95
Орхон ескерткіштері: шынайылық пен көрегендіктің үлгісі
қақпа) дейін жорықтар жасады. Олар осы екі шекараның арасын мекен етті,
бұған дейін ұйымсыз болған көктүріктер үшін тәртіп-ережелер орнатты. Олар
дана және батыл қағандар болды. Сондықтан да олар мемлекет пен тәртіп
орната алды» (125, 17 бет).
Содан кейін мәтінде көктүріктердің қытайлықтарға алданып, биліктен
айрылып қалғандығы туралы айтылады. Халқы киліккен қиындық жағдайлар
туралы Қаған ашына отырып айтады: «Мен өз мемлекеті бар халқыммен бірге
едім, енді қазір менің мемлекетім қайда? Мен өз Қағаны бар халқыммен бірге
едім, енді менің сол Қағаным қайда?».
Содан кейін ол, Түркі «Азат бол, немесе өл!», деген үндеумен күреске
ұмтылады: «Түркілердің төбесіндегі Тәңірі түркілерге қасиетті орынды
және суды меңзеді. Аспан, көк биігінен жетекшілік ете отырып, менің әкем
Елтеріс пен менің анам Елбелгі қатынды жоғарылатты (халықтан биіктетті)».
Түркінің күресі оны азат етті. «Елтеріс іріктелген түркі әскерімен қырық жеті
рет жорыққа аттанып, жиырма рет соғыс жүргізді. Көктің рақымы бойынша
ол түркі тайпалары арасындағы ауызбіршілікті қалыптастырды және өзінің
жеңімпаз халқының мемлекетін құрды».
Бостандық үшін күрес жолында өз әкесінен қалыспайтын Білге Қаған
киліккен қиындықтардың қалай еңсерілгендігі туралы барлық шындықты
халқына жасырмай айтып берді. Ол алдын ойламайтын басқарушылар мен
келешегін дұрыс болжай білмейтін бұқараның қателіктеріне өзінің бітіспес
көзқарасын білдіреді. Қаған түркілердің өрлеуі мен кері құлдырауын шынайы
түрде бүкпесіз түсіндіреді. Ол құлдыраудың себебін ұлттық бірліктің
жоғалуынан пайда болғанын ашық мәлімдейді, ал өрлеудің себебін – осы
бірліктің сақталуынан екендігін де етене жеткізеді:
Достарыңызбен бөлісу: