Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



Pdf көрінісі
бет15/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

1.3 АБЖ қызметінің принциптері
Жүйені дамыту концепциясы негізінде барлық негізгі бас-
қару функциялары автоматтандырылатын автоматтандырылған 
кешен 
ді жүйе ретінде АБЖ туралы түсінік тұрады. АБЖ-ның 
функционалды бөлігінде 18 негізгі (ғаламдық) басқару функция-
ларын бөліп көрсету қабылданған, ал əрбір ғаламдық функция-
ны белгілі бір функционалдық іші жүйе орындайды. АБЖ-дағы 
басым көп ғаламдық функциялар белгілі бір шаруашылық са-
ласына, эксплуатациялық қызметке басшылық ету тапсырылған 
теміржол көлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басқару функ-
цияларына сəйкес келеді.
Функционалдық ішкі жүйелер арасында үш негізгі топты 
бөліп көрсетуге болады.
Бірінші топқа біздің саламызға тəн емес функцияларды орын-
дайтын салааралық ішкі жүйелер кіреді. 


35
Күрделі құрылысты басқару – теміржол нысандары құрылы-
сының барысын есепке алу жəне бақылау, сонымен қатар, құры-
лыс ресурстарын үлестіру жəне жобалық-сметалық құжаттаманы 
дайындау үшін арналған функционалдық ішкі жүйе. 
Теміржол статистикасын автоматтандырылған түрде құру – 
статистикалық деректерді жинаумен жəне есептік кезеңде темір-
жол көлігінің қызметін талдаумен қамтамасыз ететін ішкі жүйе. 
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді басқару – мате-
риалдық ресурстарды есепке алу жəне бақылау, сонымен қатар, 
материалдық қамтамасыз етуді жоспарлау функциясын орындай-
тын ішкі жүйе. 
Қаржы қызметін басқару – қаржы есебі, бөлімшелердің қаржы 
қызметін жоспарлау жəне ол туралы жиынтық ақпарат алу бой-
ынша ішкі жүйе. 
Автоматтандырылған бухгалтерлік есеп жəне есептілік – 
негізгі жəне айналымдық құралдарды, қаржы операцияларын 
есепке алу, бухгалтерлік балансты жасақтау, еңбекті есепке алу 
жəне барлық жұмыскерлерге жалақы есептеу функцияларын 
орын дайтын ішкі жүйе. 
Кадрларды басқару – кадрларды есепке алу, кадрлар қоз-
ғалысын талдау, сонымен қатар, кадрларды жоспарлау мен дай-
ындау функциясын орындайтын ішкі жүйе. 
Ғылыми-техникалық ақпаратты автоматты түрде есепке алу, 
сақтау жəне қолдану, ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конс-
трукторлық жұмыстарды басқару теміржол көлігі жұмыс 
кер- 
лерін ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, со-
нымен қатар, салалық ғылыми-техникалық, жобалық жəне оқу 
институттарында жұмыстарды жоспарлау мен есепке алу үшін 
арналады.
Теміржол өнеркəсібін басқару – өндірістік-шаруашылық 
қыз 
мет туралы ақпаратты автоматты түрде жинау жəне өңдеу 
не гізінде өнеркəсіптік кəсіпорындар мен теміржол көлігі сала-
сындағы бірлестіктерді басқару үшін арналған.
Функционалды ішкі жүйелердің екінші тобы – эксплуа-
тациялық жұмыстармен: локомотивтік шаруашылықты басқару, 
вагондарды пайдалану мен жөндеуді басқару, энергетика жəне 
электрмен қамтамасыз ету құрылғыларын басқару, жолдарды, 


36
құрылыстарды жəне жылжымалы құрамды пайдалану жəне 
жөндеуді басқару жұмыстарымен қамтамасыз ететін теміржол 
көлігіне тəн функцияларды орындайтын ішкі жүйелер. Бұл ішкі 
жүйелердің негізгі функциясы техникалық құрылғылар мен жыл-
жымалы құрамның ағымдағы ұсталуы мен оларды жөндеуді 
оперативтік есепке алу жəне жоспарлау болып табылады. 
Функционалдық ішкі жүйелердің осы тобына мына ішкі жүйелер 
жатады: метрополитендерді басқару, өнеркəсіптік көлікті басқару.
Үшінші топқа теміржолды пайдалану жұмыстарын қатысты 
функцияларды орындайтын ішкі жүйелер жатады. Жоспарлы 
есептер – теміржол жұмыстары мен оларды дамытуды техни-
калық-экномикалық жоспарлау функциясын жүзеге асыратын 
ішкі жүйе. Бұл ішкі жүйеге техникалық құралдардың эксплуа-
тациялық жұмысы мен оларды дамытуды ұзақ мерзімдік болжау, 
соның ішінде тасымалдаулар көлемін, линиялардың, жылжыма-
лы құрам паркінің өткізу қабілетін дамытуды жылдық жəне бес 
жылдық жоспарлау кіреді. Тасымалдау процесін басқару – аса 
маңызды АБЖ ішкі жүйесі, оған екі ішкі жүйе кіреді: техникалық 
жəне технологиялық нормалау, тасымалдауларды опера 
тивті 
басқару.
Техникалық жəне технологиялық нормалау – эксплуатация-
лық жұмыстарды реттейтін негізгі нормативтік технологиялық 
құжаттарды: құру жоспарын, пойыздар қозғалысы кестесін, ай-
лық техникалық нормаларды т.б. əзірлеу функцияларын автомат-
тандырушы ішкі жүйе. 
Тасымалдауларды оперативтік басқару – ішкі жүйеде жүкпен, 
вагондармен, құрамдармен, пойыздармен, локомотивтермен, ло-
ко 
мотивтік бригадалармен жүргізілетін технологиялық опера-
цияларды оперативті есепке алу жəне бақылау бойынша функ-
ционалды ішкі жүйе. Мұның үстіне, ішкі жүйеде пайдалану 
ситуацияларын оперативті талдау жəне болжау, ескертуші реттеу 
бойынша шешімдер шығару бойынша функцияларды автомат-
тандыру көзделеді.
Жүк жəне коммерциялық жұмыстарды басқаруға екі функ-
ционалды ішкі жүйе кіреді: тиеу-түсіру операцияларын басқа-
ру, контейнерлік тасымалдауларды басқару. Бірінші ішкі жүйе 
бекеттер мен өнеркəсіптəк кəсіпорындардың подъездік жолда-
рындағы жүк операцияларын есепке алу жəне жоспарлауды 


37
автоматтандыруға арналса, екіншісі контейнерлерді жылжыту 
мен қолдануды бақылау функцияларын автоматтандыру үшін ар-
налған. 
Жолаушылар тасымалын басқару – жолаушылар тасыма-
лын басқару бойынша бүкіл функциялар кешенін, соның ішінде 
құру жоспарын, жолаушылар пойыздары қозғалысының кестесін 
əзірдеуді, жолаушылар билеттерін резервтеу мен сатуды автомат-
тандыру үшін арналған функционалдық ішкі жүйе.
АБЖ функционалды схемасы 1.2-суретте берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет