Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет51/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

Орхон жазбалары 
– түркі бостандығының, түркі бірлігінің және түркі мемлекеттігінің ең 
ұлы ескерткіші!
– деп айтуға болады. Барлық кезеңдегі барша түркілер үшін 
Одақ туралы Акт
саналатын Орхон ескерткіштерінің беті «Күлтегін», «Білге 
Қаған» және «Тоныкөк» деген жазулардан тұрады. Кейде бұларды «Орхондық 
үштік» деп те атайды. Бірақ, бұлар бар болғаны құлпытастағы жазулар ғана 
емес. Олар түркілердің тарихи дүниетанымы мен болмысын бейнелеп тұр. 
Осы айбынды ескерткіштер мағыналық та, физикалық та және жазылу үлгісі 
бойынша да түркілерді жаулап алушы, сондай-ақ бірлікке ұмтылушы халық 
ретінде көрсетеді.
«Күлтегін» мен «Білге Қаған» Білге Қағанның баласы Йоллұқ-тегіннің 
(соңынан билеуші болған) қолымен жазылған болса, «Тоныкөкті» оның бас 
уәзірі жазып шыққан. «Күлтегін» ескерткішін Көктүрік империясының ең күшті 
қағаны – Білге Қаған ағасы Күлтегін 723 жылы өлген соң, соның атына арнап 
тұрғызды.
 
Гранит ескерткіштің төрт жағына түгелдей көктүркі тілінде сөздер 
қашап жазылған. Ескерткіштің бір жағына қытай тілінде жазылған. Өткен 
уақытқа байланысты ескерткіштегі жазбалардың кей тұстары кертіліп, өше 
бастаған. Сол себепті де сөздердің байланыс қисыны жоғалған, дегенмен негізгі 
айтылар ойды түсінуге болады. Ескерткіш тақтаның бетіне түркі тайпасының 
жалпы гербі бейнеленген және түркілердің мифтік тұрғыдағы шығу тегінің 
символын көрсетететін кескін – 
«сәбиді емізіп тұрған қасқыр» 
суреті де 
салынған. Негізінде «Күлтегін» Білге Қағанның жалпы түркі халқына 
монолог-
арнауы 
үлгісінде жазылған.
 
Ескерткіштің оңтүстік жақ бетінен оқитынымыз 
(мәтін жаңа оқылымда берілген – Дж.Ф.): «Мен көктен туған (көкке ұқсас, 
көктен шыққан) Түркі Білге Қаған таққа отырдым. Менің сөздерімді толығымен 
тыңдаңдар! Сіздер, менің соңымнан ерген кіші туыстарым мен жастар, менің 
одақтас тайпаларым мен халқым!»
Сіздер, оң жақта тұрған әскербасылары, сол жақта тұрған тархандар мен 
әмірлер, Отыз татардың бектері, халық және Тоғыз Оғыздың бектері! Менің 
осы сөздерімді жақсылап тыңдаңдар және назарларыңа мықтап ұстаңдар! 
Алдымызда, күншығысқа қарай, оңтүстікте, жартыкүндік елде, артқы 
жағымызда, күн батысқа қарай, солтүстікте, жартытүндік, – сол жақтың 
барлығында (яғни осы аталған шекте) тұратын халықтар – барлығы да маған 
бағынышты (сөз империяның көлемі жөнінде болып отыр – Дж.Ф.). Осыншама 


94


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет