12
сақтау үшін жоғары деңгейлі ЭЕМ-ға беріледі. Есептік-реттеуші
ЭЕМ мысалы – «Днепр» жəне М-6000.
Адамның қатысуымен жүзеге асырылатын деректер жинау
жəне тіркеу құралдарына деректерді тікелей жұмыс орнында
(мысалы, цехте, учаскеде, станокда) жинау жəне тіркеу мүм-
кіндігін беретін түрлі өндіріс тіркеушілері, сонымен қатар, (тем-
пература, дайындалған бөлшектер саны, жабдықтың жұмыс
уақыты т.б.) датчиктер орнатылған технологиялық жəне ұйымдық
ырғақтың бұзылуларының (дайындамалардың, құралдардың, ма-
териалдардың болмауы, станоктардың қате жөнделуі, дайын
өнімді жіберу үшін көлік құралдарының болмауы т.б.) фикса-
торлары кіреді. Мысалы, өндірістің типтік тіркеушілері РИ-7501
(цехтік тіркеуші) мен РИ-7401 (қоймалық тіркеуші) болып табы-
лады.
Ақпаратты көрсету құралдары ақпаратты өңдеу нəтиже-
ле рін ыңғайлы практикалық қолдануға болатындай түрде
ұсынуға арналған. Оларға түрлі баспа құрылғылары, жазба ма-
шиналары, терминалдар, табло, график құрастырушы, инди-
каторлар т.б. жатады. Бұл құрылғылар əдетте ЭЕМ-мен неме-
се өндіріс тіркеушілерімен тікелей байланысты болады жəне
реттеуші (регламенттік) не эпизодтық (сұрау бойынша немесе
апаттық жағдайда) анықтамалық, директивалық немесе ескертпе
ақпаратты береді.
Деректер беруші аппаратура АБЖ-ның түрлі элементтері
арасында (өндіріс тіркеушілері мен ЭЕМ арасындағы коорди-
нациялық-басқарушылық орталықтар мен цехтік ЭЕМ арасын-
да, т.б.), АБЖ мен деңгейлердің іргелес басқармалары арасын-
да (мысалы, КАБЖ жəне САБЖ арасында, аумақтық есептік
орталықтары арасында) ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
АБЖ техникалық базасына, сонымен қатар, ұйымдық техни-
калық құралдарды (көшіру-көбейту техникасы, картотекалар, дик-
тофондар, т.б.), сонымен қатар, негізгі техникалық құралдардың
қажетті режимдерде қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
көмекші жəне бақылау-өлшеу құралдарды жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: