Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет781/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   777   778   779   780   781   782   783   784   ...   832
Патологиялық
анатомиясы
. Кессондық аурудан 
кенет өлгендердің
бұлшықеттері тым сіреседі. Мәйіттің денесі мен бетінің шел майына газ 
жиналып, эмфизема дамиды, саусақпен басқанда сықыр сезіледі. Қан 
тамырларына қан біркелкі жайылмағандықтан, кей жерлердің терісі тарғыл 
тартып, мәрмәр түсті болады. Оттегі жетпей тұншығып өлгендіктен, мәйіттің 
қаны ұйымай, сұйық күйінде қалады. Сықыр ішкі мүшелерден де сезіледі. 
Микроскоппен зерттегенде
газдың көпіршіктері жүректің қан тамырлары мен 
кеңіп кеткен оң жақ қарыншасынан да, төменгі қуыс веналар мен өкпенің, ми 
мен жұлынның және олардың қабықшаларының, бауыр мен талақтың, аш 


Нуржігіт Алтынбеков 
615
ішектің қан тамырларынан да табылады. Газдың көпіршіктері ірі қан 
тамырларына, әсіресе веналарға көп жиналып, көбіктеніп тұрады. Тіндер мен 
мүшелерде қан азаяды. 
Өкпенің
тінін су жайлап, қанды ошақтар пайда болады, 
эмфизема дамиды. 
Жүректің
қуыстары шамалап кеңиді. Бауырды майлы 
дистрофия шарпиды. 
Ми
мен 
жұлында
қан- және лимфаайналымы бұзылып, 
жүйкелік жасушаларда заталмасулық үдеріс өзгереді, ишемиялық некроз 
ошақтары пайда болып, кейін ол жерлерде кисталар қалыптасады. Жұлын 
зақымдалғандықтан, жамбас қуысындағы мүшелердің жұмысы дұрыс 
реттелмей, іріңді цистит, өрлемелі пиелонефрит өрістейді. 
Жоғары атмосфералық қысым 
ұзақ
уақыт
әсер етсе, қанайналымы бұзылып, 
әсіресе аяқ жіліктерінің тіні сиреп, кеуектенеді. Кеуекті жерлер дәнекер тінмен 
қоршалады. Сүйектің тінін асептикалық некроз шарпып, кейде остеомиелитке 
ұласады. Буындардың шеміршектері семіп, деформациялы остеоартроз бен 
артрит дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   777   778   779   780   781   782   783   784   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет