Басқарылатын процесс сипаты
бойынша Автоматтан
ды-
рылған орталықтандырылған жүйе (АОЖ) үшке бөлінеді:
−
Технологиялық процесс АОЖ. Ол АБЖ құрамына кіреді.
Тех
нологиялық процесс əдетте динамикалық сипатқа ие, ал
басқару оперативті ақпаратты талдаумен байланысты болады;
−
Ұйымдық АОЖ – кəсіпорындардағы АОЖ, банктік, эконо-
микалық жəне қаржы АОЖ;
−
Мамандандырылған технологиялық процесті АОЖ. Бұл жү-
йелер арнайы мақсаттағы жылдам өзгермелі процестерді, атом
реакторларын, ядролық жарылыстарды басқаруға қатысады.
АЖ мобильділігі.
Бұл белгі бойынша бөлініп шығады:
−
Стационарлық АЖ, мұндағы барлық жүйе элементтері
ста ционарлық құрылымдарда орналастырылады;
−
АЖ базасының өзгертілуі, оның барлық элементтері нысан-
21
дарда орналастырылады. Мұндай жүйелер функционалды ұқсас
мақсатқа ие басқа нысанға базасын ауыстыра алады.
−
Екі қозғалмалы нысанға орналастырылатын жылжымалы
жүйелер.
Иерархиялық белгі.
Иерархиялылық тұрғыдан бөлінеді: бір
деңгейлі (орталықтандырылған), көпдеңгейлі (иерархиялық).
Өткізу қабілеті.
АОЖ өткізу қабілеті дегеніміз қойылған
мақсатқа қол жеткізуге бағытталған уақыт бірлігінде орындалған
есептеу жұмыстарының жалпы көлемі. Өткізу қабілеті жағынан
жүйелерді үш топқа бөледі:
−
Өткізу қабілеті төмен жүйелер. Олар секундына 10
5
Кбайт
операция өңдейді.
−
Өткізу қабілеті орташа жүйелер. Секундына 10
5
–10
6
Кбайт
операция өңдейді.
−
Өткізу қабілеті жоғары жүйелер. Жұмыс өнімділігі секун-
дына 10
6
Кбайт.
−
Сериялық қабілеттілік.
АЖ-ны сериялық қабілеті бойынша жіктеу кезінде жабдық-
талатын нысандардың сəйкестік дəрежесі мен өндіріске жүйе-
лерді ендіру мүмкіндіктерін ескерген жөн. Олар төмендегідей
жіктеледі:
−
Бір данада өндірілетін бірегей жүйелер. Мысалы, салалық
АОЖ.
−
Аз сериялық жүйелер. Аудандық энергетикалық нысандар-
ды басқару АОЖ.
−
Көп сериялы жүйелер.
−
Автоматтандыру дəрежесі.
Автоматтандыру дəрежесі бойынша жүйенің 2 сыныбын
қарастыру қабылданған:
−
Ақпаратты жинау, өңдеу, талдау, сақтау жəне беру бойын-
ша барлық процестер адамның қатысуынсыз автоматты түрде
жүзеге асырылатын автоматты жүйелер. Адамның атқаратын
рөлі – басқару процесі барысын қадағалау жəне техниканың тех-
ника лық жағдайын бақылау.
−
Тапсырмалардың бір бөлігі ЭЕМ арқылы автоматты түрде
шешілсе, бір бөлігі адамның қатысуымен шешіледі. Адам интел-
лектуалды талдау жолымен анықталатын функцияларды шешеді.
|