Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет93/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

12. КАВКАЗ БЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ 
ГЕОСАЯСАТТАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ. ЕУРАЗИЯНЫҢ 
«ТҮРКІЛІК БӘТУАЛАСТЫҒЫ» 
Кавказ бен Орталық Азияның еш уақытта да бөлінбейтін ортақ тағдырға ие 
болуы Еуразия геосаясатының ең бір маңызды тұсы саналады. Өйткені, Кавказ 
Каспий теңізінің артқы жағалауына орналасқандықтан, ол Еуропаға шыға алады, 
ал Орталық Азия Каспий теңізінің шығыс жағалауына орын тепкендіктен, оның 
Азияға шығуға мүмкіндігі зор. Қос өңір де Еуразияның геосаяси координатының 
тиімді жүйесінің екі маңызды аймақтық буыны болып табылады. Ғылыми 
әдебиеттерде «Каспий бассейнінің аймағы» деп аталатын осы геосаяси кеңістік 
ғасырлар бойы түркілердің бақылауында болып келсе, бүгінгі күні де тарихи-
саяси өзгерудің бұрылыс шегіне айналуының шешуші кезеңінің алдында тұр. 
Осыған байланысты пайда болған дилемманың құрылымы: Кавказ бен Орталық 
Азия елдері жаһандық күштер мен олардың өзара бітпес қайшылықтарының 
ықпалына түсіп, «жеңімпазға» бағынышты болып қалады. Немесе тәуелсіздіктің 
барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халықаралық қауымдастықтың 
тәуелсіз субъектісі ретінде әлемдік жетекші күштердің қатарынан орын алып, 
өздері де жеңімпаз атанады! 
Әрине, аймақтық мемлекеттер үшін екінші бағыт тиімді саналады. Кавказ бен 
Орталық Азия геосаясаттың жаңа жолын таңдауда, нақ осы бағытты ұстанып, 
сергектік пен мұқияттылық көрсетулері тиіс. 
Дегенмен, Кавказ бен Орталық Азияда орын алып жатқан геосаяси үдерістер 
аталған жемісті бағытқа қол жеткізе қоюдың оңай еместігін көрсетеді. Өйткені, 
табиғи ресурстарға өте бай осы аймақта гегемон елдердің тойымсыз да ымырасыз 
мүдделері қақтығысып, соның ұшқындары «аймақтың ең осал тұстарына» шоқ 
түрінде шашырап жатыр. Кавказ бен Орталық Азиядағы түрлі факторлардың 
себептерінен туындаған этносаяси жанжалдар, тіпті ел ішіндегі билік үшін 
саяси күрестің оттары да қасақана жағылып, оның ұшқындары әдейі өшірілмей 
отыр. «Халықаралық төреші» қызметін өз міндетіне алған жаһандық күштер 
жанжалды тоқтатудың дұрыс жолын ешуақытта да қарастырмайды, бірақ 
оны басқарады. Кеңестік дәуірден кейінгі ең басты және ең үлкен кеңістікте 
– Кавказ бен Орталық Азияда тәуелсіздіктерін алған барлық елдердің басында 
бір мезетте осындай жанжалдар 
болды. Тәуелсіз мемлекеттердің мойнына 
ілінген осындай жанжалдар, қажет кезінде олардың мысын басуға арналған 
құрал ретінде пайдаланылды. Сонымен, Кавказ бен Орталық Азия елдері тек 
тәуелсіздікті қалыптастыру жолында ғана емес, сонымен қатар оларды үнемі 
қыспақтан шығармауға тырысқан мәселелерді шешу барысында да, гегемон 
елдердің аймақтағы тайталастарды теріс пайдаланып кетуін болдырмауда 


162


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет