Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет55/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
мәнмәтінде, бірақ осы мағынада пайдаланылады). Осы сөйлемнің ішкі мағынасы 
мынадай: Ақыл баста, ал күш тізеде. Билікті Ақыл мен Күштің бірлескен 
одағының көмегімен күшейтуге болады. Ал, жауды бастағы ақыл және тізедегі 
күштің көмегімен жеңу керек – басы барларды идіру, ал тізесі барларды бүктіру 
керек! Ұлы түркі қағандары өздері құрған биліктің мызғымайтындығына сенімі 
кәміл. Оның семімейтін сенімі бойынша: «...төбелеріңде Аспан, ал аяқтарыңның 
астында жер (тұрғанда, ) мемлекетті, түркі бірлігін кім жоя алады?». Білге Қаған 
түркі халқының санасына мынадай идеяны сіңіреді: Аспан мен аяқ астындағы 
жердің жоғалып кетуі қалай мүмкін болмаса, түркі тайпаларының күшті одағы 
есебінен құрылған түркі мемлекетінің қуатты тіректерінің де жойылып кетуі еш 
мүмкін емес!
«Орхон трилогиясының» екінші монументі – «Білге Қаған», бұған дейін
айтып өткеніміздей, оны 735 жылы баласы, жаңадан сайланған қаған Йоллық- 
тегін тұрғызды. Бұл ескерткіш те тура «Күлтегін» секілді Білге Қағанның 
монолог-үндеулерінен құралады. Өзінің идеясы және қисынды жүйелілігі 
жағынан да осы аталған ескерткіштің «Күлтегінмен» сәйкес келіп жататын 
тұстары аз емес. Білге Қаған жаңа сөздік құрылымдардың, жаңа нұсқалар 
мен стильдердің көмегін пайдалана отырып, бір үндеуді түрлі жағдайларға 
байланысты түрлендіріп айтып отырған секілді әсер қалдыратыны да рас. 
Дегенмен, осыдан Көктүркі империясының жаңа қағаны Йоллықтегін әкесі 
Білге Қағанның өсиетіне канондық пішін бергісі келгендігі байқалады. Әрине, 
сөз болып отырған гранит ескерткішінің уақыт сынына ұшырағаны рас, соның 
салдарынан кей тұстағы бірқатар мәтіндерді ажыратып оқу мүмкін болмай 
қалған. Осының барлығы да мәтіннің айтар ойын толық түсінуді қиындатып отыр. 
Дегенмен, естелікке қашалған Көктүркі империясы доктринасының мағынасы 
түсінікті: түркі ұлты жығылмау керек, ол өзінің түп-тамырын ұмытпауы тиіс, 
сүрінсе де тура жолдан таймауы керек, үлкен қиындықпен құрылған көктүрік 
ұлттық билігінің түркі тайпалары одағынан тұратынын ешкім де еш уақытта 
естерінен шығармаулары керек! Осы мәселеге байланысты профессор Тофик 
Гаджиевтің пікіріне назар аударар болсақ, «Білге Қаған» ескерткішінде Білгенің 
билеуші әрі әскери қолбасшы ретіндегі асқан артықшылықтары тереңде жатыр. 
Бұлар кәдімгі мұзтау іспетті. Айтылған артықшылықтарды толығымен көрсету 
үшін жанама теңеулерді пайдалану керек. Күлтегіннің айбындылығының 
бір құпиясын оның Білге Қағанмен иықтас тұруымен байланыстырады. Ал, 
шындығында, әскери қолбасшылық өнердің де, даналықтың да жарқын 
көріністері бір Білге Қағанның бойынан табылып тұр. Оның осы трилогиядан 
ел басқарудың да, ержүректік пен даналықтың шыңына айналғанын аңғарамыз» 
(6, 113 бет).
«Тоныкөк» ескерткіші «Орхон трилогиясының» үшінші монументі болып 
табылады. Ол 720-725 жылдары жасалып, 732-734 жылдары орнатылды. Бұған 
дейінгі түркі жазба ескерткіштеріне қарағанда «Тоныкөк» жазулары мүлдем 


99
Орхон ескерткіштері: шынайылық пен көрегендіктің үлгісі
бұзылмаған және ол тарихи тас ескерткіш ретінде өзінің монументалдық 
айбындылығын сақтап қала алған. Граниттегі осы мәтіндердің авторы Білге 
Тоныкөк болып саналады. Ол көзі тірісінде үш Ұлы Қағанның – Елтеріс Қаған, 
Қапаған Қаған және Білге Қағанның ұлы уәзірі (кеңесші) болған. Тіпті, кей 
кездері түрлі әскери жорықтарда қолбасшылық та жасаған. 
Түркизм идеясын практикалық саясат ретінде жүзеге асыра білген, сондай-
ақ оны идеологиялық доктринаға айналдыра алған есімі түркі тарихына 
яғни біздерге дейін жеткен тарихтағы жалғыз идеолог Тоныкөк екені рас. 
Тоныкөктің дәрежесінің қағанмен тең тұлға болғандығын төмендегі мына 
фактілер растайды: «Мен, Білге Тоныкөк, Қытайда тудым. Ол кезде түркі ұлты 
Қытай билігінің қол астында болды» (125, 125 бет).
Білге Тоныкөкті шын мәнінде түркі ағартушылығы мен тәуелсіздігі қозға- 
лысы көшбасшыларының нағыз ізбасары деп айтуға болады. Өзі айтып 
отырғандай Тоныкөк Қытайда, туған халқы қытайлық биліктің қол астында 
тұрғанда дүниеге келді. Ол жастайынан қытай тілін, олардың мінез-
құлықтарын, мәдениеттерінің бітім-болмысын, түркі халқы мен түркінің жеріне 
деген көзқарастарын, сондай-ақ Қытайдың тактикалық және стратегиялық 
мақсаттарын зерттеді. Ол өзінің түркілік отанына осылардың барлығына қарсы 
күрес жүргізудің пісіп-жетілген идеясымен оралды. Қытай басқыншылығына 
қарсы күрескен әскер қатарына келіп қосылды, басына түскен ауыр сынақтардан 
өтті, осылардың барлығынан кейін ғана Көктүрік империясының жетекшілігі 
деңгейіне дейін көтерілді. Ал, ақиқатында ол өз мемлекетін құру және оны 
көтеру жөніндегі қадамдарды нақты жүзеге асырушы, ұлы саяси стратег болып 
табылады. «Тоныкөк» ескерткіші, өте терең тәжірибе мен асқан ақыл иесі, 
мемлекеттік тұлға Білге Тоныкөктің қолымен көнетүркі тілінде жазылды.
«Орхон трилогиясының» осы аталған үшінші соңғы ескерткішінде де, 
алдыңғы ескерткіштердегідей Көктүрік мемлекетінің көтерілуі, құлауы және 
оның екінші рет көтерілуінің драмаға толы тарихтары, сондай-ақ орын алған 
оқиғалардың барлығын да түркілердің жеңісіне қарай бағыттайтын көреген 
саясатты жүзеге асыру жөнінде сөз болады. Түркі барлық уақытта да күреседі. 
Бірақ, күреске түркілердің барлық тайпалары мен халықтары бірігіп қатысқанда 
ғана шайқас түркілердің жеңісімен аяқталады. Барлық түркі тайпалары 
мен халықтары 
бірлескен ұлттық ерік-жігер
ұғымын саналарына толық 
сіңіре алғанда ғана, бұл саясат өз жемісін береді: «Көктүріктердің болашақ 
демократиясының негізін, даналық пен ержүректіліктің бірігуін Тоныкөктің 
кемеңгерлігі көрсетіп беріп отыр» (6, 115 бет).
Осы ескерткіш құжатта Көктүрік империясының басынан бастап Тоныкөкке 
дейінгі тарихы, сондай-ақ сол уақыттардағы тартысты оқиғалар, түркілердің 
бірігуі мен бөлінуі, түркілердің қатысуымен өткен қанды қырғындар, осы 
соғыстардың түркілер үшін үйренерлік тұстары туралы егжей-тегжейлі және 
тамыры тарқатыла айтылады. Сондай-ақ түркі бірлігі идеясының қолға қару 


100


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет