Хх ғасыр басындағЫ Әдебиет электронды оқу құралы


Тайыр Жомартбаев (1884-1937)



Pdf көрінісі
бет21/58
Дата21.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#109474
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
Байланысты:
XX ғ.б. ӘДЕБИЕТ

 
Тайыр Жомартбаев (1884-1937). 
Абай елінде туып, Абай 
өлеңдерімен ерте танысып, Абай өнегесінен үлгі алып өскен. 
Жастайынан Абай поэзиясына сусындап, “болмасаң да ұқсап бақ” 
үлгісімен еліктеп өлең жаза бастаған. Есейе келе қазақтың басқада 
ақын-жазушыларының, орыс классиктерінің шығармаларын оқып-
үйренеді. “Ғалия” медресесінде оқыған. 1912 жылы Семейдегі 
“Жәрдем” баспасынан “Балаларға жеміс” жинағы, “Қыз көрелік” ұзақ 
әңгімесі басылып шығады. 
“Балаларға жеміс” жинағының басты тақырыбы – оқу-білімге, 
өнер-ғылымға шақыру. Оның өлеңдерінің көбі тікелей балаларға 
арналып жазылып, онда оқудың мәнін түсіндіру басым болып келеді. 
Өлеңдерінің көбі (“Мектеп ішінде”, “Мектепке шақыру”, “Балаларға 
насихат”, “Балаларға өнеге”) Ы.Алтынсарин шығармаларымен үндесіп 
жатады. “Иждиһатты бала”, “Жалқау бала” өлеңдерінде балалардың өз 
өмірінен ала отырып, салыстырмалы образдар арқылы жақсы мен 
жаман айырмашылығын өте әсерлі бере біледі. Ол Л.Толстойдың 
балалар тақырыбына жазған өлеңдерін де аударған. 
Т.Жомартбаевтың “Қыз көрелік” атты ұзақ әңгімесі бар. Басты 
кейіпкер – Ғайникамалды білімді, оқыған жан ретінде бейнелеп, сол 
арқылы жастарды оқу-білімге үндейді. Көзі ашық Ғайникамалдың өз 
құрбыларын қараңғылық торын бұзуға, оқу мен өнерге шақыруы 
арқылы жазушы ескілікке, қалың малға қарсы күресте басты қару оқу-
білім екендігін дәлелдеуге тырысады. Бұл ұзақ әңгіменің өзіне тән 
көркемдік-эстетикалық жетістіктері баршылық. Соның бірі – 
фантастикалық шығармаларға тән құбылыстардың араласып келуі. 
Бірақ шығармада өмірдің нақты шындығы көп көрініс таппайды. 


Толғақты мәселені көтере білгенімен, шығарманың өнбойында 
схематизмге бой ұру көрініс береді. Образ жасау мен характер ашуда 
да автор үстірттікке ұрынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет