ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
алып қорғалуы, түрлі түркі халықтарының Көктүрік империясының туы ас-
тында бірігуі үшін – Елтеріс, Қапаған және Білге қағандар қолданған көреген
саясаттар және жүргізілген саясаттағы түрлі түркі халықтарының теңдігі туралы
да сөздер айтылады. Сонымен қатар, ескерткіште жоғарыда аталып өткен
саясатты жүзеге асыру барысында серіктестердің бір-бірлеріне және жалпы
ортақ идеяға адал болғандықтары, ал түркі көшбасшыларының ержүректік
пен жанқиярлық көрсетуде халыққа үлгі бола алғандықтары туралы да терең
баяндалады.
Ескерткіштегі жазбалар мынадай ғибратты сөздермен аяқталады: «Егер де
Елтеріс Қаған жеңбегенде, егер де мен де жеңбегенде (яғни, егер де біздер ортақ
мақсат үшін күреспегенде және жеңбегенде – Дж.Ф.), онда мемлекет те, ұлт та
жойылып кеткен болар еді. Елтеріс Қаған жеңді, мен де жеңдім. Сондықтан да
ұлт ұлт болып қалды, ал мемлекет мемлекет болып сақталды... Өйткені, Елтеріс
Қаған да және мен, Білге Тоныкөк те жеңіске жеттік, Қапаған Қаған түркілік
осы соғысты...(мәтіннің бұдан арғы бөлігі өшіріліп қалған – Дж.Ф.). Түркі Білге
Қаған Түркі-Оғыз ұлтын тәрбиелеп (билеп – Дж.Ф.) отыр».
Егер де түркі қолбасшыларының ерік-жігері жүзеге асырылмағанда, онда
түркі халықтарының одағы да болмас еді және осы одақ ешқашан да мемлекетке
айналмас еді, деген ұғымдар мәтіннің басты идеясына айналып отыр. Алайда,
аталған ерік-жігер өз-өзін толығымен ақтады. Түркі Ұлтының Бірлігі жүзеге
асты, және осы идеяның қисынды аяқталуы ретінде түркі мемлекеті пайда
болды! Орхон ескерткіштерінің («Күлтегін», «Білге Қаған» және «Тоныкөк»)
бірлігі, олардың идеялық мақсатқа сәйкестіктігінің жүйелілігі, бір ескерткішке
қарағанда екіншісінің айтпақ ойының шешімділігі мен батылдығы бәрі де көзге
көрініп тұр. Әрине, мұның барлығы да кездейсоқтық емес.
Түркі халықтары көршілес мемлекеттер және халықтармен тек соғыс пен
қайта татуласу жағдайында ғана ғұмыр сүрген жоқ қой. Сондай-ақ олар аталған
мемлекеттер және халықтармен өте күрделі өркениеттік жағдайларды да бастан
өткере отырып, тіршілік етті. Бөтен мәдениет пен жат өркениеттің ықпалына
түсіп, олардың жетегінде кетудің соңы түгелдей жойылып кету екендігін
олар түйсігімен түсіне білді. Сондықтан да түркі даналары халыққа өздерінің
жеке дәстүрі негізінде өркениеттілік құндылықтарын жасаудың маңызы зор
екендігіне жете мән берді. Ресейдің белгілі түркітанушысы Лев Гумилевтің
аталған ой-пікір жөніндегі көзқарасы өте орынды. Оның айтуы бойынша,
түркінің «қуатты үштігі» - Білге Қаған, Күлтегін және Тоныкөктің көздеген
басты мақсаттары – тек Қытай (Тан) империясының басқыншылығына қарсы
тұру ғана емес, сонымен қатар қытай өркениетінің жымысқы да өте күшті
ықпалына түсіп қалмау (152, 352,376 беттер).
Білге Тоныкөк өзінің Табғаш (қытайлық) мәдениетінің ықпалында
тәрбиеленгенін жоққа шығармайды. Сондықтан да ол мұның тым қауіпті
екендігін өте жақсы түсінді. Түркі Қағаны оны өзінің қатарына шақырады.
101
Орхон ескерткіштері: шынайылық пен көрегендіктің үлгісі
Бұрыннан бергі өз көкейінде жүрген ұсынысты қабыл алған ол дереу Қағанға
келеді де (қаладан даланы артық көреді) тәуелсіздік жолындағы қозғалысқа
қосылады (167, 64-65 беттер). Бұған дейін атап өтілгендей, ол алдымен осы
қозғалыстың көшбасшысы, содан кейін оның бұлжымас идеологы болады.
Қытайдың буддизм және даосизм секілді «жұмсақ» өркениетін үйрену көне
түркілердің табиғатына сәйкес келмеді. Өйткені, олардың этнопсихологиясы
дала өркениетінің қатал заңдылықтарымен қалыптасқан еді. Олар үшін ең
қажеттісі өте күшті әрі төзімді болу. Осындай қасиеттердің арқасында ғана көне
түркілердің ұлттық абыройы қытайлық өркениет тарапынан жасалған қысымға
төзе алды. Олардың еш уақытта да жат идеология мен ілімді қабылдамағаны
тарихтан белгілі болып отыр. Сондықтан да түркілерді жұмсақ «жібек» те,
жымысқы «идеология» да алдап-арбаудың қармағына түсіре алған жоқ.
Осы шындықтарды ескерген Лев Гумилев, мынадай постулаттарды алға
тарта сөйлейді: «Түркі қағанатының ресми идеологиясы екі қағидатқа сүйенді,
олар: қытай мәдениетін мойындамай, оны теріске шығару және көршісіне
қарағанда өзінің артықшылығын ұғыну» (152, 375 бет). Шындығында, «қытай
мәдениетін теріске шығару» көне түркілердің өз мәдениетін мойындаудан, ал
«көршісіне қарағанда өзінің артықшылығын ұғыну» – империялық тәртіптің
орнауынан шыққан ережелер десе болады. Лев Гумилевтің пікірі бойынша, сол
кезеңдердегі тағдыршешті тарихи күрделі сәттерде басқа мәдениетке кіруден
үзілді-кесілді бас тарту фактілері тағы бір аса маңызды шындықтың бетін
ашады: «Бұл екі мемлекеттің арасындағы соғыс қана емес. Бұл екі дүниетаным
мен екі дүниесезім арасындағы күрес. Ұлы Дала өзінің Манифестімен (түркінің
жазба ескерткіштері деп түсіну керек – Дж.Ф.) қытайлық болу емес, өзімен-
өзі болудың қажеттігі туралы мәлімдеді... Ішкі рухы тастай берік Түркі этносы
(мемлекеті) өзін құрушылардың идеяларына сәйкес басқа тайпалардың үстінен
өктемдік жүргізуі тиіс. Тоныкөк өмірін толықтай осы мақсатқа арнағанын
және түркі халқын жоғары дәрежеге көтере алғанын өзінің еңбегінің бір жемісі
ретінде бағалайды» (152, 376 бет).
«Орхон трилогиясы» тек тарихи-идеологиялық тұрғыдан ғана емес,
сонымен қатар тарихи-этнографиялық құжат тұрғысынан қарағанда да ерекше
құндылықтарға ие. Оның үстіне қытайлық дереккөздерге қарағанда осы
монументалдық ескерткіштердің көне түркілер жайында айтары басым және
олардың бойында аса құнды ақпараттар жүгі бар. Егер де қытайлық дереккөздер
тек хронологиямен ғана шектелген болса, түркілік дереккөздер өмірдің
нақты көріністерінен және тірі тарихтан баян беретін құралға айналып отыр.
Сондықтан да көптеген зерттеушілер бұларды тарихи-батырлық эпостар деп
есептейді. Орхондық түркілік жазба ескерткіштерінің мұндай қырларын әсте
жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан да осы ескерткіштермен алғашқы рет
танысқан сәттерде, рухани тұрғыда Орхондық түркілік жазба ескерткіштерінен
тараған «Оғыз Қаған» және «Менің Қорқыт атамның кітабы» секілді
102
Достарыңызбен бөлісу: |