194
−
Клиенттер базасынан таңдалғандарды айналып өту үшін
автокөлік маршруттарын автоматты таңдау;
−
Автокөліктегі клиенттер мен маршруттар туралы ақпараты
бар карталардың көріністерін құ жаттау;
−
Базадан алынған клиенттер бойынша кез келген түрдегі
есеп беру құжаттарын құру (тізімдер, ақпараттық хаттар, мекен
жай жапсырмалары жəне т.б.).
Көліктік желі моделін ұйымдастырудың əртүрлі стандартта-
ры бар. Geographic Data Files (GDF) стандарты көшелік, жолдық
желінің негізгі деректер базасын сипаттайды. GDF жол желісін
сипаттайтын бірыңғай, қолайлы модель арқасында ақпаратты
қолдану мен өңдеуді жеңілдету үшін құрылған болатын. Стан-
дарт тұтынушыларға өздерінің ақпараттық қажеттіліктерін нақ-
ты анықтауға, ал жасаушыларға нақты жасалынған ережелер
негізінде жүйе құруға мүмкіндік береді.
Граф түрінде шынайы көше-жол желісін көрсетудегі бас ты
проблема көліктік желі графасының объектілерін таңдау болып
табылады. Бұл жағдайда бағдарланған графтар қол
данылады.
Осы проблеманы шешудің үш жолы бар:
- граф төбелері жолдардың түйіскен жерлерін көрсетсе, ба-
ғандары – көшелерді білдіреді;
- төбелерге жол бөліктері жатады, ал бағандарға – осы бө-
ліктердің арасындағы байланыс;
- граф төбешіктері қозғалыс бағытының мүмкін болған өзге-
рістерін көрсетеді, ал бағандар – жіберілетін бағыттарды.
Достарыңызбен бөлісу: