53
туралы түсінік тұр. Бұл ретте ТКБАЖ бөлігі болып табылатын,
белгілі бір қызмет аспектісі бойынша бөлініп көрсетілетін жүйе
ішкі жүйе деп аталады.
Жекелеген АЖ басқару нысанына (оның қасиеттері мен эле-
менттері) немесе басқарудың ғаламдық функцияларына (жос-
парлау, нормалау, есепке алу, өндірісті материалдық-техникалық,
қаржылық, кадрлік қамтамасыз ету, өндірісті оперативті басқару
т.б.) немесе басқару деңгейіне немесе осы
белгілердің комби-
нациясына бағытталады. Мысалы, тасымалдарды оперативті
басқару АБЖ-ы басқару нысанымен (тасымалдау процесі), бас-
қару функциясымен (оперативті басқару) жəне басқару деңге-
йімен («ҚТЖ» ААҚ, жол, жол бөлімшесі, басқару ауданы, дис-
петчерлік учаске, торап, станция) сипатталады.
ТКБАЖ функционалдық бөлігінде 18 негізгі (ғаламдық)
басқару функциясы жіктеледі, олардың əрқайсысын белгіленген
ішкі жүйе орындайды. ТКБАЖ негізгі функцияларының басым
көпшілігі белгілі бір шаруашылық саласын,
эксплуатациялық
қызметін басқару тапсырылған теміржол көліктің құрылымдық
бөлімшелерінің басқару функцияларына сəйкес келеді.
Функционалды ішкі жүйелердің үш негізгі тобы бар.
Бірінші топқа теміржолдардың эксплуатациялық жұмысына
қатысты функцияларды орындайтын АЖ жатады.
Жоспарлы есептер-темір жол жұмыстарын жоспарлау мен да-
мыту функцияларын жүзеге асыратын ішкі жүйе. Бұл ішкі жүйеге
техникалық құралдардың эксплуатациялық жұмысы мен дамуын
ұзақ мерзімдік болжау, соның ішінде, тасымалдаулар көлемін,
линиялардың өткізу қабілетін,
жылжымалы құрам паркін дамы-
тудың жылдық жəне бес жылдық жоспарлауы жатады.
Тасымалдау үрдісін басқару - аса маңызды функционалдық
ішкі жүйе, оған екі ішкі жүйе кіреді: жоспарлау, техникалық нор-
малау; тасымалдарды оперативті басқару.
Техникалық жəне технологиялық нормалау - эксплуатациялық
жұмысты регламенттейтін негізгі нормативтік технологиялық
құжаттарды: құру жоспарын, пойыздар қозғалыстары кестесін,
айлық техникалық нормаларды т.б. əзірлеу процесін автоматтан-
дыратын ішкі жүйе.
54
Тасымалдарды оперативті басқару - жүктермен, вагондар-
мен, құрамдармен, пойыздармен, локомотивтермен, локомотив-
тік бригадалармен жүргізілетін
технологиялық операцияларды
есепке алу мен бақылаудың функционалды ішкі жүйесі. Мұның
үстіне, ішкі жүйеде оперативті жоспарлауды, есепке алуды,
эксплуатациялық жағдайларды талдау жəне болжауды автомат-
тандыру, ескертуші реттеу бойынша шешімдер шығару көзделеді.
Жүк жəне коммерциялық жұмыстарды басқаруға екі функ-
ционалды ішкі жүйе кіреді: тиеу-түсіру операцияларын басқару,
контейнерлік тасымалдауларды басқару. Бірінші ішкі жүйе бе-
кеттер мен өнеркəсіптік кəсіпорындардың подъездік жолда-
рын
дағы жүк операцияларын есепке алу жəне жоспарлауды
авто
мат
тандыруға арналса, екіншісі
контейнерлерді жылжыту
мен қолдануды бақылау функцияларын автоматтандыру үшін
арналған.
Жолаушылар тасымалын басқару – жолаушылар тасыма-
лын басқару бойынша бүкіл функциялар кешенін, соның ішінде
құру жоспарын, жолаушылар пойыздары қозғалысының кес тесін
əзірлеуді, жолаушылар билеттерін резервтеу мен сатуды автомат-
тандыру үшін арналған функционалдық ішкі жүйе.
Функционалдық ішкі жүйелердің екінші тобы – теміржол
көлігіне тəн функцияларды орындайтын АБЖ:
−
локомотивтік шаруашылық;
−
вагондарды пайдалану жəне жөндеу;
−
энергетика жəне электрмен
қамтамасыз ету құрылғылары;
−
жол, құрылыстар мен құрылғыларды пайдалану жəне жөн-
деу;
−
сигналдау, орталықтандыру, блоктау шаруашылығы;
−
байланыс жəне есептеуіш техника шаруашылығы.
Бұл ішкі жүйелердің негізгі функциялары техникалық құ-
рылғылар мен жылжымалы құрамды ағымдағы ұстау мен жөн-
деуді есепке алу мен жоспарлау болып табылады.
Үшінші топқа салааралық ішкі жүйелер кіреді.
Қаржы қызметін басқару – қаржылық есепке алу, жоспарлау
жəне бөлімшелердің қаржы қызметі туралы жиынтық деректерді
алудың ішкі жүйесі.
55
Автоматтандырылған бухгалтерлік есеп пен есептілік – не-
гіз
гі жəне айналымдық қаражаттарды есепке алумен, қаржы
операцияларымен, бухгалтерлік балансты əзірлеумен, барлық
санаттағы жұмыскерлердің еңбегін есепке алумен жəне жа
ла-
қысын есептеумен айналысатын ішкі жүйе.
Кадрларды басқару –
кадрларды есепке алу, кадрлар қозға-
лысын талдау, сонымен қатар, кадрларға қажеттілікті жоспарлау
мен оларды кəсіби дайындау функциясын орындайтын ішкі жүйе.
Теміржол статистикасын автоматтандырылған түрде құру –
ста тистикалық деректерді жинаумен жəне есептік кезеңде темір-
жол көлігінің қызметін талдаумен қамтамасыз ететін ішкі жүйе.
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді басқару – мате-
риалдық ресурстарды есепке алу жəне бақылау, сонымен қатар,
материалдық қамтамасыз етуді жоспарлау функциясын орындай-
тын ішкі жүйе.
Ғылыми-техникалық ақпаратты автоматты түрде есепке алу,
сақтау жəне қолдану, ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конс-
трук
торлық жұмыстарды басқару теміржол көлігі жұмыс
кер-
лерін ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, со-
нымен қатар, салалық ғылыми-техникалық, жобалық жəне оқу
институттарында жұмыстарды жоспарлау мен есепке алу үшін
арналады.
Теміржол өнеркəсібін басқару –
өндірістік-шаруашылық
қыз
мет туралы ақпаратты автоматты түрде жинау жəне өңдеу
не гізінде өнеркəсіптік кəсіпорындар мен теміржол көлігі сала-
сындағы бірлестіктерді басқару үшін арналған.
Достарыңызбен бөлісу: