Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



Pdf көрінісі
бет11/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

Бір бағдарламалық режим
есептеуіш жүйелердің барлық 
ресурстары бір тапсырманы басынан бастап аяқталуына дейін 
шешу үшін қолданылатын кезде орын алады.
Көп бағдарламалық режим
тапсырмалармен параллель жұ-
мыс істеуді немесе екі жəне одан да көп тапсырманы кезектес ті-
руді көздейді.
Пайдаланушыларға қызмет көрсету сипаты бойынша келесі 
режимдерге бөлінеді: жеке пайдалану, пакеттік жəне ұжымдық 
пайдалану.
Жеке пайдалану режимі
қолданылған кезде жүйенің барлық 
ресурстары бір пайдаланушыға ұсынылады.
Пакеттік өңдеу
– пайдаланушы өңдеу барысында оған 
ықпал ете алмайтындай етіп алдын ала жинақталған деректерді 
өңдеу жəне тапсырмаларды орындау. Пакеттік өңдеуді бір бағдар-
ламалық режимде де, көп бағдарламалы режимде де жүргізуге 
болады.
Ұжымдық пайдалану режимі
– бірнеше тəуелсіз пайдала-
нушының есептеуіш жүйелерге бір мезгілде кіруі мүмкін бола- 
тын қызмет көрсету формасы. Сұрау-жауап режиміндегі ұжым -
дық пайдалану жүйенің əрбір пайдаланушының сұрауына үзіліс-
сіз қызмет ететінін білдіреді. Уақытты бөлу режимінде есеп-
теуіш ресурстар түрлі тапсырмаларға (түрлі пайдаланушыларға) 
ретті түрде кванттармен ұсынылады. Уақыт кванты біткеннен 
кейін тапсырма қызмет көрсетуді күту кезегіне қойылады.
Пайдаланушылармен өзара əрекеттестік сипаты бойынша 
диа логтық жəне интерактивтік режимдерде жұмыс істейтін жү-
йе лерге жіктеледі.
Диалогтық режим 
– адам мен жүйе адамның ақпаратты 
өңдеу қарқынына тең қарқынмен ақпарат алмасуы орын алатын 
адамның ақпаратты өңдеу жүйесімен өзара əрекеттестігі режимі.
Интерактивті режим
– ақпараттық жүйені жүзеге асыра -
тын адам мен ақпарат өңдеу процесінің өзара əрекеттестік 
режимі. Осы үрдіске нақты жүйенің басқару механизмімен 


25
көзделетін жəне процестің жауап реакциясын тудыратын ық-
палдар түрлерімен көрсетіледі.
Ақпараттық жүйенің уақытта қызмет ету ерекшеліктері бой-
ынша нақты уақыт режимі (real time processing) – ақпарат өңдеу 
жүйелерінің өздеріне қатысты сыртқы болып табылатын про-
цестермен осы процестердің өту жылдамдығымен бірдей қар-
қынмен өзара əрекеттестігі қамтамасыз етілетін ақпарат өңдеу 
режимі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет