165
Кавказ бен Орталық Азияның геосаясаттағы жаңа бағыттары. Еуразияның «Түркілік бәтуаластығы»
Әзербайжанның белгілі деңгейдегі тырысуының арқасында Армения барлық
аймақтық жобалардан қағылып, тек шетелдіктердің көмегіне ғана тәуелді күй
кешіп отыр. Егер де жеңімпаздар күшті болатын болса, онда Әзербайжанның
басыбайлы жерін жаулап алған «жеңімпаз» Арменияның жағдайы неліктен
қазіргі таңда кісі аяйтындай күйге құлдырап кетті?!
Осы жерде мынадай
салыстыруды айта кеткен орынды: Арменияны қатты тұншықтырған анаконда
Әзербайжан ендігі жерде оның тек соңғы демін шығаруын ғана күтіп отыр.
Жалпы, Ресейге тарихи тақау орналасып, оған сүйеніш ел ретінде қарайтын
Армениядан өзге елдердің барлығын да осыған ұқсас тағдыр күтеді, сондықтан
да алдағы уақыттарда олардың дамуы қамтамасыз етіледі дегенге илана қою
мүмкін емес. Өзінің шексіз кеудемсоқтығының салдарынан «Еуропаның соңғы
елі және Азияның бірінші елі» (239. 58 бет) мәртебесінен бірте-бірте айырылып
келе жатқан Ресей, алып аумағына қарамастан,
басқа елдерге сүйеу жағдайынан,
басқа елдерден сүйеніш сұрау жағдайына қарай
қарай бет алып келеді. Оның
Еуразиялық Одақ доктринасын халықаралық конфигурация алдында өзін
жоғалтып алу қорқынышынан туындаған саяси жанталасы деп түсінуден өзге
мағына жоқ. Мәскеу – Ереван – Тегеран жүйесі бойынша Ресей құрған «тік
геосаяси өзек» дипломатиясы бірте-бірте өз маңыздылығынан айрылып келеді
(157. 164 бет).
Халықаралық саясат үшін қатердің үлкен ошағына айналған Иран
халықаралық қауымдастықтың нысанасына айналды.
Варшава шартына
кіретін социалистік мемлекеттердің блогы құлағаннан кейін және «қырғи-қабақ
соғыс» дәуірі де аяқталған соң (1947-1990 жылдар) басқыншылық саясатымен
өзіне-өзі ор қазып келе жатқан Армения, Азиядағы өз көршілерімен жабайы
тағылар тілінде сөйлесетін Солтүстік Корея, туған халқының басына қара
түнек орнатқан диктаторлық режимдегі Ливия мен Сирия (біріншісі тақтан
тайдырылды, енді екінші де соның алдында) және фундаменталдық Иран, ол
халқының жартысын құрайтын әзербайжандардың
ұлттық құқығын аяқасты
етіп келе жатқан ел, Ресейдің халықаралық деңгейдегі одақтастары болып
қалды. Бүгінгі Ресейдің «саяси бет-бейнесін» сипаттайтын бұл көрінісі кімді
болмасын қатты ойландырса керек. Каспий маңы аймақтарына өзінің геосаяси
ықпалы мүмкіндігін шоғырландырған, «америкалықтар мен атлантикалық
саясатқа қарсы күресуші құрлықтық аймақтық мемлекет ретінде» (157. 164-165
бет), Иран өзінің стратегиялық болашағын айқындайды, оның бұл бағыттағы
ұстанымы Ресейдің көзқарасымен толықтай сәйкес келіп отыр.
Бұл жерде,
Оңтүстік Әзербайжанға қысым жасауда, Иран мен Ресей екілігінің ұстанымы
жақындасуы әбден мүмкін. Өйткені, түркі мемлекеттерінің бірігуін өзектендіру
Иран мен Ресейді қатты мазасыздандырады. Олар осы аталған үдерісті өздерінің
аймақтағы ықпалын толықтай жоғалту деп түсінеді.
Тіпті, Грузияның аймақтық тұтастығын сақтап қалу күресінде Ресейдің
әскери күшпен берген жауабы, Қарабақты жаулап алу фактісі кезіндегі