208
Маңғышлақ аймағындағы уран өнеркəсібі мен мұнай кен
орын дарының өнімдерін тасымалдау үшін 1963 жылы Ақтау пор-
ты салынды.
Кейінірек порт БН-350 атом электр бекетін, химия саласының
зауыттары мен тікелей Ақтау қаласының
өзінің құрылысын салу-
да маңызды рөл атқарды.
Портты құру бас жəне қосалқы толқын тосқыларды жəне со-
нымен бір мезгілде төрт құрғақ жүк айлақтарын салудан бастал-
ды. 1969-1986 жылдары төрт мұнай құю айлақтары мен паром
кешені салынды. КСРО-да Ақтау порты арқылы тасымалдар-
дың көп бөлігі мұнай (80-жылдардың басында жылына 7 млн.
тоннаға дейін) болатын, құрғақ жүк тасымалдау жылына 300
мың тоннаға жетті. Кеңестер Одағының тарауына байланысты
тасымалдар көлемі барынша қысқарды. 1995
жылы Қазақстан
металын қарқынды экспорттауға жəне «Теңізшевройл» (ТШО)
бірлескен кəсіпорны өндіретін мұнайды теңіз арқылы тасымалдау
көлемінің ұлғаюына байланысты тасымалдау көлемі өсе бастады.
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық
мем лекеттік кəсіпорны Қазақстан Республикасы үкіметінің
26.03.1996 жылғы №356 «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты»
акцио нерлік қоғамының мəселелері» Қаулысына жəне 23.04.1997
жылғы №644 «Ақтау теңіз сауда порты» Республикалық мем-
лекеттік кəсіпорнының мəселелері туралы» Қаулысына сəйкес
акционерлік қоғамның негізінде құрылды. Порт ҚР Үкіметінің
25.06.1996 жылғы №790 «Республикалық мемлекеттік кəсіпо-
рындардың тізімдемесі туралы» (шаруашылық жүргізу құқы-
ғындағы) Қаулысының негізінде Республикалық мемлекеттік
кəсіпорындардың тізімдемесіне енгізілген. «АХТСП»РМК ҚР
Əділет Министрлігі Маңғыстау əділет басқармасында 11.10.1996
жылы
тіркелген, куəлігі №513-1943-ГП.
Ақтау теңіз портын қайта жаңғырту. 1999 жыл порт өмірінде
бетбұрысты жəне айрықша мəнді жыл болды. Қуаттарды жаңарту
жобалары жүзеге асырылды. Порт инфрақұрылымы мен басқару
құрылымдары жақсартылды. Қазақстан Үкіметі Еуропалық
Қайта құру жəне Дамыту Банкімен (ЕҚҚжДБ)
бірлесіп бөлінген
несиеге 1997-1999 жылдары портты түбегейлі дамыту жəне қайта
құру бағдарламасын жүзеге асырды (74 млн. АҚШ доллары).
209
1999 жылы портты қайта құрудың бірінші кезеңі аяқталды.
Ақтау портын қайта құрудың аяқталу салтанатына Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев қатысты. Қайта
құрудан кейін порттың тиеу-түсіру кешенінің құрғақ жүктерге
қызмет көрсету мүмкіндіктері мұнайды ауыстырып тиеудің жы-
лына 8,0 млн. тонна қазіргі мүмкіндіктерін
сақтай отырып, жы-
лына 1,55 млн. тоннаға дейін жеткізілді. Қайта құрудан кейін
Ақтау порты дүниежүзінің көптеген елдеріндегі порттардағыдай
көпмақсатты терминалға айналды, оның жұмысы бір минутқа да
тоқтамайды.
Достарыңызбен бөлісу: