Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



Pdf көрінісі
бет9/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

22
1.2.1 Ақпараттық жүйелер
Ақпараттық жүйелердің мақсаты – оператордың тиімді ше-
шім қабылдау үшін дұрыстық деңгейі жоғары ақпаратты алуы. 
Ақ параттық жүйелеріне тəн ерекшелік ЭЕМ-ның ашық басқару 
схемасында жұмыс істеуі болып табылады. Бұл ретте түрлі 
деңгейдегі ақпараттық жүйелер мүмкін болады. 
Ақпараттық жүйелер бір жағынан өндірістік процестің қа-
лып 
ты жүруі туралы, екінші жағынан қалыпты процестен кез 
келген ауытқулар нəтижесінде туындаған жағдайлар туралы есеп 
ұсынуы тиіс. 
Ақпараттық технологияларды жүзеге асыру құралдарына 
əдет те техникалық (аппараттық) құралдар, бағдарламалық құрал-
дар мен аппараттық-бағдарламалық кешендер жатқызылады. 
Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудың ерекше түрі бо-
лып автоматтандырылған ақпараттық жүйелер табылады.
Автоматтандырылған ақпарттық жүйе (ақпараттық 
жүйе)
– ақпараттың енгізілуімен, жіберілуімен, сақталуымен
өң делуімен жəне ұсынылуымен қамтамасыз ететін техникалық 
жəне бағдарламалық құралдар, сонымен қатар, олармен жұмыс 
істейтін пайдаланушылар жиыны.
Ақпараттық жүйенің жіктелуін бес белгі бойынша жүргізуге 
болады: аппараттық құралдарының мақсатты пайдаланылуы, 
құрылымы, жұмыс режимі, қызмет түрі т.б.
Мақсатты пайдаланылуы бойынша ақпараттық жүйелер ақ-
параттық-басқарушылық түрге, шешімдер қабылдау жүйелері, 
ақпараттық-іздеу, ақпараттық-анықтамалық жəне деректерді өң-
деу жүйелері.
Ақпараттық-басқарушылық жүйелер (АБЖ)
– ұйымды, кə-
сіпорынды, саланы т.б. басқару кезінде қажетті ақпаратты жинау 
жəне өңдеу жүйелері. АБЖ маңызды ерекшелігі оларды АБЖ-да 
өңделетін ақпарат негізінде басқарылатын процестер имитация-
сы (модельдеу) механизмдері құрамына енгізу болып табылады.
Шешімдер қабылдауды қолдау жүйелері (ШҚҚЖ) 
адамдар-
дың түрлі қызмет салаларында шешім қабылдау үшін қажетті 
деректерді жинақтау мен талдауға арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет