Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


-сурет.  Есептеуіш желілердің байланысу жүйелері 84



Pdf көрінісі
бет23/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

2.2-сурет
Есептеуіш желілердің байланысу жүйелері


84
Есептеуіш желіні құру үшін байланыстың əр түрлі жүйелері 
қолданыла алады (2.2-сурет). Байланыстың түрлі жүйелерінде 
өткізгіштік қабілет əрқалай. Ең жылдам əсер ететіндері – тал-
шықты-оптикалық жəне спутниктік түрлері (2-7 Гбит/с). Теле-
фондық арнаның ең жоғарғы өткізгіштік қабілеті (4-33 Гбит/с). 
Байланыс жүйелері сигнал беру тəсілі бойынша аналогтық неме-
се сандық болып келеді. 
Топология дегеніміз желідегі байланысу элементтерінің кон-
фигурциясы (2.3-сурет). Ол сенімділік жəне нəтижелілік секілді 
қасиеттерді анықтайды. 
Желілер екі топқа бөлінеді: кеңтармақты жəне нəтижелі. Кең-
тармақты желілерде əрбір ДЭЕМ деректер береді, бұлар бас-
қа компьютерлер тарапынан қабылданады. Мұндай конфигу-
ра цияларға жатады: жалпы шина, ағаш, пассивті орталығы бар 
жұлдыз. 
Нəтижелі конфигурацияларда əрбір физикалық деңгей ақпа-
ратты бір ғана ДЭЕМ-ге береді. Оған мынадай конфигурациялар-
ды жатқызады: иерархиялық, сақина, шиналық, активті орталығы 
бар жұлдыз.
2.3-сурет. 
Топология түрлері
Қазіргі уақытта теміржол қатынасының есептеуіш желіле-
рінде ақпарат алмасудың келесі тəсілдері қолданыс табуда: тер-
миналдық бағдарлама, электрондық пошта, ақпараттық-анық-
тамалық жүйе (BBS).
Ақпарат алмасудың салыстырмалы сипаттаулары 2.1-кесте де 
көрсетілген.
Көптеген АБЖ нақты уақыт режимінде жұмыс жасайтын 
жүйелерге жатпайды. Мұндай жағдайда арналар тікелей ДЭЕМ 
басшылығында (on-line) немесе дербес түрде (off-line) жұмыс жа-
сай алады. 


85
2.1-кесте. Ақпарат алмасу тəсілдерінің салыстырмалы сипаты
Көрсеткіш
Ақпарат алмасу тəсілі
Терминал 
бағдар-
ламасы
Электрондық
пошта
ВВS
Жауап беру уақыты
мин.
макс.
РГМ*7 Т 
жүйесі
Даярлық
мин.
макс.
Бақылау
орт.
мин.
макс.
Ақпаратты қорғау
макс.
орт.
мин.
Талаптардың жүзеге 
асырылуы
мин.
орт.
макс.
Құрылу 
қарапайымдылығы
макс.
орт.
мин.
Құны
мин.
орт.
макс.
Қызметкер саны
мин.
орт.
макс.
Басқару тəсілі бойынша желілерді орталықтандырылған жəне 
орталықтандырылмаған басқару желілері деп бөледі. 
Орталықтандырылған басқару жүйесі бар желілерде бір не-
месе бірнеше желі бойынша мəліметтер алмасуын басқаратын 
ДЭЕМ бөлініп шығады. Оларды файл-серверлер (деректер ба-
засы серверлері, SQL-серверлері) деп атайды. Олар желінің бар-
лық қалған компьютерлеріне қол жетімді. Серверлерде арнайы 
желілік операциялық жүйе жұмыс істейді, оның қатысуымен 
басқа автоматтандырылған жұмыс орындары (АЖО) немесе 
жұмыс жасау бекеттері деп аталатын ДЭЕМ арасында өзара бай-
ланыс орнатылады. 
Бір АЖО-нан басқа АЖО-лардың жадыларына өтуге бол-
майды.
Орталықтандырылмаған басқаруды құрамында белгіленген 
серверлері жоқ бір рангты желілерде қолданады. Басқару қызметі 
кезекпен бір АЖО-дан басқасына беріліп отырады. Олар басқа 
АЖО жадыларына еркін қол жетімділікке ие бола алады.
Бұл бөлім аздап шартталған, өйткені тəжірибеде желілердің 


86
іске қосылуы үшін аралас басқару – «клиент–сервер» қолданады. 
Ол теміржол қатынасында басты орын алады. 
МЕО жəне АЕО жолдарының негізгі бағдарламалық-тех ни-
калық кешендері OS/390 ортасында жұмыс жасайтын, IBM 9672 
ЭЕМ моделі болып табылады.
ES/9672 сериялы ЭЕМ-ын IBM компаниясы 1996 жылдан 
бастап шығарады. Олардың құрамында 160–180 MIPS нəтижелі 
жиынтығы бар 10 ға жуық микропроцессорлар болуы мүмкін, ал 
32 ЭЕМ біріктірілуі 5000 MIPS нəтижелі бірегей жүйені алуға 
мүмкіндік береді. Құпиялылықты сақтау үшін əрбір процессор 
криптографиялық қосымша процессормен жабдықталуы тиіс. 
Про 
цессордың жады 4096 Мбайтқа жетуі мүмкін. ESCON-
арналарының 17-Мбайт/с саны 192 жетуі мүмкін, ал парал-
лельдік – 96. Аппаратура енгізу/шығару ішкі жүйесінің конфигу-
рациясын жүйе жұмысын тоқтатпай-ақ өзгерте алады. 
1998 ж. басында IBM S/390-G5 жүйелердің келесі буы-
нын шығарды. S/390-G5 Enterprise Parallel Server топтамасы 16 
жаңа үлгіге ие, олардың нəтижелілігі алдыңғы топтамалармен 
салыстырғанда шамамен екі есеге басым (топтамаға байланы-
сты) түседі. НИЛ арасында ең қуаттысы 12 процессорға ие: 10 
қалыпты жұмыс жасау үшін қолданылса, 2 – ішкі операцияларды 
жəне «ыстық» резервілеуді орындау үшін қолданылады. Жады 24 
Гбайтқа дейін кеңейтілді. Жаңа толық дуплексті арна түрі – 100 
Мбайт/с өнімділікпен жұмыс жасайтын FICON енгізілгенінен 
соң енгізу/шығару жолағы ұлғайды.
1999 жылдан бастап G6 буыны машиналарын жеткізу бастау 
алды, олардың микропроцессорлары 637 МГц тактілік жиілікте 
жұмыс жасайды. Бұл mainframe-ге секундына 1600 млн.нан астам 
операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Жүйенің жады 32 
Гбайт-қа жетуі мүмкін, G5 нəтижелілігі mainframe типіндегі-
лер 
мен салыстырғанда екі еседен де асып түсті. Талшықты 
арналардың (FICON– Fiber Channel Connectivity) көмегімен 100 
Мбайт/с байланыс жылдамдығын ұйымдастыратын құралдар 
бар, Gigabit Ethernet желілік байланысы жəне Parallel Sysplex кла-
стерлеу құралдары да бар. 


87
IBM компаниясы əр 12–18 ай сайын S/390 CMOS-процес-
сорлардың жаңа топтамасын ұсынып отырады. Осы уақыт ара-
лығында енгізу\шығару жəне оперативтік жадының ішкі жүйе-
лері жаңартылып отырады. Мұның барлығы ESA/390 «эталон-
дық» архитектурасының минималды нұсқаларында жүзеге 
асады. 
Желі жұмысының бұзылу мүмкіндігіне байланысты қорға-
ныстың көптеген түрлері үш басты кластарға бөлінеді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет