Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет94/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
да «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» бірлікті көрсетулері керек. 
Орталық Азия мен Кавказ үшін қатал және бүкпесіз шындықтың негізі міне 
мынадан тұрады: 
Еуразияның осындай күрделі аймағында сыртқы ықпал емес, 
керісінше тең қозғалыстағы ішкі күш шешуші тетікке айналуы тиіс.
Еуразияның тағдыры осы аталған тең қозғалыстағы күштердің маңызын 
жете түсінуге алып келеді. Кавказ бен Орталық Азиядағы геосаяси үдерістерге 
бақылау жүргізу, бізге Еуразияның дамуының ішкі ынтасын қозғауға қабілетті 
күшті анықтау мүмкіндігін береді. Кавказдағы үш елдің бірі – Әзербайжан, 
ал Орталық Азиядағы бес ел – Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және 
Қырғызстан барлығы да түркітілдес мемлекеттер. КСРО құлағаннан кейін 
олардың әрқайсысы да өз тәуелсіздігін алу құқына ие болды. Басқаша айтқанда, 
тәуелсіздіктерін қайта қалпына келтіру жолында олардың барлығы да құрдастар 
саналады. Алайда, түркі мемлекеттері мен империяларының Каспий теңізінің 
батыс және шығыс жағалауларында құрған этносаяси географиясының әу 
бастан-ақ 
Түркі Одағы 
эволюциясының бағытына қарай оңтайландырылғаны 
белгілі. Сондықтан да, тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап, Түркі Одағы 
аймақтың жалғастырып келе жатқан маңызды идеясы болды. Орталық Азияның 
көптеген ғасырлар бойына Түркістан атанып келуінің өзін кездейсоқтық деп 
айтуға әсте болмайды.
Этномәдениеттану түсінігінің кеңейтілген деңгейінде және аздаған 
романтикалық реңкте қабылданатын 
Тұран
өз кезегінде Моңғолиядан бастап 
Түркияға дейінгі аралықты алып жатқан алып геосаяси кеңістіктің атауы болды. 
КСРО-ны құру барысында ауызға ілігер түркілік топонимдердің барлығы да 
өзгертілді. Нақ осы себептерге байланысты Түркістан Орталық Азия атанды. 
Түркіні еске түсірмесе болды, одан қалған атаулардың барлығын да жергілікті 
орындарға беруге рұқсат етілді. Егер де «Кавказ» атауында түркі қоспасының 
қылаудай күмәні көрініп жатқан болса, онда Гәнжіні «Кировабадқа» 
айналдырғандар, бұл атауды да ойланбастан өзгертіп салған болар еді. 
Орыстандыру мен кеңестендіру Кавказ бен Орталық Азиядағы (Түркістан) 
саяси құрылымды бөтен еткені соншалық, тіпті 
геосаясатқа қатысты 
меншікті дүниелердің 
өздерін де танымастай ету үшін картографиядағы 
топонимдердің атауына дейін өзгертіп жіберді. Тәуелсіздіктің алғашқы дәуірі 
Еуразияның өзегін құрайтын осы екі аймақтың геосаясилануына жағдай 
туғызатын реформалардың түбегейлі өзектендірілгенінен көрініс береді. Менің 
пікірімше, Еуразиядағы түркі мемлекеттерінің шынайы түрде бірігуінің көзін 
таба алатын 
жаңа геосаяси парадигма нақ 
осыдан тұрады: халықаралық саясат 
үшін оның аймақтық күшті саясатын халықаралық саясаттың алдыңғы қатарына 
алып шығу өзінің табиғи ресурстарын әлемдік рынокқа жеткізуден әлдеқайда 
маңыздырақ болуы тиіс. Кавказ бен Орталық Азиядағы болып жатқан геосаяси 
үдерістерге жүргізілген талдаулар, аталған әлеуеттің пайда болуының әлемдік 
қауымдастық үшін маңыздылығы соншалықты екендігін көрсетеді. Бір белгілісі, 


163
Кавказ бен Орталық Азияның геосаясаттағы жаңа бағыттары. Еуразияның «Түркілік бәтуаластығы»
Кавказ бен Орталық Азияға «посткеңестік» немесе «жаңа кеңестік», яғни 
Кеңестер Одағының жаңартылған нұсқасы ретінде қарауға болмайтындығы 
анық (300.136; 233.107-111 беттер).
«Ұлтшылдық» ұғымы бұл жерде өркениеттік ұқсастыққа негізделген, жоғары 
саяси деңгейде сараланған және ұлттық мемлекеттілікті күшейтуге қызмет 
ететін идеологиялық құрал болып табылады. Сонау ХХ ғасырдың бас кездерінде 
өте танымал болған «батыстық» атты ұғымның мағынасы бүгінгі таңда Еуразия 
елдерін жаңғыртудың қажеттілігі деңгейінен көп төменге құлдырап кетті. 
Олар ешкімге де ұқсауға тырыспай, тек өздеріне ғана тән жолмен жүргенді 
қалайды. Әлемдік саясатты, экономиканы және мәдениетті өзіне ұқсатуға 
тырысып баққан, басқаша айтқанда, «оны игеруге» ұмтылған Батыс ниетінің 
жеңіліске ұшырағанын өздері де жақсы түсініп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет