190
Есепке алу мен талдау жүк тасымалдау процесінде
ғана емес,
жаңа объектілердегі болуы мүмкін жағдайларды үйренуге де
қажетті болып табылады. Бұл үшін тиісті қызметкер тарапынан
келесі жұмыстар орындалады:
−
клиентура, жүк ағымы мен тасымалдау жағдайын үйрену;
−
жүк бар-жоқтығы балансының негізінде клиентурадағы
мүмкін болған тасымалдау көлемін, мүмкіндіктерін жəне объек-
тінің техникалық
қамтамасыздандырылуын анықтау;
−
ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы əдістерін қолдану мүм-
кіндіктерін жəне тасымалдау процесінің жетілдірілген техноло-
гиясын үйрену;
−
тасымалдауды бақылау жəне реттеудің прогрессивті əдіс-
терін анықтау;
−
берілген объектідегі көлік жұмысын оперативті есепке алу-
дың прогрессивті əдістерін жəне шынайы ақпараттың берілуін
анықтау;
−
берілген объектідегі терминалда перифериялық құралдар
мен сұқбат терезесін қолдану мүмкіндігін зерттеу;
−
белгілі мерзімде ЭЕМ жұмысындағы
тұрып қалу жағдайында
ақпарат беру жүйесін резервілеу жүйесін анықтау ;
−
маршруттардағы жүрістер мен барыстардың санын (жыл-
жымалы құрам бірлігіне қатысты алғанда) анықтау;
−
жұмыстың орындалу ұзақтығын жəне т.б. анықтау.
Бұл көрсеткіштер недəуір қарапайым критерийлік қызметтерді
құрайды, сол ретте мыналар жиі қолданылады:
- тасымалданатын жүк санын максимизациялау;
- тапсырылған тасымалды орындау үшін қолданылатын кө-
ліктер
санын минимизациялау;
- суммарлық көлік жұмысын минимизациялау;
- жалпы аралықтарды минимизациялау.
Тиімділеу критерийлерінің жалпы көрінісі 3.17-суретте бе-
рілген.
Көп критерийлі қаулыларды қолдану кезінде критерийлердің
өзара жақындығы мен өлшемдестігі (компромисс) сауалы ту-
ындайды. Басқаруды тиімділеу мəселелерін шешу əдістері екі
түрге: нақты жəне жақын түрлерге бөлінетіндігін атап өту қажет.
( 3.18- сурет).