 
білімсіздігі салдарынан емес, керісінше «өркениеттің қоршаған ортаға залал 
әкелетін тұстарын» түйсігімен сезе алғандықтан ғана ілеспеді. Осындай 
дәлелді себептердің нәтижесінде қалалар салынғанымен, олардың зардаптары 
түркілердің табиғи және әлеуметтік экологиясына айтарлықтай нұқсан келтіре 
қоймады.Түркі суперэтносының мәдениет қалыптастырушы кемеңгерлері 
әлемдік өркениетті тек әмбебап мемлекеттік дәстүрлермен, түрлі ғылыми және 
қымбат мәдени жәдігерлермен ғана емес, сонымен қатар жоғары адамгершілік 
өлшемдерімен, мәдениеттің аса жоғары деңгейімен, басқа халықтар және 
қауымдармен қарым-қатынасты тереңдетудің теңдессіз үлгісіне айналған 
әлеуметтік іс-әрекеттер көрсеткіштерімен де байытты.
Сондықтан да ежелгі өркениеттерге арналған зерттеулерде, оқу құралдары 
мен жинақтарда түркі өркениеті туралы айтылмай қалып немесе жеткілікті 
деңгейде әңгімеленбей келе жатқанын көргенде өзекті өкініштің кернейтіні 
жасырын емес. Мәселен, шығыстанушылар мен көне заманды зерттеуші 
ғалымдар бірлесе дайындаған «Ежелгі өркениет» деп аталатын энциклопедияны 
алып қарайық(159). Мұнда түркі өркениетінің арғы отаны саналатын – Орталық 
Азия туралы айтылған дей тұрсақ та, осы тарихи-мәдени аумақты (ең алдымен 
Түркістан) әдейі және еш негізсіз себептермен «Бактрияның, Парфиляның, 
Соғды мен Хорезмнің жергілікті мәдениеті» деп, көпе-көрнеу бұрмалауға жол 
беріп жіберген (159, 208-209 беттер). (Біздің дәуіріміздің IV-V ғасырларындағы) 
көне мұралар мен жәдігерлер («Қара Тепе» және «Торпақ Қала») деп аталған 
географиялық аумақтар, адамдардың сол кездегі антропологиялық сипаттары, 
аталған ескерткіштердегі бейнелер, айналып келгенде, міне, осылардың барлығы 
да Түркілердің еншісіндегі дүниелер екендігін соқырға таяқ ұстатқанмен бірдей 
етіп көрсетіп отырған жоқ па? Ендеше, мұнан артық қандай дәлел керек?! 
Оның үстіне аталған аумақтағы түркі өркениетінің тамыры тым әріде жатыр 
(біздің дәуірімізге дейінгі ІІ-І ғасырлар) және өшпейтіндей іс тастап кетті. 
Әрине, белгілі тарихи кезеңдерде үндіеуропалық халықтардың бір бөлігі осы 
аймақтарда тұрды, бірақ 
Орталық Азияның – түркі өркениетінің Отаны 
екендігі 
ғылыми түрде дәлелденіп қойған. Түркі өркениеті нақ осы «орталықтан» қайнап 
шығып, жетілген соң кейінгі мың жыл ішінде алып өркениетке айналды.Міне, 
сондықтан да 
түркі мемлекеттігіннің 
қазіргі заманғы доктринасын 
түркілердің 
классикалық саяси мәдениетінің 
жалғастырушысы деп атап кеткен Мұстафа 
Кемел Ататүрік түркі өркениетінің алыптығын мойындауды және осының 
негізінде халықтық жад құруды өсиет етті: «Біздің бабаларымыз үлкен мемлекет 
құрушылар, сонымен қатар олар үлкен мәдениет те қалыптастыра алды. Мұны 
жан-жақты зерттеп, Түркияға, қала берді жалпы төрткүл дүниеге әйгілеу бүгінгі 
күнгі баршамыздың міндетіміз... Біздің арамызда да түркілерді әлемге үлкен 
ұлт ретінде таныстырушылардың болуы керек. Біздер тарихымызды, шыққан 
тегімізді өзгелерге тереңінен таныстырып қана қоймай, оларға нағыз үлкен 


83
Әлемдік мәдениетті дамыту тарихындағы түркілер
ұлттан тараған, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет