Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Кішкентай балалардың мінсіздігі



Pdf көрінісі
бет11/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Кішкентай балалардың мінсіздігі 
Сәби болған кездеріңізде сіздер қандай мінсіз едіңіздер! Балаларға мінсіз болу 
үшін ештеңе істеудің қажеті жоқ. Олар мінсіздіктің өзі. Және де біледі, олар – 
Жаратылыс аясы. Олар нені керек етсе соны сұраудан қорықпайды. Өздерінің 
эмоциясын еркін білдіреді. Сәби ренжіген кезде, бұл туралы көршілердің бәрінің 


10 
білетінін сіз білесіз. Сондай-ақ сіз сәби шаттанған кезде оның күлкісі бүкіл дүниені 
нұрға бөлейтінін де білесіз. Балалар махаббатқа толы. Кішкентай балалар махаббаттың 
жоқтығына төзе алмайды. Өсе келе, біз махаббатсыз өмір сүруді үйренеміз. Сондай-ақ 
балалар денесінің әрбір бөлшегін жақсы көреді, тіпті өзінің қалдығын да.
Сіздер де сондай болғансыздар! Ал сосын сол уақытқа дейін қорқуға үйреніп 
алған үлкендерді тыңдай бастадыңыздар, сөйтіп сіздер біртіндеп өз мінсіздіктерімізді 
жоққа шығара бастадыңыздар.
Айна алдындағы жаттығу 
Мен пациентімнен айнаны алып, өз көзіне қарауды, және есімін атап, «Мен сені 
жақсы көремін және сен қандай болсаң да сол күйіңде қабылдаймын»,-деп айтуды 
өтінемін. Бұл кейбіреулер үшін мүмкін емес! Адамдардың қалай әртүрлі қарайтынын 
мен көріп отырамын – кейбіреулері жылай бастайды, екіншісі ашуланады, ал үшіншісі 
ешқашан бұлай істей алмайтынын мәлімдейді: менің бір пациентім айнаны маған 
лақтырып, қашып кетті. Оған айналып келгенде жағымсыз эмоцияға берілмей өзін 
айнадан көру үшін бірнеше ай қажет болды. 
Біздің ойымыздағыдай елестеткен «проблеманың» нағыз проблема болып 
шығуы сирек кездеседі 
Мысалы, артық салмақты алайық. Адамдар жылдар бойы артық салмақпен
күреседі, бірақ бәрібір семіз күйінде қалады. Сонда олар өмірлеріндегі барлық 
проблема – олардың толықтығынан деп айта бастайды. Артық салмақ – тереңірек ішкі
проблеманың сыртқы көрінісі. Менің пікірімше, - бұл әрқашан да қорқыныш пен 
қорғанысқа деген қажеттілік. Біз қорқыныш пен өзімізге сенімсіздікті сезінген кезде біз 
соншалықты «жақсы» емеспіз деп ойлаймыз, көбіміз біздің ағзамызда қорғаныс
қызметін атқаратын майлармен қапталамыз. 
Семіз болғаның үшін үнемі өзіңді тұқырту, артық желінген кесіктер үшін 
өзіңді кінәлі сезіну – уақытты босқа өткізу. 20 жыл өткеннен кейін де сіз семіз 
боласыз, өйткені сіз нағыз проблемаға тіпті де маңайлаған жоқсыз. Сондықтан мен
жеке өз басым әртүрлі диеталардан бас тартамын. Диета көмектеспейді. Жалғыз 
ғана ұсынысым - бұл жаман ойлар диетасы. Менің клиенттерім семіз болғандықтан
өздерін жақсы көрмейміз деп айтады. Ал, мен түсіндіремін: олар өздерін жақсы
көрмегендіктен семіз. 
Біз өзімізді жақсы көріп, құрметтей бастаған кезде барлығы да автоматты
түрде ғайып болады… 
Нағыз проблема 
Сонымен зиянсыз, құртақандай айнаға қарайды да, пациенттің көңілі
бұзылады. Мен масаттанып күліп: «Тамаша, енді біз нағыз проблеманы көреміз» 
деймін. Мен онымен өзіңе деген махаббаттың маңыздылығы туралы қажеттілікпен 
әңгімелесемін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет