14
Менде қажетті мұғалім, кітап, класс т.б. жоқ;
Менің дәрігерім басқаша айтады;
Бұл олардың кінәсі;
Бірінші олар өзгеруі керек.
Олар түсінбейді.
Бұл менің пікірлеріме, дініме, философияма қарсы.
Біз өзіміз туралы ойлаймыз:
Тым кәрімін;
Тым жаспын;
Тым семізбін;
Тым арықпын;
Тым ұзынмын;
Тым кішкентаймын;
Тым жалқаумын;
Тым күштімін;
Тым ақымақпын;
Тым кедеймін;
Тым сабырлымын;
Мүмкін мұның бәрі мен үшін емес.
Біздегі ең үлкен қарсылық қорыққандықтан пайда болады – БЕЛГІСІЗДІК
АЛДЫНДАҒЫ ҚОРҚЫНЫШ. Тыңдаңыз:
*Мен дайын емеспін;
*Менен ештеңе шықпайды;
*Ал көршілерім не дейді?
*Менің «құрт толы банкіні» ашқым келмейді;
*Ал менің ата-анамның (күйеуімнің, әйелімнің, әжемнің, т.б.) реакциясы қалай
болады?
*Мен өте аз білемін;
*Егер мен өзімнің жанымды ауыртсам не болады?
*Менің проблемаларым туралы өзгелердің білгенін қаламаймын;
*Мен бұл туралы айтқым келмейді;
*Тым қиын;
*Маған ақша жетпейді;
*Мен өзімнің достарымды жоғалтамын;
*Мен ешкімге сенбеймін;
*Мен бұған сай боларлықтай жақсы емеспін.
Бұл тізімнің түпсіз жалғаса беруі мүмкін.
Менің бір әйел клиентім үш автомобиль апатына ұшырады, жұлынын, мойнын
үзді және тізесін сындырды. Ол маған келе жатқанда жолда соғысып, оның үстіне көлік
тығынында тұрып қалып, соның кесірінен кешікті. Маған өзінің проблемасын айту оған
жеңіл тиді, оған: «Бір минут тоқтай тұрыңыз, менің сізге бірдеңе айтқым келеді»
дегенде, міне, сол кезде басталды. Көзілдірігі мазасын алды, ол басқа орындыққа
отырды, сосын оған дәретханаға бару қажет болды. Қабылдаудың соңына дейін оның
көңілін тоқтату мүмкін болмады. Соңынан мен оның апайының да екі рет мойнын үзіп
алғанын, сондай-ақ олардың шешесінің де мойнын үзіп алғанын білдім.
Достарыңызбен бөлісу: