Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет803/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   799   800   801   802   803   804   805   806   ...   832
Байланысты:
струков патан

Үдерістік сипаты
тұрғысынан, гингивит: 
катарлы

ойық
-
жаралы

гипертрофиялы
нысандарға жіктеледі. Қабыну 
үдерісінің 
дәрежесіне
қарай, ол: тісаралық қызылиек (үрпі) қана зақымдалатын 
– 
жеңіл
және қызылиектің үрпісі мен жиегі, альвеолалық бөлігі де 
зақымдалатын – 
ауыр
гингивитке
бөлінеді. 
Катарлы және ойық-жаралы гингивит
жедел де, созылмалы да болады, ал 
гипертрофиялы
гингивит катарлы гингивиттен туындап, тек қана созылмалы 
ағымды. 
Гипертрофиялы созылмалы гингивит
кезінде қызылиектің тінін 
лимфоциттер мен плазмациттер жайлап, коллагендік талшықтар мен 
жамылғылық эпителийдің жасушалары көбейеді, гиперкератоз бен акантоз 
байқалады. Гингивит 
асқынған кезде
нейтрофилдер көбейіп, тоқ жасушалар 
шоғырланады. 
Асқыну зардаптары мен ақыры
. Себебі жойылса, науқас жедел локальды 
гингивиттен толық айығып кетеді. Туындатқан себептен толық айықса, жедел 
жалпы гингивиттің зардабы да ізсіз жойылады. Созылмалы катарлы, ойық-
жаралы гингивит пен гипертрофиялы гингивиттің біразы пародонтитке 
ұласады. 
ТІСТІК ТҰНБАЛАР 
Тіске ақ түсті жұмсақ бөгде заттар жиналса, тісте тұнба пайда болғаны, ал 
тұздар шөксе, ізбесті қатты зат – тіс тасы түзілгені. 
Тістік тұнбаның
құрамына 
шырыштық жіпшелер, тағам қалдықтары, т.б. заттар кіреді, сондықтан 
микробтардың тіршілігіне өте қолайлы жағдай туып, кариестің өрши түсуіне 
себеп болады. Кальций фосфаты шөккен тістік тұнба 
тіс тасы
деп аталады. 
Тастар көбінесе тістің 
мойын тұсы
мен қызылиектік қалташада 
(
қызылиекастылық тас
) қалыптасып, тіс түбірінің өне бойын қуалап ұлғаяды. 
Тастар тығыздығы мен реңіне қарай ақ, қоңыр, бозғылт жасыл (әсіресе, өте 
қатты) түрге бөлінеді. Тісте тас қалыптасса, қызылиек қабынып, периодонтит 
пен пародонтит дамуы да мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   799   800   801   802   803   804   805   806   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет