6. ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ: ШЫНАЙЫЛЫҚ ПЕН КӨРЕГЕНДІКТІҢ ҮЛГІСІ Орхон ескерткіштері тарихта тұңғыш рет түркі бірлігінің жазба құжаттар
үлгісінде мемлекеттік саясат деңгейіне дейін көтерілуіне ықпал етті және жалпы
түркі мәдениетінің дамуындағы, оның ішінде әсіресе саяси негіздерінің жолын
қалыптастырудағы маңызы өте күшті болды. ХІХ ғасырдың 90-шы жылдары
қазіргі Моңғолия аумағының Енисей өзенінің жоғарғы ағысындағы Ұлан-Батор
қаласынан 360 шақырым жерде ағып жатқан Орхон өзенінен даниялық әскери
тарихшы Вильгельм Томсеннің көмегімен табылған ескерткіштердегі жазудың
көнетүркі (көктүрік) тілінде жазылғандығын ғалымдар дәлелдеп берді.
Олар 680-745 жылдар аралығында Көктүрік империясының нағыз гүлденіп
тұрған «алтын» уақытында бірегей түркі әріптерімен (руналық әріп деп те
аталады) жазылған болатын. Осы қымбат жәдігерлер түрлі зерттеулерде қилы
аттармен аталынып жүр, мәселен: «Орхон-енисей ескерткіштері», «Орхун
жазбалары», «Өтүкен Түркі Эпитафиясы», «Түркі (руналық) жазбалары»
және т.б. Екі жүз жылдан астам уақыт (552-745ж.ж.) өмір сүрген Көктүрік
империясының, әрине, осы уақыт аралағында Еуразияға басшылық еткені
жасырын емес, сондықтан да құрлықтағы өзінің артықшылығын сақтап
отыру үшін сол кездегі халықаралық қатынастарға сәйкес ұлттық саясат
жүргізуге, ұлттық идеологияны жасауға және саналы түрде аталған саясат пен
идеологияны қоғамдастырып отыру қажет болды. Ескерткіш тастарға қашап
жазылған Орхон жазбаларының мақсаты саяси мәнерде әрекет ететін, мүмкін
болар идеологиялық құралдардың барлығында да түркінің бірлігін көрсету
және сол уақыттағы ұлттық сана сезімнің баии түсуіне үндеу болды. Орхон
ескерткіштері бұған дейін негізінен жұртшылықты тарихи-лингвистикалық
тұрғысынан қатты қызықтырып келген болса, ендігі жерде сол өркениеттің,
яғни жалпы түркі өркениетінің, олардың ұлттық, әскери, мәдени және саяси
болмыстары алдыңғы қатарға шығып, бүгінгі күннің назарына іліге бастады.
Әсіресе түркі халықтарының саяси-мәдени тағдыры үшін Орхон
ескерткіштерінің өзектендірілуінің басты себептерін мына жазбалардан
аңғаруға болады:
1) атауында «түркі» сөзі бар ең бірінші мемлекет – Көктүрік империясының
тарихи құжаттарын жинақтау болып табылады;
2) қазіргі заманғы түркі тілдерінің барлығының атасы саналатын көктүрік
тілінде жазылған;
3) түркі ұлты мен мемлекеттігінің этногенезисін, түркі өркениетінің тарихи
эволюциясын, Еуразиядағы тарихи мәдениетке түсініктеме беретін алғашқы
негізгі дереккөз болып табылады;