76
I ТАРАУ
Тарихтан туындаған болашақ
тұрып жатқан барша түркілердің басын біріктіру
(курсив менікі-Дж.Ф)
– орындалмайтын, ешқандай да сынға жатпайтын мақсат. Бұл қисапсыз
қанды оқиғалармен, ғасырлар бойы ғұмыр кешіп келген адамдардың тірлігі-
мен ілесіп келген шындық. Панисламизм мен пантүркизмнің қолданылуы
бұл өмірде дәлелденбеген» (95, 436 беттер). Түркі мемлекеттерінің басын
біріктіріп, бірыңғай мемлекет үлгісіне келтіру дегеніміз, Ататүрік заманы-
нымен салыстырғанда бүгінгі күндері мейлінше қисынсыз және абсурдтық
идея болып көрінері сөзсіз.
Классикалық түркизмдегі секілді,қазіргі заманғы
түркизмнің көздеген басты идеясы жаһандық түркі мемлекетін, тіп-
ті конфедерация құру болып табылмайды, керісінше бүгінгі халықаралық
жүйеде тәуелсіз нысандар объектілерінің бірлестігін құру екендігін,
біз-
де бірауыздан мақұлдап, мәлімдейміз.
Түркизмнің орыстың еуразиялық тоталитаризмнен басты айырмашылығы
міне, нақ осында жатыр. Орыстың еуразияшылығы тоталитаризмге алып кел-
се, түркілік еуразияшылық – БІРЛІККЕ жол ашады! Бұл жерде түркизмнің
басқа да тәуелсіз түркі мемлекеттерінің әрқайсының ұлттық идеологияла-
ры, саяси доктриналарымен өзара байланыс орнатуы үлкен рөлге ие болады.
Түркизм түркі мемлекеттерінің халықаралық жүйесі ішіндегі әріптестікке ең
жақын саясаты болғандықтан, ол ұлттық саясаттар мен идеологияларда қарама-
қайшылықтарға жол бермейді.Өйткені, кез келген мемлекеттің ұлттық саяса-
ты мен идеологиясы сол елдің даму мүддесіне қарай құрылатындықтан, ұқсас
идеяны жалпытүркілік мемлекеттік деңгейде жылжытқан түркизм де осындай
мақсатты ұстанды.
Түркизм – түркі мемлекеттері бірлігінің идеясы, ал ұлттық
идея болса, ол нақты субъектіге қатысты болмақ.
Мәселен,
әзербайжандық
пен түркизм
арасында қақтығыс, тайталас пен қарама-қайшылықтар болуы
мүмкін бе? Үзілді-кесілді жоқ! Керісінше, гуманитарлық саясаттары мен
стратегиялық жоспарларында олардың іс жүзінде шынайы келісімде болып,
басқа да түркі мемлекеттерінің идеологияларымен үндес келмек.
Ақиқатында Түркизм – біздің түркілігіміздің расталуы. Біздің түркілігіміз
өзін-өзі тануымыздың өзегі болып табылады (39). Түркілік – бұл ұлттық
танымның сондай әмбебап деңгейге дейін көтерілуі, осы жерден түркі әлемінің
географиялық және адамгершілік шекаралары, бүгінгі күннің тарихтан туын-
дайтын келешегінің тағдыршешті есігі анық та айқын көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: