ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы Өзбекстанға беріледі (258). Дипломатиялық үдерістің белсенділігі, ақиқатын
айтқанда, АҚШ-тың Орталық Азияда ірі әскери база құру туралы ниетін ашық
та анық көрсетіп отыр.
Орталықамерикалық және Орталықеуропалық батыс геосаясатының дихотомиясы: біріншісі радикалдық саяси бағытты ұстанса, екіншісі – орташа бағытты қолдайды. АҚШ-тың Еуразиядағы стратегиялық
мүддесінің Еуропамен қаншалықты сәйкес келетіндігі бүгінгі күні қызу
талқылануда. Германиядағы Мартин Лютер университетінің профессоры Рауль
Петер Дас, «Америка Құрама Штаттары Азиядағы әрекеттерінің қарқынын
күшейте түсуде, бұл сөз жоқ, «еуропалық міндеттерінің» әлсіреуіне жол
ашады» деген қорытындыға келеді. Сондықтан да Еуропа өзінің әлеуетін
шоғырландырып, қолындағы құралын жаһандық оқиғаның ықпалын күшейту
бағытына арнауы керек, деген ойын айтады.
Егер де Еуропа осындай қарсылықтарға дер кезінде тиімді шаралармен
жауап бере алмаса, онда саяси төтенше күштер саласы шектеулілікке ұшырау
қаупімен бетпе-бет келген күйінде қалып қояды (225. 1 бет). Өйткені Еуразияда
болып жатқан үдерістердің жаһандық саяси кеңістікке ықпалы күшейе түседі де,
күштердің арақатынасындағы шағын өзгеріс халықаралық қарым-қатынастар
түрінің тепе-теңдік факторына түрленімдер енгізеді. Алдымен Батыстың,
кейін одан да басқа да халықаралық саясаттың жатпай-тұрмай Еуразияның
геосаяси құрылымын жаппай қадағалауға алуы мен жетекші геостратегиялық
үрдістердің анықталуы өзектендіріле түсті. Өйткені,
Еуразияның өз күшіне сену үдерісі, өзінің ішкі әлеуетіне деген шамалауы тоқтаусыз болды.
Әлемдегі табиғи байлықтың басым бөлігі Еуразияның үлесінде. Экономикасы
мен әскери бюджеті күшті, жер көлемі мен халық саны жағынан тек Құрама
Штаттарынан кейін ғана тұрған, қуатты саналатын алты (соның ішінде, ядролық
қаруға ие) мемлекет Еуразияда орналасқан. Егер де,
бөтен мемлекеттердің бөлшектектендіруге бағытталған экспансионистік пиғылдағы араласуылары болмаса, онда бұл аймақ өзінің жеке әлеуеттерін пайдалана отырып,
дамудың жаңа деңгейіне көтеріле түсері сөзсіз.