Нуржігіт Алтынбеков
617
салаларында кең пайдалану, олардың организмге әсерін биологиялық тұрғыдан
зерттеуді талап етеді. Радиожиіліктегі электр-магниттік
толқындардың әсерінен адам
тез арада өлмейді, сондықтан, әдетте ЭМТ-ның жануарлар
организміне тым пәрменді
әсерінен өрістейтін өзгерістер ғана сипатталған.
Патологиялық
анатомиясы
. ЭМТ-ның әсерінен
өлгендердің
мәйітінен
қозудың әсеріне тән нышандар байқалады. Мәйіт қатты сіресіп, ми
мен басқа
ішкі мүшелердің қан тамырларына қан толады, олардың ішкі және сыртқы беті
қанталап, қанды ошақтар байқалады. Миокард пісірген етке ұқсайды.
Микроскоппен
зерттегенде
миокардтың
бұлшықеттік
талшықтарын
коагуляциялық некроз шарпығаны, бауырдың гепатоциттерінде ұсақ тамшылы
майлы дистрофия дамығаны; ал бүйректің ирек өзекшелеріндегі эпителийде
белокты дистрофия өрістегені байқалады. Кейде некрозды ошақтар бауыр мен
бүйректен де орын алады. Шауһет жолдарының
герменативтік эпителийі,
аналық бездің примордиалдық фолликулдары жойылып, жүйке жүйесінің,
әсіресе вегетативтік бөліміндегі (таламус-гипоталамус аймағындағы,
сопақша
мидың вегетативтік орталығындағы) нейрондардың цитоплазмасында көпіршік
пайда болып, олар да еріп, жойылады.
Түрлі диапазонды радиожиіліктегі төмен әсерлі ЭМТ-лардың организмге
Достарыңызбен бөлісу: