Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


3.3.6 Жергілікті жұмысты оперативті басқаруды



Pdf көрінісі
бет59/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

182
3.3.6 Жергілікті жұмысты оперативті басқаруды 
автоматтандыру 
Теміржол бөлімшелері полигондарындағы жергілікті жұмыс-
ты басқару орталықтары (ЖЖБО) тасымалдауды басқару жү йе -
лерін реформалау бағдарламасына сəйкес құрылады жəне үш 
деңгейлі темір жол ТБО-ДБО-ЖЖБО жүйесіндегі төменгі тех-
нологиялық құрылымдық бөлімше болып табылады. ЖЖБО 
аймақтық түрде жол бөлімдерінде орналасады. Ақпараттық жа-
ғынан ЖЖБО темір жолмен, станцияның оперативті қызметкері-
мен жəне жол бөлігінің инфрақұрылымы шаруашылығымен бай-
ланысты. 
Жекелей алғанда, ЖЖБО жергілікті жұмысты басқару дирек-
циясының құрамына қосылады. Олар темір жол бөлімшесінің 
тасымалдау бөлімінің базасында ұйымдастырылады. Дирекция-
ның басты міндеті бөлімше полигонында ЖЖБО қолдану арқылы 
жергілікті қызметті оперативті басқару болып табылады.
Өз қызмет жолында ЖЖБО республиканың заңдарын, темір 
жол басшысы бекіткен көрсетпелерін, инструкциялар мен басқа 
нормативті актілерді басшылыққа алады.
ЖЖБО аппараты оперативті жұмыс бойынша тасымалдау 
бөлімінің басшысының орынбасары болып табылатын ЖЖБО 
бас шысынан жəне төмендегідей диспетчерлік қызметкерлерден 
тұра ды:
- ЖЖБО аға диспетчері;
- ауысым басшысы бөлімі бойынша кезекші;
- желілік аймақтардың жергілікті қызметін ұйымдастыратын 
диспетчер;
- вагон бөлу қызметінің жергілікті жұмысын ұйымдастыратын 
диспетчерден (ДНЦМ).
Жергілікті қызметті басқару жол АБО өзара ықпалдастығын-
да жүзеге асырылады. ЖЖБО басқару полигоны ЖЖБО дис-
петчерлерін басқару аймақтары болып табылады. Ол желілік 
аумақтар жиынтығы ретінде өз шекараларындағы теміржол 


183
бөлім дерін есепке алады. Əрбір желілік район бір ірі техника-
лық бекетке ие, ол район бекетіндегі жергілікті пойыздардың 
құрылуын жүзеге асырады. Мұндай ірі жүк жəне аралық бе кет-
терінде үнемі аталған демеуші бекеттердің жүк фронттарына 
қызмет көрсететін, сондай-ақ жергілікті жүкті бекітілген аралық 
бекеттерге ары қарай жеткізетін маневрлік локомотивтер дисло-
кацияланады. 
Тасымалдау процесін ЖЖБО сапалы түрде басқаруы үшін 
ғылыми-техникалық орталықпен бірігіп ЖЖ АБЖ жергілікті 
қыз меті ұйым дық жүйесінің жаңа автоматтандырылған ақпарат-
тық-бас қару жүйесін енгізеді.
Желілік аудандарды автоматты басқару жүйесінің (ЖЖ АБЖ) 
динамикалық модельдерінде базаланатын жүйенің функцио нал-
дық құрамы бөлімнің жергілікті жұмысын басқарудың опера тивті 
процесінің барлық құрамдас бөліктерін қамтуға бағытталған 
(3.15 сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет