Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет784/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   780   781   782   783   784   785   786   787   ...   832
Байланысты:
струков патан

ДАМИТЫН АУРУЛАР 
Соңғы ондаған жылдарда өнеркәсіптің алуан түрлі салаларында түрлі 
диапозонды радиожиіліктегі электр-магниттік толқындар (ЭМТ) кең қолданыс 
тауып жүр. Олар электр-магниттік толқындар спектрінің бірнеше 
миллиметрден ондаған мың метр аралығын қамтиды. Толқынның тербеліс 
жиілігі неғұрлым жоғары болса, ұзындығы соғұрлым қысқа болатыны белгілі. 
Сондықтан «ультра қысқа толқын» (УҚТ) мен «ультра жиі толқын» (УЖТ) 
деген аталымдар мәндес. Электр-магниттік спектрдің ең қысқа толқынды 
бөлігін құрайтын өте жоғары жиіліктегі толқындар (ӨЖТ) микроқысқа 
толқындар (МҚТ) деп те аталып, 1мм-ден 1м-ге дейінгі диапазонды қамтиды. 
Бұл диапазондағы толқынның ұзындығы 1м-ден 10м-ге дейінгі УҚТ—УЖТ 
диапазонымен тікелей жанасып жатса, толқындарының ұзындығы 10м-ден 
басталып,1000 м-ден асатын ҚТ—ЖЖ (жоғары жиіліктегі) диапазондар одан 
әрірек жайғасады. 
МҚТ, УҚТ және ҚТ радиолокацияда, радионавигацияда, радиоастрономияда, 
радиометрологияда, радио мен телевизиялық торабтарда, физиотерапияда кең қолданыс 
тауып жүр.Түрлі диапазонды радиожиіліктегі толқындарды өнеркәсіптің көптеген 


Нуржігіт Алтынбеков 
617
салаларында кең пайдалану, олардың организмге әсерін биологиялық тұрғыдан 
зерттеуді талап етеді. Радиожиіліктегі электр-магниттік толқындардың әсерінен адам 
тез арада өлмейді, сондықтан, әдетте ЭМТ-ның жануарлар организміне тым пәрменді 
әсерінен өрістейтін өзгерістер ғана сипатталған. 
Патологиялық
анатомиясы
. ЭМТ-ның әсерінен 
өлгендердің
мәйітінен 
қозудың әсеріне тән нышандар байқалады. Мәйіт қатты сіресіп, ми мен басқа 
ішкі мүшелердің қан тамырларына қан толады, олардың ішкі және сыртқы беті 
қанталап, қанды ошақтар байқалады. Миокард пісірген етке ұқсайды. 
Микроскоппен
зерттегенде
миокардтың 
бұлшықеттік 
талшықтарын 
коагуляциялық некроз шарпығаны, бауырдың гепатоциттерінде ұсақ тамшылы 
майлы дистрофия дамығаны; ал бүйректің ирек өзекшелеріндегі эпителийде 
белокты дистрофия өрістегені байқалады. Кейде некрозды ошақтар бауыр мен 
бүйректен де орын алады. Шауһет жолдарының герменативтік эпителийі
аналық бездің примордиалдық фолликулдары жойылып, жүйке жүйесінің, 
әсіресе вегетативтік бөліміндегі (таламус-гипоталамус аймағындағы, сопақша 
мидың вегетативтік орталығындағы) нейрондардың цитоплазмасында көпіршік 
пайда болып, олар да еріп, жойылады. 
Түрлі диапазонды радиожиіліктегі төмен әсерлі ЭМТ-лардың организмге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   780   781   782   783   784   785   786   787   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет